СалықТЫҢ пайда болуының негізгі экономикалық МӘні


САЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ



бет2/9
Дата08.02.2022
өлшемі302 Kb.
#118859
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kurs 2505 (1)
Документ, Документ, Документ
1. САЛЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

    1. Салықтың ұғымы және оның әлеуметтік – экономикалық мәні

Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.


Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жузеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады.
Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі коғамның экономикалық кұрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, жетілдірілді, мемлекеттің қажттіліктері мен сұрау салуына бейімделді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Бұл К.Маркске сол кездегі капиталистік қоғам салықтарының мәнін былайша білдіруге негіздеме берді: «Салық - бұл меншікпен, отбасымен, тәртіппен және дінмен қатар бесінші кұдай»; одан әрі: «Салықтарда мемлекеттің экономикалық тұрғыдан айтылған өмір сүруі жүзеге асады». Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкои салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, -деп жазылған.
Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды «өшіруді» және экономикалық субъектілер қызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді.
Мемлекет қаншама ғасыр өмір сүрсе, салықтар соншама ғасыр өмір сүреді және мемлекет соншама оңтайлы салық салудың кағидаттары мен әдістерін, яғни салық төлеушілер салық төлеу үшін, ал қазына көптен-көп кіріс алу үшін салық жинауды қалай ұйымдастыру керектігін іздестірді.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:

  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты;

  2. «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

Бірінші жағдайда салық субъектілері салықтарды мемлекеттен алатын пайдаларға үйлесімді түрде төлеуі тиіс, яғни кімде-кім едәуір пайда алған болса, осы пайданы жасауды қаржыландыруға қажетті салықтар төлеуі тиіс деп топшыланады. Мысалы, кім жақсы жолдарды пайдаланғысы келсе, ол бұл жолдарды қолдап, ұстауға жұмсалынған шығындарды төлеуі тиіс.
Сонымен бірге бұл тұжырымдаманы жалпылама қолдану белгілі бір қиыншылықтармен байланысты: мемлекеттің ұлттық қорғанысқа, ақысыз денсаулыққа, білім беруге және т.б. жұмсаған шығындарынан әрбір салық төлеуші іс жүзінде қандай жеке пайда және қандай мөлшерде алатынын дәл анықтау мүмкін емес. Оның үстіне бұл тұжырымдамаға ілессек, онда тұрмысы төмендерге, жұмыссыздарға олардың жәрдемақыларын төлеуді қаржыландыру үшін салық салу қажет болар еді, бұлай етудің
мағынасы болмайды.
Екінші қағидатқа сәйкес «қайыр көрсету» субъектілер үшін қолайлы болатындай етіп оларға салық салынуы тиіс, яғни салық ауыртпалығы нақты табыс пен әл-ауқатқа байланысты болуы тиіс. Бұл қағидат мынаны білдіреді: жоғары табыстары бар жекелеген адамдар, кәсіпкерлер және кәсіпорындар табыстары аздарға қарағанда абсолюттік, сондай-ақ салыстырмалы тұлғалауда неғұрлым жоғары салықтар төлейді. Сөйтіп, салықтарға ұшырататын табыстар алу кезіндегі нұқсанды теңгеру үшін алынатын табыстардың мөлшеріне сәйкес салықтардың бөліну мүмкіндігі қарастырылады, яғни бұл тұжырымдамаға сәйкес заңи және жеке тұлғалар алынған табыстың тура мөлшеріне қарай салықтар төлеулері тиіс. Сән-салтанат заттарына жұмсалатын қажетті шығыстардан төленетін салық пен ең қажетті заттарға жұмсалатын болжамды шығыстардан ұсталатын салықтың арасында айырма болатындықтан, әрине, бұл тұжырымдама үлкен ұтымдылығымен және әділдігімен ерекшеленеді.
Алайда бұл тұжырымдаманы да енгізгенде іс жүзінде ең алдымен тұлғаның салықтарды төлеу мүмкіндігін өлшеуге қатаң ғылыми тәсілдеменің жоқтығына байланысты белгілі бір проблемалар пайда болады. Тек орташа тұтынушы ғана әрқашан ұтымды іс-әрекет ететіндігі анық, яғни бірінші кезекте өзінің табыстарын ең қажетті тауарлар мен қызметтерге, тек сонан кейін онша маңызды емес игіліктерге жұмсайды.
Срнымен бірге табыс салығының жоғары мөлшерлемесі кезінде (50%-дан жоғары) жалпы фирмалар мен халықтың іскерлік белсенділігі шұғыл төмендейтіндігі белгілі. Мұны профессор А.Лаффер бас болып американ экономистері теория жүзінде дәлелдеуге тырысын бақты. А.Лаффер бюджетке түсетін салықтар сомасының табыс салығының мөлшерлемелеріне тәуелділігін анықтады («Лаффер нәтижесі» деп аталады).
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Шотланд экономисі және философы А.Смит кез келген экономикалық жүйеге қажет салық салудың төрт негіз қалаушы (классикалық болған) қағидаттарын тұжырымдаған еді, олар мынаған саяды:

  1. салық салу төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты);

  2. салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және
    дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты);

  3. әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (колайльшық қағидаты);

  4. салықты алудын шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).

Бұдан басқа, салықты төлеудің тәсілі салық төлеушінің ұғуы үшін түсінікті болуы тиіс, ал салық объектісінің қос салық салудан қорғанышы болуы тиіс.
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық -зомбылықты жоқ етті, бұл үдеріске реттемелеуді енгізді және А.Смитке «салықтар - оларды төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары нақтыланды, толықтырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет