СалықТЫҢ пайда болуының негізгі экономикалық МӘні



бет8/9
Дата08.02.2022
өлшемі302 Kb.
#118859
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
kurs 2505 (1)
Документ, Документ, Документ
Қорытынды

Қорыта келгенде, салықтар көптеген елдерде әр түрлі аталғанымен, кейде оларға салық салу және алыну жолдары ұқсас болып келеді. Салық төлеуші ретінде салық төлеу жауапкершілігі жүктелген занды және жеке тұлғалар танылса, ал салық салу объектілері болып салық төлеушінің есепті кезеңде алған табыстары, тауарлары, мүліктері, көлік құралдары, пайдасы және тағы да басқалар табылады. Салық акшалай және заттай түрде әділеттілік, тендік және тұрақтылық тәрізді салық салу принциптері негізінде құрылған салық ставкаларын қолдану арқылы алынады. Салық ставкалары тұрақты немесе пайыз түрінде тағайындалады. Пайыздық ставкалар үйлесімді, үдемелі және кемімелі болып бөлінеді. Ал салық жеңілдіктері сол мемлекеттің қазыналық


саясатының бағыттары мен бағдарламаларын ескере отырып жүзеге асырылады.
Сонымен қатар салыц алудың мынадай негізгі тәсілдері бар:

  • төлем көзінен, яғни салық табыс алынған кезде ұсталып қалады;

  • декларация негізінде, яғни салық салық төлеушінің декларацияда көрсеткен табыстары, шегерімдері мен жеңілдіктерін ескере отырып, анықталады;

  • кадастр бойынша (салық салу объектілерін тіркеу арқылы, одан түсетін табыстың нақты мөлшеріне байланыссыз алынады).

Ал енді көптеген елдерде қолданылатын салықтарға жататындарды атап өтетін болсақ:

  • жеке тұлғалардың табысына салынатын салық, кейбір мемлекеттерде азаматтардың табыстарына салынатын салық деп аталады;

  • заңды тұлғалардың табысына (пайдасына) салынатын салық (корпорациялық салық деп те аталады);

  • мұра мен сыйға салынатын салық;

  • қосылған құнға салынатын салық;

  • тұтыну салығы;

  • әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын жарналар;

  • айналымға салынатын салық;

  • мүлік салығы;

  • жер салығы;

  • көлік салығы және басқа да.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет