Салтым – асыл қазынам Мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі107,38 Kb.
#6140
Салтым – асыл қазынам

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет – ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың

бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету;

Ата-аналармен тығыз байланыс жасау арқылы ортақ тәрбиеге жұмылдыру.

Көрнекілігі: Суреттер, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, ұлттық бұйым көрмелері.

Музыкалық сәлем: Күйшілер тобы. «Тойбастар»


1 жүргізуші: Ата-салтым – асыл мұрам, ардағым,

Бабалардың жалғастырар арманын.

Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,

Өткенімді бүгініммен жалғадым.



2 жүргізуші: Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,

Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.

Салт-дәстүрді ардақтайық ағайын

Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

Жиналыппыз, сәтті күні бәріміз де,

Үлкен, кіші, жасымыз, кәріміз де.

Төрлетіңіз , қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.



1 жүргізуші: Өнерлі халық – өміршең халық, қазақтың әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне бағытталған. «Салт-дәстүр-асыл қазына» атты тәрбие сағатын бастаймыз.

Музыкалық сәлем: (Қазақы дастарханым). Хор

Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын салт-дәстүрлер туралы қысқаша мәлімет беріп кетсек.

Отбасы, тұрмыс дәстүрі

Еңбек дәстүрі



Отау көтеру дәстүрі

Қазақ халқының салт-дәстүрлері

Наурыз дәстүрі




Ислам тағылымы

Тәрбие дәстүрі




Қаза ғұрыптары

Салт дәстүрлерінің ішіндегі бала тәрбиесіне байланысты тәрбие дәстүріне тоқталсақ.



2 жүргізуші: Тәрбие дәстүрі.

Салт – әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс – тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптар тұғырының негізі. Қазақтың бірнеше салттарын атап өтсек.

Шілдехана (салт)

Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-сауық той.

Кіндік кесер (салт)

Нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер (Кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс.

Бесікке салу (салт)

Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, қуатты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Қырқынан шығару (салт)

Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. Ол сәбидің жан жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан.

Тұсау кесер (салт)

Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып.
Ғұрып

Қазақтың өмір салты, өрен салты т.б. қолдану мен дәріптеуді ғұрып дейміз.



1 жүргізуші:

Дәстүр - халықтың атадан балаға көшіп, жалғасып және дамып отыратын кәсіптік, салт-сана, әдет-ғұрып, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекеттер көрінісі. Қазақтың бірнеше дәстүрлерін атап өтсек.

Тыштырма (дәстүр)

Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегітұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тыштыма, тыштыма» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды.

Базарлық (дәстүр)

Алыс сапарға шыққан адамдардың жақындарына (жерлес, көрші – көлем, жас балаларға, сыйлас адамдарына) әкелген сыйлығы.

Байғазы (дәстүр)

Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сый.

Тілашар (дәстүр)

Баласы 7 жасқа толған балаға жаңа киім кигізіп, оқу жабдықтарын дайындап, шағын той өткізеді. Мұны «тілашар» тойы деп атайды.

Жеті ата (дәстүр)

Халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген. Олай болса жет ата: Бала, Әке, Ата, Арғы ата, Баба, Түп ата, Тек ата.

Асату (дәстүр)

Ет желініп болған соң төрде отырған ақсақал, табақта қалған етті жас балалар мен жігіттерге асатады.


Би. «Қара жорға»

2 жүргізуші: Шашу, шашу, шашайық,

Ақ сандықты ашайық.

Бұл мереке, бұл тойда

Керемет рәсім жасайық!



Бала: Сүйінші, Сүйінші дүниеге сәби келді!

Әжелер: Ой айналайын балам, бұл қуанышты хабар ғой. Сүйінші сұрау – шын қуаныштың белгісі. Қазақ сүйіншіден нені аяған. Мінекей сүйіншіңді ала ғой.

Бала: Рахмет.

2 -жүргізуші: Балаға қандай ат қойсақ болады екен? Қане қазақтың ғұрыптарының бірі «Ат қою» рәсіміне кезек берейік.

Әжелер: Иә, ата-бабамыз балаға ізгі оймен, таза ниетпен есім беруде үлкен мән берген. Сондықтан «Ат қою» рәсімін үлкендердің жолын қусын деп, аталарымыздың жолын қусын деп, ауылымыздың ақсақалына жолдайық.
Азан шақырылып,ат қойылады.

Балаға «Ат қою » рәсімі жасалады.


2 –жүргізуші:Енді дүниеге келген баланы бесікке салуға әжелеріміз де дайын сияқты.Қызықты үзбей «Бесікке салу» рәсіміне кезек берген дұрыс сияқты
Әжелер: «Бесікке салу »рәсімін жасайды.

Ән: «Шілдехана»

Мұғалім: Бүгінгі кешіміз қызықты өту үшін келесі кезекті ойынға берейік. Мына қоржында асықтар салынған. Ол асықтардың бетінде сан жазылған. Қоржынна кез-келген бір асықты аласыздар. Шыққан сол санға байланысты сұрақ қоямыз. Кім көп жауап береді екен? Олар құпия асықтар.

1-сұрақ

Он атаны таратып беріңіз

(Әке, Бала,Немере,Шөбере,Шөпшек,Немене,Туажат, Жегжат, Жұрағат,Жамағат)



2-сұрақ

Үш алыс

(Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын)



3-сұрақ

Үш биді атаңыз

(Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)



4-сұрақ

Үш жүзді атаңыз

(Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)



5-сұрақ

Үш байлық

(Денсаулық, ақ жаулық, он саулық)



6-сұрақ

Үш тәтті

(Жан тәтті, мал тәтті, жар тәтті)



7-сұрақ

Төрт қонақ

(Арнайы қонақ, құдайы қонақ, қыдырма қонақ, қылғыма қонақ)



8-сұрақ

Төрт қымбат не?

Алтын ұяң Отан қымбат,

Құт – береке атаң қымбат.

Мейірімді анаң қымбат,

Бәрінен де ұят пенен ар қымбат.

9-сұрақ

Бес дұшпан

(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)



10-сұрақ

Бес асыл

(Талап, еңбек терең ой, қанағат, рақым)



11-сұрақ

Бес байлық

Бірінші байлық – денсаулық,

Екінші байлық – еркіндік.

Үшінші байлық – тіл байлық.

Төртінші байлық – қайрат-күш, ақ жаулық

Бесінші байлық – балаңыз.



12-сұрақ

Бес қаруға нелер жатады?

(Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта)



13-сұрақ

Алты қиынды ата

Арадан шыққан жау қиын.

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын

Жазылмаған дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын,

Не істеріңді біле алмай,

Ашиды сонда бас миың.



2 -жүргізуші: Ата дәстүр абырой көтергенге,

О,бұл сөздер сүйектен өтер демде!

Тоқталамыз енді біз, ал халайық,

Қанатты сөз, мақал мен мәтелдерге.



1 -жүргізуші: «Сөздің көркі - мақал» деген ұғым бар. Біздің ойынымыз қыза түскен тәрізді. Мақалдап сөйлеу жарысына да кезек берейік. Қане, екі жақтан жарысқа кім шығады?

Екі оқушы ортаға шығады?

  • Ассалаумағалейкүм, қарсыласым. «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал сәлем береді » деген, сәлем беруге келдім.

  • Амансың ба, достым? «Қуыс үйден құр шықпа» деген, тізеңді бүгіп дәм ауыз ти.

  • «Сыйлап берген су сатып алған балдан артық» дегендей жайғассақ жайғасайық.

  • «Сыйға сый, сыраға бал» демекші өткенде өздеріңізге риза болып қайттық қой.

  • «Аз да бітер, көп те бітер, татулыққа не жетер» демекші татулық пен ауызбірлікке не жетсін.

  • «Төртеу түгел болса алар, алтау ала болса алдырар» деген ғой, о не дегеніңіз.

  • «Бірлік түбі - тірлік» деген ғой бабаларымыз, бірлік болсын.

  • «Биік төбеге шықсаң көзің ашылады, жақсымен сөйлессең көңілің ашылады» дегендей көңіліміз марқайып қалды ғой.

  • «Әңгіме әңгіме дегізер, әңгіме бұзау емізер» демекші қой қайтайын, мал келетін уақыт болды.

  • «Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар» деген, әлі кездесерміз, сау бол!



Мұғалімнің сөзі:

Құрметті көрермен қонақтар, Қош келдіңіздер! Қазақта қонақ кәде деген бар. «Қуыс үйден құр шықпа» дегендей қазақ үйіне қонақ келсе, нанынан ауыз тигізіп, ағын ұсынған. Олай болса наурызымыз құтты болсын! Дәмнен ауыз тиіңіздер.
Қонақтарға бауырсақ пен ақтан дәм тигізіледі.

Музыкалық сәлем: Ата – дәстүр әні.

Қорытынды

Құрметті оқушылар, бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. Бүгінгі тәрбие сағатымызда өздеріңіз куә болған дәстүрлерді көкейлеріңізге тоқып, саналарыңызға сіңіріп алсаңыздар артық болмас.

«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің, салт дәстүрінің жанашыры болатындығына сенімдімін.

Еліміздің жарқын болашағы сіздердің қолдарыңызда құрметті оқушылар!



Күйшілер: «Тепең көк»
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет