«самұРЫҚ-энерго»


  Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы)



Pdf көрінісі
бет17/81
Дата30.04.2023
өлшемі8,17 Mb.
#175744
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81
Байланысты:
gfo2021kaz 2
1

Қаржылық есептілікті дайындау негізі және есептік саясаттың негізгі ережелері (жалғасы) 
Тауар-материалдық қорлар 
Тауар-материалдық қорлар екі шаманың ең азымен есептеледі: өзіндік құны мен таза сату бағасы. Қорлардың 
өзіндік құны ФИФО әдісі арқылы анықталады. Дайын өнімнің және аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына 
шикізат пен материалдардың құны, өндірістік жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеуге жұмсалатын шығындар 
және басқа да тікелей шығындар, сонымен қатар, өндірістік жөнелтпе құжаттардың тиісті үлесі жатады, және 
несиелiк қаражат бойынша шығындар жатпайды.
Таза сату құны – бұл өндірісті аяқтауға жұмсалатын шығындар мен сату бойынша шығындарды шегергендегі 
әдеттегі қызмет барысында ықтимал сатудың есептік бағасы. 
Негізгі қызмет бойынша дебиторлық қарыз және басқа дебиторлық қарыз
Салықтар мен жеткізушілерге төленетін аванстар бойынша алдын ала төлемдерден басқа негізгі қызмет 
бойынша дебиторлық қарыз және басқа дебиторлық қарыз, бастапқыда әділ құн бойынша танылады және 
кейіннен тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептеледі. 
Жеткізушілерге төленетін аванстар құнсыздану резерві шегерілген соң есептілікте бастапқы құны бойынша 
көрсетіледі. Аванстар оларға жатқызылатын тауарларды немесе қызметтерді алудың күтілетін мерзімі бір 
жылдан артық болса немесе аванстар бастапқы тану кезінде есептілікте ұзақ мерзімді болып есепке 
алынатын активтерге жатқызылатын болса, онда олар ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Активтерді сатып алу 
үшін берілетін аванстар сомасы Топ осы активтерді бақылауға алған кезде және олармен байланысты 
болашақ экономикалық пайданы Топтың алуға мүмкіндігі болған жағдайда олардың баланстық құнына 
енгізіледі. Өзге аванстар оларға жататын тауарларды немесе қызметтерді алған кезде шығынға жазылады. 
Егер аванстарға жататын активтердің, тауарлардың немесе қызметтердің алынбауына қатысты бір белгілер 
болса, аванстардың баланстық құны азайтылуы тиіс және құнсызданудан болған тиісті шығын жылдық пайда 
пен зиян арқылы көрсетіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   81




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет