Сананың қалыптасуы Ислами сана


Демек әлемдегі бар нәрсенің барлығы Алланың бұйрықтарын орындап, құлшылық етулерімен қатар, біздердің де Аллаға құлшылық етуіміз үшін жаратылғандығын түсінеміз



бет6/13
Дата07.02.2022
өлшемі44,5 Kb.
#94973
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
МҰСЫЛМАН ТҮСІНІГІ

Демек әлемдегі бар нәрсенің барлығы Алланың бұйрықтарын орындап, құлшылық етулерімен қатар, біздердің де Аллаға құлшылық етуіміз үшін жаратылғандығын түсінеміз.

Дәл осы айтылғандар секілді бойымыздағы ағзалардың барлығы біздердің Аллаға құл болуымыз үшін жаратылған. Көз бен құлақтың бар болуының себебі – Алланың қалаған нәрселерін көріп, есту үшін. Ауыз бен мұрынның бар болу себебі – Алланың қалаған нәрселерін жеп, ішу үшін. қол – аяқтың барлығы - Алланың қалаған жеріне бару мен қалаған нәрселерін ұстау үшін болғанындай, бізге берілген ең үлкен нығметтердің бірі болған ақылымыздың да бар болуының мақсаты – бізді Аллаға құл еткізу болып табылады. Басты мақсаты, негізгі қызметі – біздерді барынша Аллаға жақындату, тек қана Оның жолында жүргізу мен жүгіртуден тұрады.


Алла Тағала бұл дүниені, құлдарына құлшылықта жәрдемші болсын деумен қатар, әрі оны бізге сынақ ретінде берді. Біз енді Алланың қалауын орындап, разылығын алатын амал мен дүние пайдасын таңдау арасында емтихандамыз.

Қазіргі таңда адамдар Алланы разы ететін амалды емес, дүние пайдасын таңдау арқылы сынақтан сүрініп жатқан жайы бар. Жоғарыда атап өткен құлдарға құлшылықта жәрдемші болсын деп жаратылғандардың барлығы құлдарды дүниеге құлшылық еткізу үшін ойысқанын көрудеміз. Ақылымыздың негізгі қызметі – біздерді Жаратушысына жақындатып, Оның әрбір айтқаның орындату үшін еді. Бірақ қазіргі таңда ақылымыздың негізгі қызметі, біздерді дүниеге жақындатып, сол жолда жүгірту болып қана қалды. Демек, бұл жоғарыда айтып өткен қағидаларымыздың жаңылыс түзілу нәтижесі шығар.


Алайда Ислам бізге аты шулы «Лә иләһа илләллаһ» ұранымен кіріп келіп, сөздің басын «лә» яғни «жоқ» деумен бастау арқылы, жүректеріңдегі от, су, пұт, дүние-байлық, атақ-абырой сияқты жаңлыс тәңір атаулының бәрің жоққа шығарып, тек қана ол жерге Алланы ғана орналастырыңдар деуде. Сонымен қатар, ол бізге әуел бастан тәңірлерге қатысты түзілген сенім, түсініктердің барлығын жоққа шығарып, тек Аллаға қатысты сенім, түсінікті орнықтырумызды бұйыруда. Яғни, өмірге жаңа Ислами көзқараспен қарай отырып, өмірдің әрбір үтір – нүктесін соған қарай бейімдеу керектігін білдіруде. Қашан басымызда «Ислами сана» орнығады, сол кезде айтқан ақылымыз, ойлаған ойымыз, жасаған ниеттеріміз, өмірге деген көзқарасымыз дұрыс болмақ. Сананың қалыптасуында қайталау, мән беру, амал, еліктеу ұғымдары маңызды орынға ие болып табылады...
Әрине бұл жерде, кейбіреуіміз, жоғарыда аталып өткен мәселелерге қарсы шығып, жаттанды сөзімізді қайталап, «жүрегім таза, ниетім түзу» деп айтуымыз мүмкін. Сондай имам, ұстаз, дін жолында шапқылап тер төгіп жүрген жан да болуымыз мүмкін. Бірақ, біз ішкен сусындарымыз бен жеп жатқан тамақтарымызға, киген киіміміз бен тұрған баспанамызға, мінген көлігіміз бен қолданған тұрмыстық заттарымызға бір көз жүгіртіп, ойлаған ойымыз бен жасаған ниеттеріміздің тұңғиығына бір үңіліп, қарап көрейік, содан кейін жоғарыда айтылғандармен салыстыра отырып, өзіміздің бағамызды бере жатармыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет