Санның шығу тарихы



бет13/14
Дата22.08.2017
өлшемі7,18 Mb.
#23999
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Б.д.д. 2000ж. Осыдан 4000 жыл бұрын Иракта вавилондықтар саз балшықтағы белгілер арасында бос орындар қалдыру арқылы нөлді бейнелеген және осы бос қалдырылған орындардың шын мәнінде санды білдіретіні олардың тіпті қаперіне де келген емес.

Б.д.д. 350ж. Ежелгі гректер тамаша математиктер болған, бірақолар нөл ұғымын саналарынан мүлде шығарыптастаған. Грек философы Аристотель былай деген: «Нөлге тыйым салу керек, өйткені соның салдарынан адамдар сандарды нөлге бөлуге әрекеттенген кезде, есептеуде ретсіздік орын алды».

Ал, Римдіктер нөлді пайдаланбаған себебі нөл олардың есептеу жүйесінде қажетсіз болған. Олар: Егер санайтын ештеңесі болмаса, онда осы сан жалпы не үшін керек? – деп пайымдаған.

600 жыл. Үнді математиктері нөлді ойлап тапты. Олар санның орналасуы оның мәнін анықтайтын жүйені ашты, ал бос орындарды көрсету үшін олар нүктелер мен дөңгелектерді пайдаланған. Неге дөңгелектерді? Себебі – бұрын есептерді шешу кезінде үнділіктер құмға ұсақ малта тастарды қатарлап тізген, ал қиыршық тастарды алған кезде, құмда дөңгелек түріндегі іздер қалып қояды.

1150 жыл. Нөл Еуропаға араб елдері үнді сандарын пайдаланған кезде ХІІ ғасырда келді. Адамдар есеп айырысу кезінде ештеңені пайдаланудың өте қолайлы екенін түсінді.

Қазақта сандардың пайда болуы жоғарыда атап өткеніміздей сан дегеніміз – заттардың, нәрселердің мөлшерін анықтауға негізделген жиын болып табылады. Мен өз зерттеу жұмысымда адамдардың қалай санай бастағанын, сандардың қалай пайда болғандығын, олардың белгіленуін зерттей, зерделей келе сандар әлемнің сиқырына терең бойлай білдім деп ойлаймын. Әр халықтың, ұлттың санау жүйесінің қалай шыққандығымен қатар, қазақ халқының да сандарға қалай назар аударатынын, олардың адам өміріндегі, болмысындағы маңызына тоқтала кеткім келеді.

Бұрынғы аталарымыздың өзі өмір сүрген дәуірде, күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі заттарды алып, беру және қажетіне пайдалану үшін көз, қол, саусақ мөлшерімен заттарды дәл өлшеп отырған.

Қазақша ұзындық өлшемдері

Елі Сүйем Сынық сүйем Қарыс сүйем Қарыс Тұтам Білек Шынтақ Кез Құлаш Адым Аттам Табан


Қазақша сыйымдылық өлшемдері

Шымшыма – ұсақ затты бас бармақ және сұқ саусақпен қосып алғандағы өлшем.

Шөкім – ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қосып алғандағы өлшем.

Бір уыс – қол саусақтарын жұмылдыра бүккендегі өлшем.

Қос уыс – қос қолдың саусақтарын жұмылдыра бүккендегі өлшем

Мәселен, қазақ қоғамында шешендік өнердің алатын орны зор. Ұрпақ тәрбиесінде, ел басқару жүйесінде елді сәулеттендіру жолында, әрине, халықтың сан ғасырлық тәжірибесінде қорытылып, жинақталып, жүйеленген ақыл-нақыл, өсиет насихатқа негізделген отты да нақышты, шебер де шешен айтылатын ауызша сөздің тағылымдық-танымдық әрі тәрбиелік мәні айрықша. Қазақтың би-шешендерінің ішіндегі сандар арқылы ақыл, насихат айтып кеткен шешендеріміздің бірі – Бөлтірік шешен. Ол қазақ ұғымындағы киелі жеті санына негізделген қасиеттер, дәстүрлер тағылымын толғайды. Мәселен, «Жаның жеті жаманнан аман болсын», «Жеті жақсы», «Жеті жетім», «Жеті жетіні білгенді адам дейді», «Бес жаман», т.б. толғауларын атап айтуға болады. Демек, қазақ халқының сандарды қастерлеуі, олардың қасиетіне терең бойлауы артында қалған ұрпаққа тәлім-тәрбие берері анық. Қасиетті сандарға келетін болсақ 3, 5, 7, 9, 30, 40 сандарын атауға болады. Мен осы сандардың ішіндегі 3 және 7 сандарының қасиетіне тоқтала кетейін.
«3 қуат» Асыл Жүрек Тіл «3 арсыз»Ұйқы Күлкі Тамақ

«3 даусыз» Мінез Кәрілік Ажал «3 Арыс» Сәкен Ілияс Бейімбет

«3 Дана» Абай Шоқан Ыбырай «3 Би» Төле би Қазыбек би Әйтеке би

«3 жүз» Ұлы Орта Кіші «3 қасиет»Өліде – әруақ Малда – кие Аста – қасиет

«3 көз» Су анасы – бұлақ Жол анасы – тұяқ Дау анасы – құлақ

«7 ата» Бала Әке Ата Немере Шөбере Шөпшек Немене

«7 күн» Дүйсенбі Сейсенбі Сәрсенбі Бейсенбі Жұма Сенбі Жексенбі

«7 нота» До Ре Ми Фа Соль Ля Си

«7 жұт» Соғыс Өрт Сел жүру Жер сілкінісі Оба, індет Мал жұтау Құрғақшылық

«7 қазына» Ер жігіт Сұлу әйел Білім-ілім Жүйрік ат Алғыр тазы Қыран бүркіт Берен мылтық

«7 керемет» Хеопс пирамидасы Семирамиданың аспалы бағы Александрия манары Зевс мүсіні Галикарнас кесенесі Родос алыбы Артемиданың ғибадатханасы

Қазақтың ырым мен тыйым сөздері

Баланы қырқынан шығару

Қызға қырық үйден тыю

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

Бес саусақ бірдей емес

Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды

Сандар туралы санамақтар, өлең-есептер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ребустар көп кездеседі.


Математикалық өлең:

Қалтам қанша?

Өзімде бар сан қанша,

Шалбарда екі жан қалта,

Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,

Пиджакта екі төс қалта,

Және екі тыс қалта,

Бір төс қалта және бар,

Сонда есепте, кәне, ал,

Менің қанша қалтам бар?

Тағы, айтпақшы, пальтон бар.

Онда да төрт қалтам бар.

* * *

Түйе бота маң басқан,



Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос лақты қос ешкі,

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой.

Математикалық жұмбақтар:

Өзі үлкен жануар

Үстінде екі тауы бар

(түйе)
Мың найзалы жалғыз батыр,

Жауларына алғызбай жүр.

(кірпі)
7 бауыр – туыспыз

Атымыз өзге демесең,

Жұмған жұдырық – уыспыз.

(апта күндері)

Алғашқысы суытады өлкені,

Екіншісі жылытады, жер кеңіп.

Үшіншісі көк теңізге бар дейді,

Төртіншісі ұсынады бар дәмін.

(қыс, көктем, жаз, күз)
12 ағайын бірінен соң бірі жүреді,

Бірақ таппайтынын біледі.

(айлар)
Жылына кім төрт рет ауыстырар киімін?

(жер)


Сандарды ыңғайына қарай құрастыра немесе тіркестіре отырып әр түрлі бейнелерді жасауға болады. Немесе қоршаған ортадағы заттарды, нәрселерді әр түрлі сандарға ұқсатуға болады.

Өмір бойы жан-жануар бейнесін,

Жасап келген суретшіге не дерсің!

Жауабын кім тез береді білсе егер,

Қай сандардан сурет салдым мен шебер?
Мінеки, сандардың алуан түрлерін біліп, олардың сырына терең бойлай білу арқылы осындай бейнелерді мысал ретінде келтіруге болар еді.

Мен, өз тарапымнан сандар сырын зерттеуді осымен тоқтатып қоймай, сандардың күрделенуін, олардың математика әлеміндегі орнын, қиын амалдарды шешумен шұғылданамын. Мен, осы орайда сандардың жазылуының таңбалануына назар аудара отырып әр түрлі табиғаттағы, қоршаған ортадағы, қоғамдағы құбылыстарды бақылай келе, сандар арқылы алуан түрлі нәрселерді ойлап табуды ұйғардым.


ІІІ. Қорытынды


Халық аузындағы есептердің сипаттары әр ғасырда өмірге келген, атадан балаға мұра болып қалған, ауыздан-ауызға тараған ұлттық мазмұнды есептер қазақ халқының тыныс-тіршілігін, әл-ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жету ізін, дүние танымын, халық тәрбиесінің сыр-сипатын бейнелейді. Халықтық математикада біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе ертегі, ұйқасын табу, сиқырлы ой айту түрлерін кездестіруге болады.
Каталог: 802A181CB337A9DF
802A181CB337A9DF -> Практикалық психология Диагностикалық және коррекциялық жұмыс
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі «5,6,7 сыныптарда оқитын жасөспірімдердің ата-аналарына психологиялық көмек»
802A181CB337A9DF -> Сайыстың атауы Білімді оқушы. Интеллектуалды ойын
802A181CB337A9DF -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі Мақсаты: Білімділік
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: §46-47. Қазақ халқының мәдениеті Сабақтың мақсаты
802A181CB337A9DF -> Қызылегіс негізгі мектебі бойынша «Бақытты балалық шаққа құқық»
802A181CB337A9DF -> Сабақтың тақырыбы: Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, Бар адамды құрметтеп, Бас иеміз біз
802A181CB337A9DF -> Н.Ә. Назарбаев Бала тәрбиесі баршаның ісі
802A181CB337A9DF -> Оқу жылындағы «Таза, терең, өткір, күшті кең тілім!» атты тілдер апталығының қорытындысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет