Сапа менеджмент жүйесі Практикалық сабаққа арналған әдістемелік әзірлеме



бет7/51
Дата07.02.2022
өлшемі3,46 Mb.
#93099
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51
Байланысты:
2 тақырып практика

Тақырыпқа арналған дәріс:


Дәрі-дәрмектерді парентералды жолмен еңгізу. Егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Құралдармен жұмыс жасау және тазарту кезеңдеріндегі мейіргердің қауіпсіздігі

Әрбір терапевтік бөлімшенің құрамында емшара бөлмесі болады . Емшара бөлмесі әртүрлі шараларды дайындауға және жүргізуге арналған . Бұл дәрілік заттарды көк тамырға ағымен және тамшылытып еңгізу, бұлшық еттік және тері астылық инъекциялар , қан тобы мен резус-факторды анықтау, клиникалықжәне биохимиялық анализдерге көк тамырдан қан алу, сондай- ақ бөлімше ерекшелігіне қарай диагностикалық және емдік щаралар (төс , өпке қабы пункциясы және т.б.) жүргізіледі . Емшара мейірбикесінің міндетін орындау үшін (штаттық кестеге байланысты ) бөлімшенің аға мейірбикесі жалпы профильдік мейірбикелердің ішінен жеткілікті жұмыс тәжірибесі бар жоғары маманданған немесе 3 деңгейлі колледжді оқып бітірген арныйы мейірбикені (3 жыл оқығын) таңдап алады . Бөлімше ерекшелігіне байланысты іс-шара бөлмесі кушеткамен , зарарсызданған үстелмен,( 1 немесе 2), тамызғыштарға арналған штативпен , дәрілік заттар қоятын шыны щкафпен, қолдарды және құрал-саймандарды жуатын қолжуғышпен және т.б. жабдықталған . Қабырғалар мен еден жиі және мұқият санитарлық өңдеуге ыңғайлы материалдардан ( кафель, майлы бояу) жасалуы керек . Емшара бөлмесінде ауаны заразсыздындыруға арналған бактерицидті шамдар міндетті түрде болуы керек.


Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау , бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес , арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе басқадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет ) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардің инвазивті сипатын ескере отырып , кесте бойынша, 15-30 минуттан күніне 3 реттен сиретпей , бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арныйы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауға немесе бир реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау алдында бір ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге жуылады.
Барлық қанмен байланысты медициналық шараларды ( көк тамырдан қан алу, көк тамырлық инъекция және құю), сондай-ақ қанмен байланыста болған құрал-саймандармен, шприцтермен, инелермен және т.б. жұмысты, инвазивті зерттеу әдістерін мейірбике міндетті түрде қолғаппен жүргізуі керек. Бұл ережені орындау-қан арқылы берілетін аурулардың негізгі алдын алу шараларының бірі болып табылады.
Емшара бөлмесінде кәсіптік жұғулардың алдын алу

  1. Жұмыс кезінде мүмкіндігінше бір рет қолданылатын құрал-саймандарды қолдану.

  2. Науқастың қаны немесе биологиялық сұйықтығы арқылы жұғатын жағдайлардағы ем шараларда қолғап, маска, клеенкалы алжапқыш кию және де жарақаттанған жер болатын болса лекопластырмен таңылып, саусақ қап кию керек.

  3. Щеткамен қолды жууға болмайды.

  4. Медициналық құралдарды және қан тиген заттарды жуу, реттеу үшін алдымен резеңке қолғаппен оларды дез ерітінділерге жуып алу қажет.

  5. Жеке бас тазалық ережесін қатаң сақтау қажет.Әрбір іс щарадан кейін, сонымен қатар парентералды егулерде, қан алудан кейін ағынды суға қолды сабынмен 2 рет мұқият жуу қажет.

  6. Жұмыс орны жаңа дайындалған зарарсыздандырғыш ерітінділермен қамтамасыз етілуі қажет.

  7. Емшара бөлмесінде аптечка болуы қажет.

  8. Зертханаға жазылған жолдама пробиркадағы қанға тигізбей, пробирканың сыртқы жағына жабыстыру қажет.

  9. Созылмалы В гепатитпен сырқаттанатын науқастардан HbsAg тасмалдаушылардан анализ үшін алынған қаны бар пробирканы міндетті түрде белгілеу.

  10. Кәсіптік қызметінде қанмен байланыста болған медицина қызметкерлері жұмысқа кірер алдында және жұмыс істеп жүріп жылына бір рет HbsAg-ны анықтау үшін тексеруден өтеді. HbsAg-антигені бар медицина қызметкерлері қанды құю, қайта өңдеу жұмыстарынан аластатылады.

  11. ВИЧ инфекциясының қаупі бар биологиялық сұйықтықпен жұмыс істегенде абай болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   51




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет