Сапа менеджменті жүйесі білімалушыларға арналған ішкі тәртіп


БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕРІ



бет4/7
Дата07.02.2022
өлшемі30,67 Kb.
#92739
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері
РПУ конспект КАЗ, РПУ конспект КАЗ
3. БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ МІНДЕТТЕРІ




    1. Колледжде жұмыс істейтін және оқитын барлық адамдардың жеке басына және абыройына құрметпен қарау;

    2. Таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды жүйелі және терең меңгеру; өзінің мәдени деңгейін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дене шынықтыру және спортпен айналысу, өз денсаулығын сақтау және жақсарту;

    3. Белгіленген міндетті оқу сабақтарына қатысу және оқу жоспары мен бағдарламаларында көзделген тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау;

    4. Әкімшілік пен оқытушылардың тапсырмаларын уақтылы және дәл орындау, тәртіпті бұзуға жол бермеу;

    5. Тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда көзделген қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, еңбек гигиенасы және өрт қауіпсіздік талаптарын сақтау;

    6. Колледж мүлігіне зиян келтірмеу, колледж қабырғасында оқитын мәдени адам ешқашан өзіне вандализм актілеріне мүмкіндік бермейтінін түсіну; колледждің ғимараттары мен құрылыстары мемлекеттік меншік болып табылатынын түсіну;

    7. Оқу және зертханалық жабдықтарды сақтау, жұмыстарды орындау үшін берілетін құралдарға, компьютерлерге, ұйымдастыру техникасына, өлшеу құралдарына, арнайы киімдерге және басқа да заттарға ұқыпты қарау, шикізатты, материалдарды, энергияны, отынды және басқа да материалдық ресурстарды үнемді және ұтымды жұмсау;

    8. Оқу компьютерлік сыныптарында жұмыс істеу ережесін және колледждің жергілікті желісін пайдалану ережесін сақтау;

    9. Колледж кітапханасын пайдалану ережелерін сақтау;

    10. Колледж білімалушылары оқу орнында бірыңғай киім үлгісін сақтауға міндетті: - поло колледж эмблемасы бейнеленген көк немесе сұр түсті, қысқа ілгекпен, жағасы қайырмалы және қысқа жеңді; үсті жылы (бомбер) тығыз футерадан тігілген колледж эмблемасы бейнеленген аралас түсті (қара сұр);

- төменгі жағына-қара классикалық шалбар (қыздар үшін белдемше), классикалық джинсы рұқсат етіледі;
- жоғары курс білімалушыларына бір түсті жемпірлер, свитерлер, пуловерлер, ерекше суреттер мен жазулары жоқ кеудешелер киюге рұқсат етіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет