Сапа менеджменті жүйесі білімалушыларға арналған ішкі тәртіп



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі30,67 Kb.
#92739
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Білімалушыларға арналған ішкі тәртіп ережелері
РПУ конспект КАЗ, РПУ конспект КАЗ
5. ІШКІ ТӘРТІП


    1. Білімалушылар өзімен бірге студенттік билетін алып жүруі тиіс;

    2. Колледжге өту студенттік билеті болған жағдайда жүргізіледі, студенттік билеті күзет қызметкерінің талабы бойынша, сондай-ақ бөлім меңгерушісінің, диспетчердің, кадр бөлімі инспекторының, кітапхана меңгерушісінің,топ жетекшісінің, оқытушылардың талабы бойынша көрсетіледі;

    3. Білімалушыларға колледждің оқу зертханаларында зертхананың оқытушылары мен қызметкерлері болмаған жағдайда отыруға тыйым салынады;

    4. Колледж ішінде тыйым салынады:

  • сырт киім және бас киім; шолақ шалбар, жағажай костюмдерін, спорт киімдерін (спорт алаңы аумағынан басқа), білім беру мекемесінің мәртебесіне сәйкес келмейтін өзге де киім киюге;

  • белгілі бір діни конфессияның немесе басқа мәдениеттің киімін киюге немесе атрибуттарын сақтауға (хиджаб, сақал қою) ;

  • сабақ кестесі бойынша өткізіліп жатқан сабақ уақытында дәліздер мен дәрісханаларда қатты сөйлеуге және шулауға, оқытушының рұқсатынсыз дәрісханаға кіруге және онда сырт киім іліп қоюға;

  • сабақ кезінде ұялы телефондарды пайдалануға;

  • спирттік ішімдіктерді (соның ішінде сыра) ішуге, колледж ғимаратында не оған жақын жерде құмар ойындар ойнауға;

  • еліткіш заттар мен уытты заттарды қолдануға және таратуға; колледждің дәрісханалары мен оның аумағында алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болуға;

  • колледж ғимаратында жеке қорғану құралдарын (газ баллондарын, газ тапаншаларын және басқаларын) пайдалануға;

  • асханадан (буфеттен) тыс тамақ пен сусындар ішуге;

  • колледжде демалыс және мереке күндері, сондай-ақ, белгіленбеген сағаттарда колледж әкімшілігінің арнайы рұқсатынсыз жүруге;

  • өзімен бірге колледжге бөгде адамдарды өткізуге;

    1. Колледжде темекі шегуге тыйым салынады. Колледж аумағында, сонымен қатар оның ішінде: кіреберісте; колледждің фронтонына іргелес жатқан алаңдарда және колледж ғимаратына іргелес кез келген басқа аумақта темекі шегуге тыйым салынады;

    2. Білімалушыларға қызметкерлер тұрағына жеке автокөлік қоюға тыйым салынады;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет