Сапар Байжанов атындағы №162 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Нуржакипова Маржан Бейсеновнаның 2019-2020 оқу жылының I тоқсандағы атқарылған жұмыстарының



Дата23.05.2020
өлшемі13 Kb.

Сапар Байжанов атындағы № 162 мектеп – гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Нуржакипова Маржан Бейсеновнаның 2019-2020 оқу жылының I тоқсандағы атқарылған жұмыстарының

Есебі

Қыркүйек айында 3 «Ә» сыныбына 30 оқушы қабылданды. Барлық оқушылар толық оқу- құралдарымен қамтамасыз етілді.Ата-аналармен жиналыс өткізілді.

Оқушылардың жол қауіпсіздігі мен мектепке келіп кетуіне байланысты айтылды.

Жаңартылған білім мазмұнына байланысты және электронды кунделік кз жүйесі туралы мәліметтер берілді.Көп балалы отбасы мен және аз қамтылған жанұяларға мектеп тарапынан тегін тамақпен қамтылды.Ол оқушылардың құжаттары өткізілді.Оқушылардың логин парольдары берілді.

Қыркүйек айындағы мектепішілік тіл апталығында мәнерлеп оқудан Құдайберген Көркем қатысып,ауданға жолдама алды.Ауданнан мақтау қағазымен марапатталды.Қазан айында «Ұстаз болу жүректің ұлылығы» атты Республикалық онлайн байқауынан Құдайберген Көркем 1 орынды иеленді.Сынып жетекшісі алғыс хатпен марапатталды.

Ерболат Ердаулетпен психолог кеңес өткізді.Жалпы сыныпқа психологиялық сауалнамалар беріліп ата-анасымен жұмыстар жүргізілді.

1 тоқсан ішінде «Жолда жүру ережесі» атты театр келіп, балаларға өте қызықты қойылымдар қойылды.Сыныбымыздан барлық оқушылар қатысты.

Тоқсан соңында 3 «Ә» сыныбында 30 оқушы аяқтады.Әкімшілік бақылау диктанттар алынды.Жазба жұмыстары өз деңгейінде өтті.

Сыныбымыздан 7-үздік,15-екпінді шықты.

Сыныптың білім сапасы 73,3% ал сынып үлгерімі 100%-ды құрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет