Саралаудың он тәсілі тапсырма



Дата03.05.2020
өлшемі16,21 Kb.
#65607
Байланысты:
САРАЛАУДЫҢ ОН ТӘСІЛІ


Саралау әдісі - жаңартылған білім беру мазмұнының ажырамас бөлігі. 
                        САРАЛАУДЫҢ ОН ТӘСІЛІ 



1. Тапсырма. Балаларға, жеке немесе топпен, алдыңғы жетістіктерінің негізінде әртүрлі тапсырма беріледі. Дарынды балалар алдында күрделі тапсырмаларды қоюға болады. Ол үшін оларға жоғары деңгейде ойландыратын мәселелерді шешу, зерттеу және жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын пайдалануға мүмкіндік туғызу керек.

2. Нәтиже. Балалар жалпы стимулы бар ортақ тапсырма орындайды, бірақ мұғалім алдыңғы тәжірибелерінің негізінде әр оқушыдан әртүрлі нәтиже күтеді. Басқа біреуге тұжырымдаманы немесе үдерісті түсіне алатындай етіп бір нәрсені қалай түсіндіру керектігін үйрену өте қиын нәрсе. Дарынды балаға біреуге бірдеңені түсіндіруді немесе үйретуді, немесе біреуге бірдеңе жазуды, немесе әртүрлі жастағы топтарға арнап бір нәрсе жазуды немесе құрастыруды ұсынуға болады.

3. Қарқын. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, алайда дағдыларына қарай аяқтауға әртүрлі уақыт беріледі. Дарынды бала негізгі тапсырманы орындауға басқаларға қарағанда аз уақыт жұмсайды және артынша қиынырақ тапсырмаларды орындай алады (яғни, келесі оқу мақсатына жылжу емес, ал негізгі оқу тапсырмасымен байланысты білімін кеңейтіп, тереңдетуге мүмкіндік алады). Көптеген дарынды балалар қолжетімді қосымша тапсырманы орындау мүмкіндіктерін жіберіп алады, өйткені қызығушылық пен уәждің жоқтығынан олар негізгі тапсырманы орындауға өте көп уақыт жұмсайды. Қажет болған жағдайда, кейбір балаларға жаттығуды тастап кетіп (“жеделдету” ретінде белгілі), тез арада қосымша тапсырмаға көшуге рұқсат беру керек.

4. Қолдау. Балалар ортақ тапсырмамен жұмыс істейді, бірақ кейбіреулеріне басқаларға қарағанда көбірек немесе азырақ қолдау көрсетіледі. Дарынды балаға оның жазу, АКТ қолдану, оқу дағдыларын дамыту немесе бірлескен оқу сияқты әлсіз жерлерінде көмек керек болуы мүмкін.

5. Ресурстар. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ оқудың немесе зерттеудің жоғары дағдыларын талап ететін әртүрлі ресурстармен қамтамасыз етіледі. Дарынды балаларды өз жұмыстарын көрсету үшін басқа ресурстар мен балама әдістерді қолдануға ынталандыруға болады.

6. Топталу. Балаларға аяқтауға ортақ тапсырма беріледі, бірақ олар барлығына табысты аяқтауға мүмкіндік беретін тәсілмен топталады. Жоғары деңгейде жұмыс істеу үшін кейде дарынды оқушылар ұқсас қабілеттері бар сыныптастарымен топталуы мүмкін.

7. Ақпарат. Балаларға ортақ тапсырма беріледі, бірақ олардың көзқарастарын қолдайтын немесе кеңейтетін әртүрлі ақпарат немесе әртүрлі көлемдегі ақпарат беріледі.

8. Рөл. Балалар ортақ тапсырма орындайды, бірақ әрбіреуіне әртүрлі рөл беріледі. Дарынды балаға басты зерттеуші немесе топтың ақпараты мен ресурстарын ұйымдастырушы рөлін беруге болады.

9. Үй жұмысы. Оқушыларға әртүрлі үй жұмысы беріледі, бұл ретте кейбір оқушыларға сыныпта бастаған жұмысты аяқтауға уақыт қажет болуы мүмкін. Дарынды балаларға тақырыптың қиынырақ аспектілерін анағұрлым тереңірек зерттеуді тапсыруға немесе басқа тапсырма беруге болады.

10. Диалог/Ашық сұрақтар. Мұғалімдер түрлі балаларға әртүрлі сұрақ қойып, түрліше жауап береді. Диалог арқылы саралау дарынды балалардың қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізгі жолы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет