Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебі бекітемін: Келісемін: Қаралды: Сынып жетекшілер бірлестігі



бет12/14
Дата07.02.2022
өлшемі47,37 Kb.
#90046
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Мамандыққа 1КБ

Сыныпқа мінездеме
Сынып –3
Ұлты – қазақ-6
Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талапты балдырған,үлгі аламыз жақсыдан!»
Оқушы саны – 6
Ұл – 1
Қыз – 5
Сатыбалды негізгі жалпы білім беретін мектебінің 3-сыныбында 6 оқушы бар, оның 1-еуі ұл, 5-еуі қыз бала. Сынып ұжымы 2012-2013 оқу жылында мектепалды даярлық тобынан бастап қалыптасқан. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланбаған көшбасшы – Қапиетова А. (оқуға қабілетті, ашық мінезді, белсенді), сынып белсенділері Мақпозова Н, Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға,сабақтарға белсене қатысады. Сынып белсенділері – оқу секторы, мәдениет, тазалық, шаруашылық секторы және редколегия мүшелері де өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс шараларға, үйірмелерге белсене қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері жоғары. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы өте жақсы, бір – бірімен өте тату, қиыншылық кезде бір біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Мектептің қоғамдық жұмыстарына әр уақытта топпен бір кісідей атсалысып қатысып, тапсырылған жұмыстарды уақытында, тиянақты, үлкен жауапкершілікпен атқарады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл балалар мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы.Сабаққа деген қызығушылықтары жақсы. Олар мұғалімдерге әртүрлі сұрақтар қойып, жаңа тақырыпты толық меңгергілері келеді. Сабаққа оқушылар дайындықпен келіп, жаңа сабақты үлкен зейін қойып тыңдайды. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды. Қосымша сабақтардың өздерінде қалдырмай, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Түсінбеген сұрақтарын біліп алуға тырысады. Бірінің білмегенін бірі айтып үнемі көмектеседі.
Педагог-психолог Темірғалиева Г.М.
Сынып жетекшісі Темірғалиева Н.Ф




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет