Саудалық (коммерциялық) атаулар.Әлемдік синонимия. Халықаралық патенттелмеген, комбинирленген препараттар, витаминдер, гормондар, ферменттер атаулары


Фармакологиялық топқа жататындығын көрсететін оншақты жиілік бөліктер бар, олардың көбісінің мағынасын жоғарғы курстарда өтетін пәндерде түсінесіздер, ал кәзіргі кезде кейбір бөлшектермен танысыңыздар



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі59,01 Kb.
#89504
1   2
Байланысты:
латын 9 сабак коширу

Фармакологиялық топқа жататындығын көрсететін оншақты жиілік бөліктер бар, олардың көбісінің мағынасын жоғарғы курстарда өтетін пәндерде түсінесіздер, ал кәзіргі кезде кейбір бөлшектермен танысыңыздар:


Латын

Орыс, Қазақ

Фармакологиялық тобы

-саіn-

-каин-

жергілікті ауруды басатын

-cef-(ceph-)

-цеф-

цефалоспориндер тобының антибиотиктері

-cillin-

-циллин-

пенициллин антибиотиктер

-mycin-

- мицин-

Streptomyces штаммдарымен өнімделетін антибиотиктер

-cyclin-

-циклин-

тетрациклин және окситет рациклин антибиотиктері

 


-andr-

-андр-

еркек жыныс гормондарының препараттары

-stan-

-стан-

еркек жыныс гормондарының препараттары

-ster-

-стер-

еркек жыныс гормондарының препараттары

-oestr-

-эстр-

әйел жыныс гормондарының препараттары

-sulfa-

-сульфа -

бактерияға қарсы сульфаниламидтері

-io-

-йо-

 Құрамында йоды бар, рентгенконтрастық
  • Витаминдер: атаулары әріптік белгілері (А,В, С, D, Е, Н, К, Р) немесе халықаралық тривиалдық атаулары (Axerophtolum, Thiaminum және басқа) бойынша жазылады.
  • Кейбір алфавиттің белгілі өріпімен белгілетін витаминдер, химиялық жағынан туыстық қосындылар болғанымен, бір қалыпты емес, сондықтан олардың атауларында реттік нөмерлері көрсетіледі. Мысалы: В„ В2, В6, В15, Kl9 К2, К3, D2, D3. Бір әріппен белгілетін түрлі витаминдердің саны көбеюіне байланысты әріптік белгілену сөздік белгіленумен ауыстырылды. Сөзбен белгіленген атаулардың көбісі витаминнің химиялық құралымын көрсетеді: Thiaminnum (В,), Pyridoxinum (Вб) Cyanocobalaminum (В12).
  • Гормондар атаулары: әйел жыныс гормондары препараттарының атаулары–oestr- (-эстр-) және еркек жыныс гормондары препараттарының атаулары – аndr-(-андр-) немесе – stan-, -ster-; олардан басқа гормондальдік препараттар атаулары гормон шығарылатын мүше атауы немесе гормонның әсері бағытталатын мүше атауы бойынша жасалады.
  • Олардың арасында: 1) Қалқанща без және қалқанша без жанындағы препараттары (glandula thyreadea et grandula parathyreoidea). Thyreoidinum және Parathyreoidinum деп аталған. Саудалық атауларда кездесетін –thyr- бөлшегі сол бездердің ауруларын емдеуге арналған препараттар көрсетеді.
  • Insulin гормон атауы сол гормон шығарылатын анатомиялық құрылым insula Lanoerhansi – Ланерганс аралшығы атауынан жасалған. Гипофиз (hypophysis – төменгі ми бөлігі). Pituitrinum – питуитрин гормональді препараты гипофиздің синонимі glandula pituataria бойынша аталған.
  • Кортикостероидтер деп аталатын және бүйрек үсті бездерінің қабығымен (cortex, icis m) шығарылатын гормондар және сол гормондардың препараттар атауларына –cort-,-cortic-бөлшегі бар атаулары беріледі. Мысалға: Cortisonum - кортизон, Desoxycorticosteronum – дезоксикортикостерон.
  • Ферменттер атаулары биохимиялық номенклатуралық принциптеріне сай –as- (-аз) жұрнағы арқылы жасалады: Amylasum – амилаза, lipasum – липаза және басқалары.
  • Бірақ, ферменттердің номенклатурасында басқа әдіспен жасалған тривиалдық атаулар да кездеседі. Мысалға: Pancreatinum – панкреатин (pancreas– асқазан асты безі), асқазан асты бездің ферменттік препараты; Pepsinum - пепсин (rp. pepto – асты қорытындау); ас қорытындалуының бұзылуын емдеуге арналған ферменттік препарат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет