Саяхат тренингі Тақырыбы: «Су асты әлеміне саяхат» Мақсаты


Тренинг сабақтың өткізілу барысы



бет2/13
Дата07.02.2022
өлшемі27,81 Kb.
#89240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Саяхат тренингі. Байқау практика
3D панорама және виртуалды тур, Blue and Yellow Minimalist Employee of the Month Certificate (1)
Тренинг сабақтың өткізілу барысы:
Психолог: Сәлеметсіңдер ме оқушылар? Сендермен қайта жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі психологиялық тренингке қош келдіңдер! Балалар айтыңдаршы, сендерге су асты тіршілігін қызықтаған ұнайды ма ? Олай болса, бүгінгі тренингімізде су асты әлеміне саяхат жасап керемет демалатын боламыз. Теңізге біз мынау тұрған автобуспен жетеміз. Автобусқа отырмас бұрын, әдеттегідей барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері:
Достар бірге жүреміз
Бірге ойнаймыз күлеміз.
Бірге балық аулаймыз,
Міне біздер қандаймыз.
Өзен, көлге, теңізге
Саяхатқа шығамыз,
Әрқашанда біргеміз
Бөлінбейді іргеміз!
Жарайсыңдар оқушылар ! Ендеше кеттік автобусқа абайлап мінейік. Кинетикалық құммен ойын: Ал, міне теңіз жағасына да жеттік. Неткен керемет, жан жағымызға зер салып қарайықшы,аяғымыздың астында не жатыр? Құмды қолымызбен ұстап көреміз бе? Балалар құм қандай екен? Оның түсі қандай екен? Байқаймын, құммен ойнағыларың келіп тұрған сияқты,ендеше мен сендерге ойнауға рұқсат беремін. Құммен түрлі мұнаралар, пішіндер тұрғызуға болады екен.Жарайсыңдар, сендерден үлкен сәулетшілер шығады деген сенімдемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет