Саясаттану пәнінен эссе тақырыптары бакалавариаттың барлық мамандықтарының студенттеріне арналған



бет2/3
Дата27.10.2023
өлшемі21,05 Kb.
#188892
1   2   3
Байланысты:
1 межелік бақылау ЭССЕ

Эссені рәсімдеу талаптары
Эссе көлемі: 1 – 1,5 бет.
Парақтың форматы: А4.
Барлық жақтардан (поля - үстінгі, төменгі, оң және сол жақтар) - 2 см.
Шрифт (кегль): - 14; тип – Times New Roman.
Жоларалық интервал - 1,0.
Абзац – 1
Кенінен мәтінді түзету.
Бағалаудың критерийлері: 
- Материалды логикалық түрде айта білу
- автордың қорытындысын негіздеу
- Автордың қорытындыларының ерекшелігі
- Қажет емес материалдарының, тақырыппен байланысы жоқ ақпараттың болмауы
- Автордың өзіндік позицияны жасау және дәлелдеу қабілеті
- Аргументтер арқылы, жиналған материал негізінде тақырыпты аңық ашу
Сәттілік тілеймің!
ЭССЕНІ РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ

Джиенгазиева Амина


Қт -101
Мұстафа Кемал Ататүрік

Мен соңғы жарты жыл Түркия тілімен, мемлекетімен, оның тарихымен қызығып жүрмін. Өз арғы ата-бабам Түркия елінен болған соң, бұл тақырып мен үшін өте жақын. Әлі күнге дейін Түркия елінің халқы Мұстафа Кемал Ататүрікті үлгі тұтып, әр 19 мамыр айында (Мұстафа Кемал Ататүрік еске алу күні мен жастар мен спортшылар күні), не басқа да онымен байланысты байрамдарда дүркіретіп тойын жасап, орталық көшелерге оның фотоларын қойып, халық өз үйлерінің алдына Түркия туын іледі. Мен үшін бұл таң қаларлық.


Саясаттануға деген құмарлық Мұстафа Кемалда студенттік кездерінен басталған, яғни ол сол кездегі өз елінің саяси жағдайын көріп, сол саланы тереңірек оқып, тани бастады. Ол қазіргі Түркияның негізін ұлттық саяси қайраткер ретінде қалады. Оның саяси тұлғасының қайнар көзі - түрік ұлты, Түркия тарихы және ұлттық күрес рухы болған.
Ататүрік - шын мәнінде ұлттық саясаткер. «Неге?» деп өзімізден сұрасақ, өйтені оның принциптері мен төңкерістері ұлтқа тікелей немесе жанама түрде байланысты болған. Ол шетелдік қозғалыстар мен ұлттық емес идеологияларға мән бермеді. Өйткені ол тек өз халқын, оның жағдайын ойлады.
Ал егер тарихқа шолып өтсем, Мұстафа Кемал Түркия еліне көп жетістіктер әкелді. Ол бірінші Дүниежүзілік соғысқа қатысып, Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі болды. Кейін, Осман империясы соғыста жеңілген соң, Мұстафа Кемаль 1918 жылы Түрік ұттық тәуелсіздік соғысын бастаған болатын, кейін бұл жағдай Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты да, Түркия мемлекеті 1923 жылы Мұстафа Кемаль арқасында өз елінің тәуелсіздігін жариялады. Сол жылы 29-шы қазан айында Мұстафа Кемал Ататүрік Түркия Республикасының президенті болып сайланды. Содан соң ол тегін мектептер ашып, ондағы Осман имериясының әліппесін жойып, латын негізінде Түрік әліппесін жазды [1].
Тағы айта кететін саяси жағдай: Ататүрік тәуелсіздік алғаннан кейін Түркия реформасына назар аударып, Түрік әйелдері алғаш реет мұсылман елдерінен азаматтық құқықтарға, яғни сайлау-сайлану құқығына ие болды. 1930 жылдан 3 сәуірден бастап сайлауда дауыс бере алатын болса, 1934 жылы толығымен ерлермен бірдей сайлану-сайлау құқығына ие болды [2]. Бұл оқиға да назар аударуға тұрарлық.
Осы қасиет менің ойымша, оның көспасшы ретінде қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес әр салада дамуға басымдық берген идеалист екенін көрсетті. 15 жыл ішінде ол зайырлы Түркияның негізін қалады. Яғни бұл Республикалық басқаруды, латын негізінде әліппені өзгертуді, дінді мемлекетпен бөлу мен әйелдерге ер адамдармен тең сайлау-сайлану құқығын берумен, оның саяси, мәдени және де әлеуметтік төңкерістері әлемді таң қалдырды.
Бұл оқиғалар мені өте шабыттандырады, өйткені ол қазір мен сияқты қарапайым студенттік кездерден бастап саясаттануды терең оқып, танып, өз елінің саяси жағдайын өзгертмек мақсатында болды. Оның батылдылығы мен патриотизмі соншалық, саясаттануда саяи тарихымен өзінің жарық ізін қалдырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет