Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері. Орындаған: Темербек Айдана


Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі264,53 Kb.
#85024
1   2   3   4
Байланысты:
Саяси билік

Мемлекеттік билік саяси биліктің қолдауынан туындаса, саяси билік қоғамның
мүддесінен туындайды.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Немістің көрнекі ғалымы Маркс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін көрсетті:
1. Әдет-ғұрыптық легитимдік – халықтың санасына сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенеді. Мысалы: хан, патша, сұлтан, т.с.с.
2. Харизматикалық легитимдік – ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгі – қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Мысалы: Мұхаммед пайғамбар, т.с.с.
3.Ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі –қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтың ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
Биліктің түрлері
президенттік
парламенттік
аралас
абсолюттік (шексіз)
конституциялық
Федерация
Конфедерация
Унитарлық
Республика
Монархия
Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі құқықтары мен бостандықтары Қазақстан Республикасы – призиденттік басқару нысанасындағы біртұтас мемлекет.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы-халық. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
Республика президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы болып табылады. Ол - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің,
Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары бостандықтарының рәмізі әрі кепілі.
Парламент - заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы.
Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған.
Конституциялық Кеңес республиканың бүкіл аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы үстінен қарауды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган болып табылады.
САЯСИ ЖҮЙЕНІҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУІМЕН БАЙЛАНЫСТЫ
ИНСТИТУТТАРДЫҢ (МЕКЕМЕЛЕР, ҰЙЫМДАР) ЖИЫНТЫҒЫ
ҚҰРЫЛЫМЫ
МЕМЛЕКЕТ
ЗАҢ ШЫҒАРУШЫ ОРГАН
АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР
СОТ ОРГАНДАРЫ
САЯСИ
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ
САЯСИ ПАРТИЯЛАР
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҰЙЫМДАР
МЕН ҚОЗҒАЛЫСТАР
ЛОББИСТІК ТОПТАР
БҰҚАРАЛЫҚ
АҚПАРАТ
ҚҰРАЛДАРЫ
ТЕЛЕДИДАР
РАДИО
БАСПАСӨЗ
ИНТЕРНЕТ
ДІНИ
ИНСТИТУТТАР

Қолданған әдебиеттер: 1. Жамбылов Д. Саясаттану: оқулық-Алматы, 2015 2. http://kaskasu.kz/wp-content/files/otemisov_karabala_saisat.pdf 3. Хан И.Г. Саясаттану-Алматы 2003 ж.


Глоссарий:
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді.
Монархия (гр. monarchіa – «дара билік») — жоғарғы мемлекеттік билік бір ғана басшы – монархтың (патша, шаһ, сұлтан, хан, халиф, король, император, т.б.) қолында болатын және ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлікпен берілетін басқару тұрпаты.
Республика (лат. Respublіka – халық игілігі, қоғамдық іс) – мемлекеттік басқару нысаны.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет