Саяси элита және саяси көшбасшылық


Саяси жетекшілік туралы ұғым



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі17,58 Kb.
#84045
1   2   3
Байланысты:
лекция с элита
f5fdb98b8709c70 (2), Презентация тақырыптары ПСИХОГЕНЕТИКА
12.3 Саяси жетекшілік туралы ұғым
Билеуші элитаға тарту, оларды жаңғырту мәселесіне келетін болсақ, жоғары басшыларға берілген немесе балаларымен толығуда. Олар орнынын босатса келесі лауазымды орынға отырады. Сырттан келетін адамға жабық элитаға айналады. Еліміздің көркейгенін тілейтін болсақ саяси элитаның саны мен сапасын көтеру үшін оларды ашық жариялылық жағдайында, зерделі, білімді, білікті, еліне халқына шынайы қызмет ететін азаматтарды таңдаған жөн.
Саяси жетекшілік туралы ұғым. Саяси іс- әрекетті іске асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер) , серкелердің орны ерекше. Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп, қорғай білетін, бойына саяси қайраткерге лайық қасиеттерді жия білген адам жатады.
Саяси топ бастаушылар әдетте, мынадай қызметтерді атқарады: Қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман- аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асыру; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйымдар, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділетіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.
Саяси көсем қандай кезде пайда болады. Халықтың немесе үлкен топтың өмірінде бір кездерде маңызды жағдайлар , оқиғалар кездеседі. Сонда көш бастайтын көсемге қажеттілік пайда болады. Сонымен топ бастаушы өзін – өзі көрсету үшін қоғамға белгілі бір саяси және азаматтық еркіндікте болуы тиіс. Оған пікір, еркіндігі, көппартиялық, парламент пен партиялардың ішінде жікшілдікке мүмкіндік беру. Мұндай жағдайда әлеуметтік мүдделерді бейнелейтін адамдардың саяси ойының таласы, бәсекесі толасыз жүріп жатады. Ал тоталитарлық және авторитарлық жағдайда саяси көсемдер емес диктатура, номенклатура мен бюрократия жеңді. Олар билік басына демократиялық жолмен, жетекшілікке жету заңдылықтары арқылы емес, қулық-сұмдық , зорлық –зомбылық әрекеттерді пайдаланады.
Саяси топ бастаушы болудың екі жолы бар: 1) көпшілік халықтың мақсат – мүддесін кездейсоқ дөп басып, ойынан шығу; 2) ол мүдделерді мақсатты түрде талмай зерттеу нәтижесінде.


Сонымен, әрбір қоғамның, мемлекеттің саяси дамуында басты орынды осы саяси элита мен көшбасы алатынына көз жеткіздік. Олардың дамуындағы прогрестік, жасампаздық жолмен жүруінің өзі де осы тұлғаларға байланысты. Біздің еліміздің де қазіргі таңдағы және болашақтағы дамуы да лайықты элиталар мен көшбасшыларды біздің халқымыздың дұрыс тани, таңдай білуіне байланысты екендігін ұмытпағанымыз жөн.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет