Саяси режимдер Орындаған: Нұрмұхамед Махаметжан



Дата29.12.2021
өлшемі1,44 Mb.
#105972
Байланысты:
Саяси режимдер
Спасибо большое, 2 рубежка жарты жауабы, вопросы для студентов 1 курса

Саяси режимдер

Орындаған:Нұрмұхамед Махаметжан

Саяси режим ұғымы

Саяси жүйенің қызмет етуінің барынша нақты және қозғалмалы сипаты – саяси режим.

Осы ұғымның көмегімен қоғамның саяси жүйесінің негізгі институттарының өміршеңдігі, демократияның дамуы немесе күйреуі, көпшіліктің басқаруға қатысу дәрежесі, билік органдарының қызмет әдістері анықталады.

Саяси режим – бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жиынтығы.

Саяси режим типологиясы

  • Саясаттану әдебиетінде саяси режимдердің мынадай негізгі түрлері кеңінен қолданылады:
  • Тоталитарлық режим (total – толық, жалпы);
  • Демократиялық режим(demos –халық,kratos –билік).
  • Мұндай типтендірудің негізіне билік жүргізудің екі әдісі алынған. Тікелей күштеу әдісі және либерализм әдісі. Осы екі әдіске саяси режимнің екі негізгі түрі сәйкес келеді: авторитарлық және либералдық, олардың арасында әртүрлі аралық түрлер болуы мүмкін. Режимдердің осы екі түрінің өзі тоталитаризмнен демократияға өтпелі болуы мүмкін, оларды көрнекі түрде төмендегідей көрсетуге болады.

Саяси режимдердің типологиялық белгілері:

Тоталитарлық Жалпы бақылау және күштеу

Авторитарлық Қоғамдық өмір аясында

бақыланбайтын биліктің пайда болуы

Либералды Билік тәуелсіз топтармен сұхбат

жүргізеді, оның нәтижесін анықтайды

Демократиялық Билік заңды түрде сайланған

азаматтардың өкілдері

арқылы жүзеге асырылады

Адамдардың билікке қатынасы

  • Тоталитарлық Қоғамдық сананың
  • билікпен кірігуі

  • Авторитарлық Халықтың билікті
  • жатсынуы

  • Либералды Қоғамның билікке ықпалы
  • Демократиялық Нақты билік
  • ұстаушыларды сайлау

1. Мемлекет тарапынан қоғамның экономикалық, саяси, және рухани өмірін барынша реттеу. 2. Азаматтық қоғамды бөлшектеу және тарату: саяси және саяси емес өмір аясы арасындағы шек жоғалады, көпшілік және азшылық мәселесі – барлық жағынан бірауыздылықты талап етеді, рұқаст етілмеген қызметтерге тыйым салынады. 3. Басқарудың әрбір деңгейінде билікті бір орталыққа шоғырландыру, билікті барлық деңгейде қалыптастыру жабық арналар арқылы жүзеге асырылады, қоғамдық-саяси ұйымдар мемлекеттік органдардың қосарларына айналады. Барынша тоталитарлық режимге сталинизм кезеңіндегі КСРО үлгі бола алады, ол адамзат қызметінің бар саласын қамтыды: материалдық та, рухани да.

Тоталитарлық режим

ХХ ғасырда тоталитарлық режим тек КСРО-да ғана емес, сонымен бірге мынадай бірқатар елдерде де дамуға үлгерді: Италия, Германия, Испания, Португалия, Румыния, ҚХР, Чили. Ол әрқайсысына тән ерекшелікке ие, бірақ режимнің мәнін біріктіретін жалпы белгілері бар. Оны өз кезінде батыс саясаттанушылары К.Фридрих және З. Бзежинский көрсеткен болатын: 1. Дара көпшілік саяси партияның болуы. 2. Партияның өзі демократиялық бастаумен ұйымдастырылған. 3. Идеологияның басым ролі дін ретінде қабылданады. 4. Билік тарапынан экономикаға монополиялық бақылау, көпшілік бөлігінде соғысқұмаршылық. 5. Билік тарапынан бүкіл халыққа тотальды бақылау. Зерттеушілер, егер елде осы бес белгі боса, онда бұл тоталитарлық режим демократияға қарай өзгермейтіні туралы «диагноз» қойды (З. Бзежинский). Алайда өмір теориялық тұжырымдарға толы. Бұған ТМД елдері мысал бола алады.

Авторитарлық режим

Саясаттанушылар тоталитаризммен ұқсас белгілері бар, бірақ одан елеулі айырмашылығы бар режимнің түрін көрсетеді. Бұл демократиялық емес, бірақ ол тоталитарлық секілді шектен шықпаған режим - авторитарлық режим. Ол қоғамда саяси режимнің дербес түрі ретінде өмір сүреді, бірақ көптеген зерттеушілер оны тоталитарлықтан демократиялық режимге ауыспалы режим деп есептейді.

Мұнда экономикалық еркіндік бар, білім беру, мәдениет, дін саласында да белгілі бір бостандық бар. Авторитарлық режимнің мынадай шағын түрлерін бөліп көрсетеді:

а) теократиялық авторитарлық режим, билікте руханилық пен Шариғат заңдары мемлекеттің заңдары болады (Иран). Режим әрине өзі де жеткілікті түрде қатаң, бірақ экономика Шариғат заңдары бойынша емес, рынок заңдары бойынша жұмыс істейді;

ә) тоталитаризмге дейінгі режим: мұнда тоталитарлық режимге, темір тәртіпке қарай анық қозғалу;

б) тоталитаризмнен кейінгі режим: өзінің бірқатар белгісін жоғалтқан режим, мысалы партия монополиясы саяси плюрализмге жол береді және дара идеологияның негізгі бетінен кері шегінеді.

Демократиялық режим

  • Өрістетілген демократияның көрнекілеу типі өкілдік болып табылады, бұл кезде плюрализм елде саяси-құқықтық тұрғыдан іске асады. Құрылымдық-логикалық тұрғыдан бұл былайша көрінеді:
  • а) шағын қауымдарды жалпы жиналыстар басқарады;
  • ә) үлкен қауымдарды даулы, барынша маңызды мәселелер
  • референдумдар өткізіледі;
  • б) қоғамдық пікір үнемі зерттеледі;
  • в) барлық деңгейдегі өкілдік органдар жалпыға ортақ, тең, тікелей сайлау арқылы жасырын дауыс беру арқылы сайланады;
  • г) көппартиялық жүйе жұмыс істейді;
  • ғ) саясаткерлер мен саяси партиялардың тартысатын негізгі аренасы
  • – сайлау;

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет