Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет7/74
Дата11.10.2023
өлшемі1,78 Mb.
#184799
түріСборник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
Байланысты:
itog-sbornik-materialov-mnpk-04.03.2020
Экспер псих Тест, 02 03 22 7г хим нов, МП РГР №1 (1), БОӨЖ 2БХ bdb95bcee912f1e2b944fe8f34df0cff, 205432, ББ аймағ.жобалау
Пәндік құзыреттілік 
– білім беру қызметінде белгілі бір пәндер шеңберіне қатынасты 
білім, біліктілігі және дағдысы мен іс – әрекетінің сапалар жиынтығы. Педагогикалық және 
әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу іскерлігі. 
Ақпараттық құзыреттілік 
– айрықша назар аударуды қажет етеді. Себебі, ақпараттық 
қарым –қатынас технологиясын игеру әр маманнан талап етіледі. Ақпараттық ресурс – ақпарат 
көзін алу мультимедиялық, электрондық, жалпы ақпараттық технологияларды меңгеруі тиіс.
Білім сапасы – мұғалімдер қызметінің сапасы. Ұстаз беделі, ең алдымен, оның жеке 
басының қасиеттеріне, ұстаздық келбетіне байланысты екені анық. Егер «нені оқыту керек?» 
деген сауалға, мемлекеттік білім беру стандарттары жауап беретін болса, «қалай оқыту керек?» 
дегенге жауапты тек мұғалімнің кәсіптік даярлығынан, жаңа технологияларды пайдалана 
білуінен, өзінің нақты мақсатын айқын көре алуынан және сол арқылы баланы әлемдік 
ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет. 
Балалардың бойындағы барлық жақсыны көру, анықтау, еш назарсыз 
қалдырмау 
және өз-өздерін 
кемелдендіруге шабыттандыру. Ол үшін ең бірінші оқытушының ұстанымы 
мықты болуы қажет. Бұл нені білдіреді? Ұстаным – оқытушының көз-қарасын өзгертіп, жаңа 
шешім қабылдай отырып әрекетке көшсе нәтижелі еңбек жасамақ.
Жалпы колледж қабырғасында білім беру мектеппен универститетте білім беруден 
күрделі деп айтсам, артық емес шығар. Оның бірнеше себебін мысал келтірейін: 
1.
Жас ерекшелігі: мектепке 5-6 жастағы бала барады яғни әлі толық қалыптаспаған 
индивид, ал университетке 17-18жастағы азаматтар барады, яғни ақыл-ой тоқтатқан, жек көз-
қарасы қалыптасқан деуге болады. Ал колледжге оқуға 15-16 жастағы жас-өспірімдер келеді, 
яғни аумалы-төкпелі кезеңдегі адамдар, бұл жастағылар әр көрген, естіген дүниеге еліктеуіш, 
ергіш болып келеді. 
2.
Білімділігі: Бала мектепке жазу түспеген ақ қағаз сияқты барады, яғни мықты ұстаз 
білім берсе, ол қағаздан мағыналы әдебиет қалыптасады. Ал университетте келіп түскен 
әдебиеттерді саласына қарай бұру, дамыту, әрлеу, өң беру жұмыстары жүргізіледі. Ал 
колледжге келген бала әлі бітпеген, мүмкін түрлі жағдайларға байланысты толық жазылмаған 
немесе жанр таңдалмаған шытырман бастауы бар түсініксіз әдебиеттер десек болады. 
3.
Таңдау: Университетке бала мамандығын таңдап барса, өкінішке орай колледжге 
келіп түсетін балалардың көпшілігі әлі жас-өспірім болуына байланысты, оларға таңдауды ата-
ана, туыс-тумалар жасайды. Яғни түскен мамандық баланың өз қалауы емес. Сондықтан оған 
жалпы білім берумен қатар, мамандықты түсіндіру, мамандыққа деген қызығушылығын ояту 
қажеттілігі туындайды.
Сондықтан колледжде дәріс беретін оқытушылар кәсіби құзыретті болған жағдайда ғана, 
жоғарыдағы туындайтын мәселелерді шеше білумен қатар, келіп түскен балаларды білімді
тәрбиелі, білікті мамандар қатарына қоса алады деп ойлаймын. Ол үшін, оқытушылардың кәсіби 
құзыреттілігін талапқа сай ұдайы жетілдіріп отыру қажет. Сөз соңында барлық әріптестерге 
жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, сапалы да саналы шәкірттеріңіз көп болсын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет