Сборник международной научно-практической


Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау



Pdf көрінісі
бет210/483
Дата11.03.2022
өлшемі11,88 Mb.
#135018
түріСборник
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   483
Байланысты:
Сборник зимней школыы 2019
8 РУССКИЙ ЯЗЫК (обновленка КСП)
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау 
Зерттеу жұмыстары Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан шаруа 
қожалықтарының тәжірибе мөлтегінде әр мерзімде егілген қант қызылша егісінде 
кездесетін зиянкестеріне маршруттық есептеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстары 


157 
жүргізілген тәжірибе мөлтегіндегі суармалы жерге өскен қант қызылшасындағы зиянкестер 
саны аз кездесті (кесте 1). Егіс алқабында кездескен зиянкестер түрі: Қызылшаның жапырақ 
бітесі (
Aphis fabae
Scop), қызылша сабақ жемірі (
Lixus subtilis 
Sturm
),
қызылша қандаласы 
(
Poeciloscytus cognatus 
Fieb
), 
кәдімгі қызылша бізтұмсығы (
Bothynoderes punctiventris
Germ.), қызылша бүргесі (
Chaetocnema cocinna), 
күздік көбелек (
Agrotis segetum
Schiff), 
жабайы көбелек (
Euxca conspicua
Hb).
Кесте 1
– Қант қызылша егістігіндегі зиянкестер мен аурулардың фитосанитарлық 
мониторингі, 2018 ж. 
Шаруа 
қожалықтары 
Ауданы, 
га 
Қызыл-
ша 
Бүрге-
лері, 
дана/м
2
Қызыл-
ша 
бізтұм-
сығы, 
дана/м
2
Қызылша 
жапырақ 
бітесі 
дана/м
2
Қызыл-
ша сабақ 
жемірі, 
дана/м 
2
Күз-
дік 
көбел
ек, 
дана/
м
2
Қызылша 
тамыр 
шірігімен 
залалдануы, 

2017
2018
Қарасай 
ауданы, 
«Үшқоңыр» 
10 
0,1 
0,1 
7,8 
1,0 
0,2 
7,2 
6,1 
Шу ауданы, 
«Тұрсын»
90 
0,2 
0,3 
9,5 
1,8 
0,4 
14,3 
12,1 
Көксу ауданы 
«Кең дала» 
80 
0,2 
0,3 
9,6 
1,5 
0,3 
11,4 
10,3 
Қант қызылша егістігінде көптеген полифагтар кездесті, дегенмен айтарлықтай 
өнімнің төмендеуіне тек қана 30-ға жуық көп қоректі зиянкес түрлері және маманданған 
зиянкес түрлері ғана зақым келтірді. 
Қызылша дақылын әртүрлі технологиялық тәсілдермен өсірудегі зиянкестердің 
фитосанитарлық мониторингі мен қатар қорғау шараларының экономикалық тиімділігі 
көрсетілді. Қант қызылша дақылында кездесетін зиянкестердің түр құрамы анықталды.
Қант қызылша бүргесі 
- Chaetocnema cocinna. 
Бағыттағы тексеру кезінде мамырдың 
бас кезінде бүргелердің қант қызылшасы егістігінде қоныстанды. Қант қызылшасы 
алқаптарына қоныстануы 1м

жерде 0,1-0,2 қоңыздан кездесті, қуыршақтану сатысынан 
шілденің бірінші он күндігінде жаңа ұрпақтары ұшып шықты, қоныстануы аз мөлшерде 
болды, қызылша түбірімен жапырақтарына айтарлықтай өте көп зиян келтірмеді. Жалпы 
биылғы жылы қызылша бүргелерінің қызылша алқаптарына зияндылығы аз болды,себебі 
алдын ала қант қызылшасын себер алдында егілген алқапты инсектицидпен 
залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.
Қант қызылша бізтұмсығы
-Bothynoderes punctiventris. 
Бізтұмсықтар мен бүргелер 
алғашқы кезде арамшөптермен қоректеніп, кейіннен қызылша егістігіне көшіп, 
қызылшаның жас өскіндерімен қоректеніп, аз мөлшерде зиян тигізді, қоныстануы 1м
2
жерде 

0,1 - 0,3 қоңыздан кездесті. Қант қызылшасы алқаптарында қатар аралық суғару, 
агротехникалық іс шаралары қолданылды. Маусымның бірінші он күндігінде қызылша 
алқаптарында балаңқұрттарының шығуы және зияндылығы балаңқұрттарының 
қызылшаның түбіріне аз мөлшерде болды. Тамыз айында балаңқұрттар қуыршақ фазасынан 
өтіп, ересек қоңызға айналып, тамыздың соңына қарай қоңыздар қыстауға кетті. Себер 
алдында жылда қант қызылшасына өңдеу жұмыстары жүргізіледі, соның нәтиежесінде 
зиянкестердің қант қызылшасында көп таралуы байқалмады.
Қант қызылша сабақ жемірі 
– Lixus subtilis. 
Бағыттағы зерттеуде қант қызылшасы 
егістігін тексеру кезінде зиянкестің қоныстануы ересек зиянкестері қант қызылшасына 
топтанып қоныстанып, қызылша жапырақтарымен қоректеніп, мамырдың үшінші он 


158 
күндігінде қант қызылшасының сабағына жұмыртқа салғаны байқалды, барлық қант 
қызылшасы егілген алқаптарда қоныстанған және жұмыртқадан балаңқұрттарының 
шыққаны анықталды, қант қызылшасына зиян келтіргені және қоныстанғаны орташа 
есеппен 1 м

жерде 
– 
1,0-1,8 данадан кездесті.
Экономикалық зияндылық шегінен артық болған 1 шаршы метр жерде 2-3 данадан 
болған жерге қызылша сабақ жеміріне қарсы Цунами, э.к., (0,1 л/га), Фагот э.к., (0,1 л/га) 
препараттарымен бүрку жұмыстары жүргізілді. Зиянкес қызылша егетін алқаптардың 
барлық жерлерінде таралған, бірақ жылдағыға қарағанда онша көп мөлшерде болмады. 
Қыркүйектеде қызылша жапырақтарына аздаған зияндылығын тигізді. Қыркүйектің екінші 
он күндігінен балаңқұрттары қыстауға кете бастады зиянкестің ересектерінің қыстауға 
кетуі қазан айының аяғына дейін созылады.
Күздік көбелек 
- Agrotis segetum.
Күздік көбелек бірінші ұрпағының жұлдызқұрттары 
мамырдың үшінші он күндігінде қант қызылшасы алқаптарын тексеру кезінде барлық 
тексерілген шаруа қожалықтарының қант қызылшасы алқабында тығыздығы орта есеппен 
1 м

жерде 

0,2-0,4 данадан кездесті, қант қызылшасына зияндылығы аз мөлшерде болды. 
Биылғы жылы көктемде жаңбыр жауып ылғал болуынан және егістіктерге судың ерте 
беріліп, суғару жұмыстары жүргізілуінен күздік көбелектің дамуы мен таралуына қолайсыз 
болды. Алқаптарды химиялық бүрку жұмыстарымен мол суғару жұмыстарын жүргізудің 
нәтижесінде, зиянкес жұлдызқұрттарының азайғаны анықталды. Зияндылығы қант 
қызылшасына өте аз мөлшерде болды. Қызылша алқаптарын бағытты тексеру кезінде де 
қоныстануы мен зияндылығы өте аз мөлшерде болды. Тамыз айындағы маршруттық 
тексеру кезінде күздік көбелек 2-ші ұрпағы жұлдызқұрттарының қант қызылшасында 
қоныстануы болған жоқ, тек картопта аз мөлшерде, 1м

тығыздығы 

0,2 данадан болды. 
Жалпы күздік көбелектің зияндылығы биылғы жылы аз болды.
Тамыр шірігі өте қауіпті және өте зиян келтіретін ауруларға жатады. Қант 
қызылшасының тамыр жемістерінің шіріктермен залалдану дәрежесін анықтау мақсатында 
топырақты өңдеу әдістері және тереңдіктерін есепке алу үшін өткізілген тәжірибелерде 
негізгі вегетация кезінде алынды. Тәжірибелердің нәтижелерінде топырақтың әртүрлі 
өңдеу әдістері және тереңдіктері тамыр шіріктермен залалданған қызылша өсімдіктерге 
әртүрлі ықпал етті. Тамыр шірігімен заладанған өсімдіктердің орташа саны 6,1-14, 3% 
құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   483




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет