Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


//БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ АНАЛАРЫМЕН МЕРЕКЕЛІК ФОТО СУРЕТ//



Pdf көрінісі
бет16/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99
Байланысты:
Китапша

//БАРЛЫҚ ҚАТЫСУШЫЛАРМЕН ЖӘНЕ АНАЛАРЫМЕН МЕРЕКЕЛІК ФОТО СУРЕТ//


15
«МӘҢГІЛІК АЛАУ» 
2+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
 
МАҚСАТЫ:

Балаларға Жеңіс күні мерекесі туралы түсінік беру.
- Балаларды Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымыздың ерлік істерімен таныстырып, ой - 
өрісін дамыту.

Бүлдіршіндерді адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу.
 
ӨТЕТІН КҮНІ: 
 
УАҚЫТЫ: 
 
ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
жалаушалар, ойынға арналған кедергілер, доптар, себет
 
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР: 
жүргізушінің сахналық костюмі, бүлдіршіндерге 
арнайы тігілген әскери киімдер, пилоткалар
 
БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
ашық аспан түсті маталар, күлімдеген 
күн, мәңгілік алау макеті
ҰЗАҚТЫҒЫ: 
15 минут
БАРЫСЫ:
БАСЫ (3 МИНУТ):
БАСТАЛУЫ: 
«Жеңіс күні» (
https://www.youtube.com/watch?v=Io_vclYh568
) (балалар әні) қосы-
лады.
 
Сахнаға жүргізуші соңынан ерген балалар көгілдір жалаушаларды желбіретіп шығады. Ортаға 
жартылай шеңбер жасап орналасады. 
Жүргізуші: 
Құрметті балабақша ұжымы және балалар! Бүгінгі 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесімен 
баршаңызды құттықтаймыз! Мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен 
әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт 
кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің 
құрметіне арналады.
//ЖҮРГІЗУШІ БАЛАЛАРҒА «ЖЕҢІС» ӨЛЕҢІН ОҚЫП БЕРЕДІ// ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТАҚТАДА 
«ЖЕҢІС КҮНІ» ТАҚЫРЫБЫНДА ПРЕЗЕНТАЦИЯ ЖҮРІП ТҰРАДЫ//
Жүргізуші: 
Жеңіс дейміз жалауымыз желбіреп,
Көктем күні нұрын төксе елжіреп,
Тап осындай бейбіт күнге жеткізген
Әкелер мен ағалар ғой ержүрек.
Қорғап қалған қаласы мен даласын,
Білеміз бе бабалардың бағасын?
Қан майданда бала аңсап анасын,
Келеді деп ана күтті баласын.
Жауынгерлер Отан үшін ерледі,
Жауларына сүйем жерін бермеді.
Жанын қиып туған жерім, елім деп,
Амал қанша, көпшілігі келмеді.
Боздақтардың ұрпақтары өрістеп,
Болашақтың бақытымен бөліспек.
Өткен күннің өшпейтұғын белгісі –
Өсіп жатыр Жеңіскүлдер, Жеңісбек.
Ойламаңдар жеңіс көзі соғыс деп,
Алдарыңда күтіп тұрған соны іс көп.
Жетістікке жеткен сайын әр істе,
Соның бәрін санай бергін жеңіс деп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   99




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет