Сәбилік кезең психологиясы Орындаған: Айтбай Айгерім


Сәбилік кезеңде баланың таным процестерінің дамуы



бет3/7
Дата16.10.2023
өлшемі32,45 Kb.
#185801
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сәбилік кезең психологиясы-engime.org
000754c0-fe995acd, күн жүйесіндегі планеталарға саяхат 2, 3 сынып қазақ тілінен ҚМЖ топтамасы, күн жүйесіндегі планеталарға саяхат, 1 Ғылымға кіріспе 7-бөлім Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалысы. ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, Сәбилік кезең психологиясы-engime.org, 169269229832, 11-сынып бжб

Сәбилік кезеңде баланың таным процестерінің дамуы

Сәбилік кезеңде баланың таным процестерінің дамуы

Сәбилік кезеңде баланың таным процестерінің дамуы

Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.

Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.

Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы

Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.

Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.

Сәбилік кезеңде баланың таным процестерінің дамуы

Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды.

3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті (« мамам келе жатыр»), әрекет және объект әрекеті (« мам берші») немесе әрекет және әрекет орны (« кітап анда») 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды.

Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: « Есіңде ме суға барғанымыз, әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?», « Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін», « Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын».

Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет