Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының поэтикасы


"Балуан Шолақ" шығармасының көркемдік ерекшеліктері



бет9/21
Дата18.12.2021
өлшемі79,1 Kb.
#103063
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
Байланысты:
Балуан Шолақ
Айым, cf,f0 cfke, 1 сыныпқа оқу техникасына карточкалар, 1. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген сақтарға жақын -emirsa
2.2 "Балуан Шолақ" шығармасының көркемдік ерекшеліктері


«Балуан Шолақ» тарихта болған қазақ халқының дарқан ұлы туралы шығарма. Қаламгер шығармасын көпшілікке аңыз деп ұсынады, дегенмен осы бір тарихи шындық суреттеріне бай, дəуір тынысы кең қамтылған шығармаға қажет материалдарды жазушыға халық өмірі, оның қуанышы мен қайғысы, сол жолдағы Балуан Шолақтың күресі берді. С.Мұқановтың өте сəтті шыққан туындыларының қатарына жататын бұл шығарманы зерттеу нысанына айналдырған ғылыми мақалалар да аз емес. Мысалы, ұлы жазушымыз М.О.Əуезов: «Ескі өмірден алынған кейіпкерлерінде де жаңа дəуір таңын тосқан асыл сезімдер жүреді. Ауыл тірлігін революция жолымен жаңғыртам деп алысқан жеке-жеке адамдардың бəрінде үлкен оптимистік наным мол болады. Осылай етіп суреттеу жазушының өз кеудесіндегі үлкен нанымнан туған» [13,10б] десе, əдебиетші-ғалым Белгібай Шалабаев: «Романның батырлық дастандарға ұқсауында көп мəн бар. Сюжет дамыған сайын қызықты болу үшін автор бұрынғы қазақтың эпостық жырларының əдісін қолданып отырады. Балуан Шолақ кейде «отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын, найза өтпейтін, қылыш кеспейтін ертегінің ері сияқты. Баяғының батырындай оның да «Аққошқар», «Қаршыға» тəрізді əруағы, «қолтығына қос қанат біткен аты» бар. Жекпе-жекте жолбарысты да өлтіреді» [14,140б] деп жазады. Жазушының жыр-дастандарды жатқа айту машығының шығармасының сюжетін дамыту, кейіпкерлерінің образдарын сомдау ісінде оң нəтиже бергендігі айқын. Ал алыптың Ақбоз аты туралы: жазушы Естай Мырзахметов: «Балуан Шолақ жанына балаған тұлпарын жас баладай мəпелеп бағып, неше түрлі өнерге үйреткен ғой. Ақбоз ат иесінің айтқанының бəрін түсінетін болған жəне де иесіне шексіз берілгені сондай, оның айтуынсыз, бұйрығынсыз аяғын қия басуды білмеген. Байлаусыз, тұсаусыз жүретін, енесінің соңынан ерген құлындай, жетелемей-ақ еріп отырған. Сөйткен есті жануар алты күн бойы тас қорада байлауда, қамауда тұрып, аласұрып, иесін іздеп, арқырап, кісінеумен болған емес пе? Енді иесін көргеннен кейін сағынып көрісіп құшақтасқан адам секілді басын екі иығына кезек-кезек салып, көзінен жас сорғалап, кісіше жылағанын Балуан Шолақ жүрегі елжірей айтып жүрген дейді. Өлеңде де сол. Ақбозының көзжасын тыя алмағанын айтқан. Ол жайды жете білмейтін біреу Балуан Шолақ өзі жылады деп ұққан», – десе [15,7б], тұлпардың қасиеттілігі жайлы Балуан Шолақтың немересі Шайдолла Құдайбергенов: «...Бұл жануар өте белді жəне ақылды ат болыпты. Белді дейтінім, атамыз осы Тастыөзектің Аққұдық жайлауында қызы Бəтенді ұзату үшін той жасайды. Сонда жігіттер көкпар тартамыз деп оның үлкен ұлы Исажардан серке сұрайды. Мұны естіген Балуан оларға: «Жапырақтай жалғыз атқа қайсысыңның тақымың толады. Одан да тана тартыңдар, – деп мүйізі шығып қалған өгізшені бауыздап береді. Намысқа тырысқан небір атпал азаматтар əлгіні қозғалта алмай əуре-сарсаңға түседі. Жігіттердің ақ тер, көк тер болғанын көрген атамыз түс қайта Ақбозбен «көкпарды» жерден үзеңгі бойы көтерген күйі ауыл шетіндегі Айша деген жесір əйелдің есігінің алдына апарып, солқ еткізіп тастай салады. Сонда батырдың астындағы аты əлгі екі аралыққа дейін сымдай созылған күйі аяғын санап басып, сыр бермей жетті дейді көргендер. Ал, оның ақылдылығын мынаған байланыстырып айтады. ...Балуанның қарасы көрінсе немесе оның дыбысын естісе жарықтық Ақбоз өрісте жүрген жерінен желіп отырып келіп атамызға бір соғып кетеді екен. Ол кісі иығын тұмсығымен түрткілеп: «Мен келдім!» – деп тұрған оның мойнын алақанымен қағып, еркелеткеннен кейін ғана, аты үйірдегі жылқыларға қайта барып қосылатын болған»» – дейді [16,4б] Сөйлемдердің қарапайымдылығы, олардың оқуға, айтуға, қабылдауға соншалық жеңілдігі, жеке сөздердің бірін-бірі күшейтіп, ұғымды дəл беріп қана қоймай, жан-жағына, оқушы ойына сəуле түсіріп тұратын бейнелілігі халықтық əдебиет рухын танытады. Сәбит шығармаларының баға жетпес құндылығы көп сырлары мен қырларының бірі осында – олардың халық əдебиеті қайнарынан суарылғандығында жəне оның туын поэзияда ғана емес, көркем прозада да жоғары көтергендігінде болса керек. Мысалы, ертекші-əңгімешілердің белгілі бір оқиға желісін тартуы бар да, оны тыңдаушыларын қызықтыра өрбітуі бар ғой. Басты кейіпкерлердің қимыл-əрекетіне, қарама-қарсы күштердің қақтығысына байланысты оқиға бірде шиеленісіп, бірде «баяу» ағады. Кейде арнайы баяндауды, қосымша түсінік беруді қажет ететін жайлар да тап болады. Ол өзінің прозалық шығармаларында, реті келген жерінде, сөз, оқиғалар орайына қарай, халық əдебиетінің барлық жанрларынан дерлік мысалдар келтіріп, ұзақ-ұзақ үзінділер, мазмұндаулар да беріп отырады. Бұлары шығарманың ажарын ашып, оқушыларын қызықтыра түседі. Сонымен қатар олардың халық əдебиетінен азды-көпті мағлұмат алып, ой-өрісін кеңейтуіне де көп пайдасын тигізеді. Сəбит шығармалары кешегі ұрпақты ғана емес, бүгінгі жəне келер ұрпақтарды рухани қазынамызды сүюге, қадірлеуге тəрбиеледі. Ұрпақтан ұрпаққа қалып келе жатқан рухани қазынамызды жасаушы да, оны қастерлеп сақтаушы да халық. Ел ішінде ертекшілер мен əңгімешілер, ақындар мен жыршылар, əншілер мен күйшілер көп. Кең далаға іргесін кең сала қоныстанған ауылдардың үстінде əрқашан дерлік əн қанатын қағып тұрады. Үлкен-кіші жиындарда өлең-жыр өзендей тасып жатады. Қарттар бас қоса қалғанда əңгіме-дүкен қызып, ағыл-тегіл шешендік сөздер тиегі ағытылады. Ақылдыдан шыққан асыл сөздер таланттыларға жетуге асығады. Мақал-мəтелдер, нақыл сөздер тыңдаушыларының құлағына құйылып, жаңа бір ой салып жатады. Олардың құдіретті күші жамандықтан жирендіріп, ізгілікті, жақсы əдетті үйретуге жұмсалады. Бір сөзбен айтқанда ескіруді, тозуды білмейтін, мəңгілік көгеріп, жайнап құлпыра беретін халық əдебиеті өзі туған халқына қалтқысыз қызмет етіп бағады. Осындай шешендік сөздер, халық даналығы тудырған мақал-мəтелдер С.Мұқанов кітаптарынан көптеп орын алған. Оның қаламынан туып,тапқан. Осы бір повестерін зерделеу суреткердің стильдік ерекшелігін, көркемдік бейне жасау мүмкіндіктерін, шеберлік деңгейін терең жəне толық түсінуге мол мүмкіндік береді. Қаламгер бірде тарихи оқиғаларға сүйене, бірде өмірде нақты болған адамдардың іс-əрекетіне құрылған, халық өмірін суреттейтін, көркемдігі, идеясы жағынан құнды, шыншылдықты бейнелейтін, асыл туындыларын қазақ қауымына мұра ретінде қалдырды, қазақ прозасының арнасын кеңейтті.Сəбит Мұқановтың повестері өзінің идеялық саралығымен, өмір оқиғаларын екшеудегі принциптілігімен ерекшеленеді. Бұлар, сөз жоқ, болашақ үлкен прозашының сенімді аяқалысын байқататын тəжірибе сатылары еді. Осы повестерінің құрылыстық, сюжеттік, көркемдік өрнектері де түрлітүрлі. Кейде жазушы қаһарман тағдырын уақиға шытырманының қат-қабатына араласқан тұсында елестетеді. Енді бірде оқиға өріліп, орталық кейіпкердің естелігі түрінде суреттеледі. Бірақ сол шығарманың бəрінің де идеялық нысанасы айқын, ол нысана – бұрын əлеуметтік теңсіздік зардабын шеккендердің р революция рухымен оянып, кеңес заманында тың серпінмен жасампаздық еңбекке араласқанын, кеңестік дəуірдің құрылысшысы ретінде қалыптасқанын, өз басынан таусылмас қуат тауып, өмір күрестерінде бірте-бірте шыныққандығын көрсету.[18,196б]

Көрнекті қазақ жазушысы С.Мұқановтың "Балуан Шолақ" шығармасы - тарихи тұлғаның өмірі қазақ халқының тіршілігімен сабақтастырыла суреттелген туынды. Тарихи және көркемдік шындық арасындағы ара қатынасты ескере отырып, тарихи тұлғадан қаһарман бейнесін сомдау - әдеби процестегі ежелгі дәстүр. Көркем шығарманың негізгі арқауы - қазақтың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында өмір сүрген, асқақ әнші, ақын, балуан Нұрмағамбет Баймырзаұлы өмірі. Балуан Шолақ - сал-серілік дәстүрді жалғастырып, қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына өзіндік үлес қосқан тарихи тұлға.

Жеке шығарманың жазылу тарихы бір қарағанда тым кең ұғым да емес. Алайда, бұл жазушы дүниетанымынан бастап, оның жазуға деген аңсары, шығармашылық процесті тұтас қамтитын кең ұғым.

"Балуан Шолақ" туындысының ойға оралуынан, көңілде пісіп жетіліп, жазылып бітуіне дейін өзіндік сыры бар. Бұл шығарма суреткердің тарихты, Балуан Шолақ өмірін жан-жақты зерттеп, терең білгенін мейлінше айқын көрсетеді.[5 , 167б.].

Тарихи тұлға Балуан Шолақ Баймырзаұлы жазушылық шеберліктің арқасында әдеби кейіпкерге айналады, дара мінезімен, іс-әрекетімен бірге рухани ішкі қасиеттері тұлғаланды. Мұндай жағдайда көзбен көрген, бастан кешкен, ой елегінен өткізген оқиғалар шығармаға шынайы сипат береді.

Балуан Шолақ жаратылысында дене күш бітімі жағынан ерекше үздік балуан, патшалық Ресейдің отаршылдық қысымдарына, жергілікті ұлықтардың зұлымдықтарына қарсы дара түрде күрескен халық батыры. Қазақ жұртына өктемдікпен қиянат жасаған келімсек, ұлық-төрелермен алысып өткені аян. Қазақ жұртының кегін, кеткен есесін талай қимыл-әрекетімен қайтарғаны жайлы әңгімелер де баршылық.

Балуан Шолақ - өмір-тағдырын қашан да өлеңге қосып жырлаған ақын, Орыс шонжарларының малын айдап кетіп базарға сатып, халыққа үлестіріп беру оқиғасына байланысты туған ән-өлеңі мынау еді.

Мен өзім осы кезде тасып жүрмін,

Кеудесін дұшпандардың басып жүрмін.

Жаласы сексен өгіз маған ауып,

Сол кезде Қараөткелде қашып жүрмін, ай.

Айтқаны жақсылардың болар себеп,

Қолтықтан көтере көр әруақ демеп.

Ұстайды деген менін ойымда жоқ,

Тайный кеп он солдат алды қамап.

Шығармада осы бір оқиға "Аңғалдық" тарауында кеңінен баяндалады.

Қаламгер Сәбит Мұқановтың "Балуан Шолақ" туындысының өзіндік тағдыры бар, шығарманың саяси, көркемдік желілерге байланысты өнделгені әдебиет тарихынан белгілі. Шығарманың 1942 жылғы, яғни алғашқы жарық көрген басылымында, ел қорғанына айналған Балуан Шолаққа, жаны ашыған жиналған қауым аузынан шыққан сөз былай беріледі: "Не де болса, арты жақсы емес. Кеше Исатай мен Махамбеттің, Кенесары мен Наурызбайдың, Бекеттің, Көлбай-Жанбайдың, Қожықтың түбіне жеткен өкімет емес пе, оған топырақ шаша алмассын. Есің барда етегінді жап, ел сені ұстап бермейді, осы түнде қаш... - деді көпшілік". Сондай-ақ, Балуан Шолақ - жаны сұлулыққа құштар, туған жер табиғатына табынған, оған деген сағынышы бойын кернеген сезімі нәзік тұлға. Балуан Шолақ айтатын мына өленде оның туған жер, туған ел жөніндегі нағыз жалынды ұлы арманы, сүйіспеншілік сезімі шебер бейнеленеді.

Тау көрмедім Көкшенің биігіндей,

Бауырында ойнап ем киігіндей.

Кіндік кесіп, кір жуған қайран жердің

Болмайды екен еш қайғы күйігіндей.

Бұл ән Үш жүзді аралап, асқақ әнді, адуынды жырлы халық өнерпазының Арқадан Жетісуға келгендегі туған жерге деген сағынышынан дүниеге келген. Осындай бар жан дүниесімен жақсы көретін туған елінің, туған жерінің ішінде Балуан Шолақ еркін өмір сүре алмайды. Туған ауылы өртеніп, елдің мал-мүліктері таланады. Балуан Шолақтың басы істі болып, бірнеше рет түрмеге түседі. Бұл жалғыз Балуан Шолақтың өз басындағы қорлық өмірі емес еді, сол заманда қазақ халқының көріп отырған ауыр қысымы, қорығы еді.[7, 90 б.].

Шығармашылық процесс үстінде негізге алынған деректер, оқиғалар, түптұлғалар өнделеді, өзгереді, шығарманың тұтас композициясына өріледі. Тарихта ізі бар оқиғаларды жазушы өзінше толғап, өмірдің заңдылықтарына сәйкестендіріп, кейіпкерлердің іс-әрекетімен үйлестіреді. Көркемдік шындық қоғамдық өмірдің ішкі сырын ашып бере алатын көркемдік қуатымен өлшенеді. Тарихи шындық ойдан шығарылған оқиғалар арқылы да, яғни, шығарманың мазмұн байлығы арқылы толық көрінісін табады. Жазушының мақсаты Балуан Шолақтың өмір жолының айтулы белестерін суреттей отырып, типтік бейне ретінде сомдап, сол дәуірдің ерекшелігін көрсету болғаны айқын. Тарихи тұлғаны көркем шығармаға орталық кейіпкер ретінде ала отырып, сол бейне арқылы дәуірдегі қоғам болмысын бейнелеу тарихи тақырыпқа тән қасиет. Жазушы шығармасында Балуан Шолақтын халық қорғаны ретіндегі қаһармандық бейнесін сомдайды. Шығармада Балуан Шолақ 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің ұйтқысы ретінде көрінеді. Шығармадағы Балуан Шолақ бейнесін тарихи тұлға Балуан Шолақ Баймырзаұлының авторлық позициядан туындаған 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан тарихи адамдардың образымен үйлескен жинақталған бейнесі деп қабылдаған жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет