Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының поэтикасы


Курстық жұмыстың құрылымы



бет6/21
Дата18.12.2021
өлшемі79,1 Kb.
#103063
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Балуан Шолақ
Айым, cf,f0 cfke, 1 сыныпқа оқу техникасына карточкалар, 1. Таулы Алтай мен Шығыс Қазақстанда өмір сүрген сақтарға жақын -emirsa
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» шығармасының поэтикасы



1.1 Сәбит Мұқановтың шығармашылығы
 Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) - қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі. Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Сәбит Мұқанов атындағы ауылда туған. Омбыдағы оқытушылар курсын, Орынбордағы жұмысшылар факультетін, Мәскеудегі Қызыл профессорлар институтының әдебиет бөлімін бітірген[1,37б.].

Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір, заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағыбасқа сан-салалы кітаптар жазды.

Сәбит Мұқановтың алғашқы өлеңдері мен поэмалары, мақалалары мен әңгімелері («Көңілім», 1917; «Бостандық», 1919, т.б.) 1917 жылдан жариялана бастады.

Сәбит Мұқанов 40-жылдары «Менің мектептерім» романын, «Балуан Шолақ» повесін, «Сырдария» романын, «Поэзия маршалы», «Майданға хат», «Жеңімпаз Қызыл Армия», «Фашизмнің ажалы», тағыбасқа прозалық және поэзиялық шығармаларын жазды.

Сын, әдебиеттану саласына жазушы көп еңбек сіңірді. Ол өз ұлтының көркем мұрасын терең игеру мен бірге, поэзия теориясының қағиадалары мен ережелеріне, өлең құрылысына жіті көңіл бөлді. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялары, сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып, олардың халық шығармындағы орнын анықтады. Эпикалық жырлардың жанрлық тарихи сипаттары мен әдебиеттегі орнын белгілеуде фольклорлық мұраны жариялау, зерттеу ғылымына өзіндік үлес қосты. [3,59б.]

Сәбит Мұқанов сонымен қатар қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көркеюі, өсіп-өнуі жолында көптеген қазақ қаламгерлерінің  қадамдарына қолдау көрсетіп, қарапайым халықпен тығыз байланыс орнатты. Сәбит Мұқанов есімі қазақ әдебиетінің «алыптар шоғыры» қатарында аталады. Оның шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылған. 1956-1966 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі болды. 2 - 8 сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жазушылар одағының басқарма мүшесі болып сайланып, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының 1-лауреаты атанған.

Сәбит Мұқанов өзінің творчестволық өмірінде әдебиетке қатысы болған мәселелердің бірінен де қалыс қалып көрген жан емес. Бүкіл қоғамдық өмірді, оның ішінде әсіресе әдеби тірлікті жіті бақылап, оның даму барысына белсене араласып отыру С.Мұқановтың бойына әлдеқайда дарыған әдет қана емес, оның өнегелі өмірінің дағдылы қасиеті болатын. Мұны жазушының толып жатқан көркем шығармалары ғана емес, қазақтың әдеби сыны мен ғылымын қалыптастыруға, өркендетуге септігін тигізген 400-ден астам сын мақалалары, том-том болып жарияланған күрделі еңбектері мен монографиялық зерттеулері дәлелдейді. Әдебиеттің идеялық нысанасы айқын, пікірі таза болуы үшін Сәбит Мұқанов аянбай күресті. Артық сілтегені де аз емес. Қазақ әдебиеттану ғылымының негізін қаласуға 1932 жылы шыққан «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабы үлкен септігін тигізді. Рас, бұл күрделі еңбекте үлкен кемшіліктер, социологиялық көзқарас орын ала тұрса да, белгілі дәуірдің тарихын баяндаған тұңғыш зерттеу екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Қорыта айтқанда, ұлы дарынның өнегелі де жемісті өнерпаздық жолына қысқаша шолу жасағанда, Сәбит Мұқанов – қазақ совет әдебиетінің негізін қаласқан, оның өркендеуі үшін орасан еңбек сіңірген аса көрнекті сөз шебері, ел еңбекшілерінің бүгінгі өмірінен, ой арманынан нәр тауып, шабыттана жырлаған азамат ақын, дәуір шындығын эпикалық биік деңгейге көтере суреттеген халықтың жазушысы, сахна өнерінің өркендеуіне үлес қосқан драматург, қазақтың әдеби сыны мен әдебиеттану ғылымын өрге сүйреген жауынгер сыншы, парасатты тұлға. Қазақ әдебиетінің мақтанышы Сәбит Мұқанов – өзінің өнегелі де өміршең шығармаларымен қазақтың жаңа ұрпағына рухани азық беріп, ұрпақтан-ұрпаққа жасай беретін классик.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет