Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


Құрылыс салушыларға қанша мөлшерде



бет22/27
Дата25.12.2016
өлшемі8,53 Mb.
#4913
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27

Құрылыс салушыларға қанша мөлшерде қарыз беріледі?
Құрылыс иелеріне қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлер салуға арналған қарыз 20000 сомға дейін мөлшерде, үй салынып біткеннен кейін үшінші жылдан бастап 50 жыл ішінде өтейтіп етіп беріледі. Азаматтардың жекелеген категорияларына жеке тұрғын үй салуға арналған қарыз жеңілдеу шарттармен беріледі.

Қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлерді құрделі жөндеуге және оларды су құбыры мен канализация жүйелеріне қосуға арналған қарыз 500 сомға дейінгі мөлшерде, жұмыс аяқталғаннан кейін 5 жыл ішінде өтейтін етіп беріледі. Жеке тұрғын үйлерге газ енгізу жөніндегі шығындарға арналған қарыз бір үйге (пәтерге) 200 сомға дейінгі мөлшерде, жұмыс аяқталғаннан кейін 3 жыл ішінде өтейтін етіп беріледі.

Үйлерді құрделі жөндеуді, оларға газ енгізу және су құбыры мен канализация жүйелерін қосу жөніндегі жұмыстарды қарыз алушылар алған құннен бастап 6 ай ішінде жүзеге асырады. Осы айтылған жұмыстарды се-лолық жерде жүзеге асыратын құрылыс салушыларға Қарызды СССР Мемлекеттік банкісі, ал қалалар мен жұмысшы поселкелерде, СССР Құрылыс банкісі береді.

Мал мен құс ұстайтын қора-жай салуға 4 мың сомға дейін мөлшерде несие беріліп, ол алынғаннан кейін үшінші жылдан бастап 10 жыл ішінде өтеледі.

Меншікті қосалқы шаруашылықта жұмыс атқару үшін шағын механикаландыру құралдарын сатып алуға 1 мың сомға дейінгі мөлшерде несие беріліп, ол 3 жыл ішінде өтеледі.
Құрылыс салушыларға несиелер қандай жағдайда беріледі?
Шаруашылық есептегі кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ колхоздарда, совхоздарда және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарында, Тұтыну кооперация ұйымдары мен-қоғамдық ұйымдарда жұмыс істейтіпдердің үй салам деушілеріне олар жұмыс істейтін кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар мен шаруашылықтар-арқылы несие беріледі; бюджеттік мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін үй салушыларға – осы мекемелер мен ұйымдардың өтінуі бойынша, қарыз алушылардың тікелей міндеттенуімен жүргізіледі.

Қарыз алушының (жөнделген) тұрғын үйі несиесін толық өтегенге дейін банкінің, кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның, шаруашылықтың рұқсатынсыз сатуға, өзгеге ауыстыруға құқығы жоқ. Несие алушылар қарызды пайдаланғаны үшін қолданылып жүрген заңдармен белгіленген мөлшердс банкіге проценттер төлейді. Қарызды алушылар қаржыны, тиісті мақсатқа пайдаланбаған ретте банкінің берілген барлық сомадан 12 процентіне дейін жылдық өсіммен есептей отырып, несиені мерзімінен бұрын қайтаруды белгіленген тәртіп бойынша талап етуге құқығы бар.


Шаруашылықтарға жеке тұрғын үйлер салу үшін қарыз қанша мөлшерде беріледі?
СССР Мемлекеттік банкісі ауылдық жерде қора-жайлары бар жеке тұрғын үйлер салу үшін колхоздарға, совхоздарға аграрлық өнеркәсіптік кешенінің ауыллық жерлерде орналасқан басқа да кәсіпорындары мен ұйымдарына, тұтынушылар кооперациясы мекемелеріне осы үйлер құрылысының сметалық құны мөлшерінде қарыз береді. Осы қарызды өтеу, үй салынып біткеннен кейін 50 жыл ішінде аяқталу кереқ Мұның өзінде қарыз сомасының 60 пайызы совхоздар мен басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен Тұтынушылар коопсрациясының мекемелері осы шаруашылықтардың мемлекеттік күрделі қаржысынан немесе өздерінің қаржысы есебінен өтейді. Қарыздың қалған бөлігін шаруашылық қызметкерлері ай сайын өтеп отырады.
Белгіленген уақыт өтпей, несиеден құтылмай, жұмысты себепсіз тастап кеткендердің міндеттері кандай?
Үйге кірген құннен бастап мерзімді 50 жылға жетпей, себепсіз колхоздан және Тұтынушылар кооперациясының мекемелерінен шығатын немесе совхоз бен басқа да мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындағы жұмысын тастап кеткен азаматтарды, сондай-ақ СССР Көмір өнеркәсібі министрлігінің, Қазақ ССР Түсті металлургия министрлігінің, Қазақ ССР Ауыр индустрия кәсіпорындары құрылысы министрлігінің, Қазақ ССР Монтаждау және арнаулы құрылыс жұмыстары министрлігінің кәсіпорындары мен ұйымдарының тұрғын үйлер салған және үйге кірген құннен бастап 15 жыл өтпей осы кәсіпорындар мен мекемслердегі жұмысын себепсіз тастап кеткен қызметкерлері:

– СССР Мемлекеттік банкісінің қарызы есебінсн салынған қора-жайлары бар тұрғын үйлерді шаруашылыққа өткізуге міндетті. Мұның өзінде шаруашылық бұрынғы қызметкерлерге, олардың үй салуға жұмсалған бастапқы жарна және несие бойынша қарыздарын өтеу үшін төлеген сомасын құрылыстардың салу құнын амортизациялық жарна мөлшерінде шсгере отырып қайтарып береді;

– мемлекеттік бюджет пен шаруашылыктың қаржы-лары есебінен қора-жайлары бар тұрғын үйлер салуға жұмсалған шығындарды шаруашылыққа өтеуге міндетті.
Қандай азаматтарға бастапқы жарна мөлшерін кемітуге болады?
Міндетті әскери қызметтен босатылған адамдар, жас жұбайлар мен жас мамандар үшін, ал жұмысшы құші аса тапшы болып отырған шаруашылықтарда, сондай-ақ осы шаруашылықтарда тұрақты жұмыс істеуге ауысқан қажетті мамандық иелері үшін бастапқы жарна мөлшерін кәсіподақ үйымдарымен келісіп алғаннан кейін 10 процентке дейін кемітуге совхоздардың және басқа мемлекеттік ауыл шаруашылық косіпорындары мен Тұтынушылар кооперациясының мекемелері басшыларының құқығы бар.
Жеке тұрғын үй бөлме-жайларын пайдалану тәртібі кандай?
Өзіндік меншігінде тұрғын үйі (үйдің бір бөлігі) бар азаматтар, оны отбасы мүшелерінің тұруы үшін пайдаланады. Олар үйге басқа азаматтарды коныстандыруға, сондай-ақ қолданып жүрген заңдармен белгіленген шарттар және тәртіп бойынша оны жалға өткізуге құқылы. Азаматтардың өзіндік меншігіндегі тұрғын үйлер жалдаушының меншігіне ауыстырылмайды, меншік иесі тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылмайды.
Меншік иесі отбасы мүшелерінің және отбасы мүшелігінен шыққандардың құқықтары мен міндеттері қандай?
Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодексінің 123-бабына сәйкес меншік иесінің өзіне қарасты үйге өзі қоныстандырған отбасы мүшелері, егер оларды қоныстандыру кезінде өзгеріс болмаса, үйдегі тұрғын жайды барлығы бірдей пайдалануға құқылы. Олар меншік иесі берген тұрғын жайға өздерінің кәмелетке толмаған балаларын қоныстандыруға құқылы. Отбасының басқа мүшелерін қоныстандыруға меншік иесінің келісімі бойынша ғана жол беріледі.

Отбасы мүшелерінің меншік иесімен отбасы қатынастарын доғарған реттерде де тұру құқығы сақталады, алайда үйді және үй іргесіндегі аумақты күтіп ұстау және құнделікті жай жөндеуді жүргізү жөнінде жұмсалған шығындарға қатысуға міндетті. Тұрғын жайды пайдалану тәртібі туралы және жұмсалған шығындарға қатысу мөлшері туралы даулар сот арқылы шешіледі.


Меншік иесінің отбасы мүшелері деп кімдер есептелінеді?
Меншік иесінің отбасы мүшелерінің ауқымы Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодексінің 49-бабында белгіленген. Олар: меншік иссінің өзімен бірге тұрған жұбайы, меншік иссінің өзінің де, оның отбасысының кез келген мүшелерінің де балалары (оның ішінде асырап алғандар), ата-аналар (асырап алушылар) жатады. Басқа адамдар, егер олар меншік иесімен тұрақты бірге тұрса және онымен ортақ шаруашылық жүргізсе, отбасы мүшелері болып танылуы мүмкін. Асырауындағы еңбекке қабілстсіз адамдар, егер олар меншік иесімен тұрақты бірге тұрса, меншік иесінің отбасы мүшелері болып табылады.
Меншік иесінің тұрғын үйінің сақталуын қамтамасыз ету міндеттері қандай?
Өзіндік меншігінде тұрғын үйі бар азаматтар, оның сақталуын қамтамасыз етуге, өз есебінен жай жәнн күрделі жөндеуден өткізуге, үй іргесіндегі аумақты реттеп ұстауға міндетті. Мемлекет өзіндік меншігінде тұрғын үйі бар азаматтарға, үйлерді жөндеуге және тұрмысқа жайлы етуде көмек көрсетеді. Азаматтарға қарасты үйлерді жөндеуді, олардың қалауы бойынша халық тұрмыс қажетін өтеу кәсіпорындары жүргізуі мүмкін. Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері азаматтарға қарасты үйлердің құтіліп ұсталуын бақылауды жүзеге асырады.
Ауылларда, аудандарда тұратын өзіндік меншігінде жеке үйі бар азаматтар, өздерінің пайдалануынан артық жайды жалдаушыларға беруге құқылы бар ма?
Азаматтар өзіндік меншік құқығындағы үйдегі тұрғын жайды жалға беруге құқығы бар.
Азаматтар тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы төлей ме?
Азаматтардың өзіндік меншік құқығындағы үйдің тұрғын жайын пайдаланғаны үшін төленетін ақы екі жақтың келісімі бойынша, бірақ мөлшері Қазақ ССР Министрлер Кеңесі белгілеген ең жоғары сомадан аспауы тиіс. Коммуналдық қызмет үшін төленетін ақы тұрғын жайды пайдаланғаны үшін төленетін ақыдан тыс, белгіленген тәртіппен бекітілген шарттар бойынша алынады. Тұрғын жайды пайдаланғаны үшін және комму-налдық қызмет үшін ақы төлеу мерзім екі жактың келісімі бойынша белгіленеді.
Азаматтардың өзіндік меншік құқығындағы үйлердің тұрғын бөлмелерін жалға алушы азаматтардың қандай құқықтары бар және олар жалдаған үйдің жанынан қосалқы шаруашылығын жүргізуге құқығы бар ма?

Аталған үйді жалдаушы азаматтар меншік иесімен келісті жасаған шарт бойынша өзінің отбасын қоныстандыруға, жалға алған жайды пайдалануға құқығы бар.

Тұрғын жайды жалдаушылар меншігіндегі тұрғын үйін жалға берген азаматтардың қора-жайларын мал, құс және басқа үй жануарларын ұстауға және өзіндік шаруашылықтың басқа да қажеттіктеріне үй айналасындағы аумақты пайдалануға жасалған шарттар жағдайында пайдалануға құқылы.
Үйлері бұзылуға жататын азаматтардың қаңдай құқықтары бар?
Мемлекеттік немесе қоғамдық мұқтаждар үшін жер телімдерінің алынуына байланысты азаматтардың өзіндік меншігіндегі тұрғын үйлер бұзылатын рстте аталған азаматтарға, олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ бұл үйлерде тұрақты тұратын басқа азаматтарға мемлекеттік немесе қоғамдық тұрғын үй қорындағы үйлерден белгіленген нормалар бойынша пәтерлер беріледі. Азаматтардың қалауы бойынша халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері олардың тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне мүшелікке кезексіз кіру (пәтерлер берудің орнына) және олардан пәтерлер алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодексінің 135-бабы бойынша тұрғын үйлерді меншіктенушілерге пәтерлер бсруден басқа, олардың талабы бойынша, бұзылатын үйлердің, құрылыстар мен құрылыс бөлшектерінен шыққан материалдарды өз еркі бойынша пайдалануға құқық беріледі. Бұзылатын үйлердің құрылыстары құнының өтелу мөлшері мен тәртібі, ССР Одағы мен одақтас республикалардың тұрғын үй заңдарының негіздеріне сәйкес белгіленеді.


Үйлері бұзылуға жататын азаматтар үшін жаңа орында тұрғын үйлер салу тәртібі қалай?
ССР Одағы мен одақтас республикалардың тұрғын үй заңдарының негіздеріне сәйкес азаматтардың бұзылуға жататын иелігіндегі тұрғын үйлер мен құрылыстар, олардың қалауы бойынша көшірілуі және жаңа орында қалпына келтірілуі мүмкін. СССР Министрлер Кеңесі белгіленген реттерде үйлсрі бұзылуга жататын азаматтар үшін олардың қалауы бойынша жаңа орында тұрғын үйлер, құрылыстар мен қора-жайлар салынып, осы азаматтардың өзіндік меншігіне беріледі. Бұл ретте бұзылатын тұрғын үйлердің құрылыстары мен қосымшаларының құны өтелмейді. Көшіру кезіндегі шарттарды СССР Министрлер Кеңесі белгілейді.
Тұрғын үйді жалдауға шарт жасау тәртібі қандай?
Жеке меншіктегі үйді жалдарда үй иесі мен жалдаушының арасында түрғын жайды жалдау шарты жазбаша түрде жасалады. Жалдау шарты тұрғын үйге, оның ішінде жапсарлас бөлмеге және бөлменің бір бөлігіне жасалуы мүмкін. Шартта жалға пайдалану мерзімі мен басқа жағдайлар екі жақтың келісімі бойынша белгіленеді. Жалға берушінің өзіндік меншік құқығындағы үйден жалданған тұрғын жайға, жалдаушының отбасы мүшелерінің қоныстануына, жалға бсрушінің келісімі бойынша ғана жол беріледі. Жалдаушы кәмелетке толмаған балаларды қоныстандырған кезде кслісім талап етілмейді.

Жалдаушының отбасы мүшелері жалдау шарты бойынша тең құқықмен пайдаланады және онымен бірден міндет атқарады.

Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодсксінің 129-бабы бойынша азаматтардың өзіндік меншік құқығындағы үйлерді жалдау шарты екі жақтың келісімі бойынша ғана өзгертіледі.
Тұрғын жайды басқа біреуге жалға өткізуге бола ма?
Тұрғын жайды басқа біреуге жалға өткізуге, сондай-ақ уақытша тұрғындарды қоныстандыруға үйді меншіктенушінің келісімі бойынша ғана жол беріледі. Егер басқа біреуді қоныстандыру нәтижесінде әрбір тұрғынға он екі шаршы метрден кем болып шықса, тұрғын жайды, сондай-ақ қызметтік тұрғын жайларды қосымша жалға өткізуге жол берілмейді.

Басқа біреуге жалдау шарты кеңіннен тиісті тұрғын үйді пайдалану мекемесінде тіркелетін болып, жазбаша түрде жасалуға тиіс. Бұл тәртіпті сақтамаған жағдайда басқа біреуге жалдау шартын заңсыз деп тануға әкеп соғады, ал қоныстанған азаматтар басқа тұрғын жай берілместен сот арқылы бұл үйден шығарылады.

Басқа біреуге жалдау шарты бойынша тұрғын жайды пайдаланғаны үшін ақы екі жақтың келісімі бойынша белгіленеді, бірақ осы тұрғын жай үшін жалдаушы коммуналдық мекемеге төлейтін пәтер ақыдан аспауға тиіс. Саяжайлы және курортты жерлердегі тұрғын жайды бір маусымға өткізу Қазақ ССР Министрлер Советі белгілеген төлемдер бойынша жүргізіледі. Меншік иесі басқа кісіге жалдау шартының мерзімі біткеннен кейін, жалдаушының шартты жаңғыртуынан бас тартуға құқылы. Егер шартты мерзімі белгіленбеген болса, меншік иесі жалдаушыға бұл туралы үш ай бұрын ескерте отырып, жалдаушыдан онан әрі шартты доғаруын талап етуге құқылы. Меншік иесі уақытша тұрғындардың кез келген уақытта үйден шығуын талап етуге құқылы.
Жалдаушының шартты жаңғырту құқығы бар ма?
Жалдаушының шарт мерзімі өткеннен кейін шартты жаңғыртуға құқығы бар.Егер шарт бір жылдан аспайтын мерзімге жасалса, осы мерзім өткеннен кейін тұрғын жайды босатуға міндеттеме қабылданса, жалдаушының шартты жаңғыртуды талап етуге құқығы жоқ. Жалдаушы шарт бойынша міндеттемелерін ұдайы орындамаған ретте, меншік иесі жалдаушының шартты жаңғырту құқығына қарсылық білдіруте құқылы. Меншік иесі шартты жаңғыртудан бас тартуға, ал егер шарт мерзімі көрсетілмей жасалған болса, онда тұрғын жай үйді меншіктенушінің жеке өзі немесе оның отбасы мүшелері тұруы үшін қажет болған ретте де, оны бұзуды талап етуге құқылы.

Шарттың бұзылатындығы немесе оны жаңғыртудан бас тарту туралы жалдаушыға үш ай бұрын ескертуге тиіс. Егер жалдаушы тұрғын жайды пайдалада отырып, коммуналдық қызмет үшін үш ай бойы дәлелді себепсіз ақы төлемесе, меншік иесі шартты бұзуды талап етуге құқылы. Егер жалдаушы, оның отбасы мүшелері немесе онымен бірге тұратын басқа адамдар тұрғын жайды ұдайы бүлдірсе немесе қиратса, оны өз мақсатына пайдаланбаса, қоғамдық тұрмыс ережелерін ұдайы бұзу арқылы басқалардың өздерімен бір пәтерде немесе бір үйде тұруына мүмкіндік бермесе, ал ескерту, қоғамдық ықпал ету шаралары нәтижесіз болып шықса, жалға берушінің немесе басқа мудделі адамдардың талабы бойынша кінәлілер басқа тұрғын жай берілместен үйден шығарылады.

Ата-аналық құқықтарынан айырылған адамдар да, егер олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бірге тұруы мүмкін емес деп танылса, басқа тұрғын жай берілместен үйден шығарылуы мүмкін.

Жалдау шарты бұзылған тұрғын жайды босатудан жалдаушы бас тартса, ол өзімен бірге тұрған барлық адамдармен қоса тұрғын жай берілместен сот арқылы үйден шығарылуы тиіс.

Жалдауға берілген тұрғын жай орналасқан үйге (үйдің бір бөлігіне) меншік құқығы басқа адамға ауысқан кезде жаңа меншік иесі үшін жалдау шарт күшін сақтайды.
Құрделі жөндеу кезінде жалдаушыны үйден шығаруға бола ма?
Күрделі жөндеуге кіріскен кезде, егер жөндеу үйде тұрған адамдарды шығармайынша жүргізілуі мүмкін болмаса, үйді меншіктенуші жалдаушылардың уақытша шығуын талап етуге құқылы. Жалдаушы бас тартқан ретте меншік иесі оларды сот арқылы үйден шығарылуын талап етуге құқылы. Жөндеу аяқталғаннан кейін меншік иесі үйден шығарылған адамдарға бұрын иемденген орнын беруге міндетті, бұған құрделі жөндеу нәтижесінде қайта жобалауына байланысты жалға өткізілген тұрғын жай сақталмайтын реттер кірмейді.
Құрылысы аяқталған тұрғын үйді қабылдау тәртібі қандай?
Қора-жайлары бар (немесе оларсыз) құрылысы аяқталған тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдауды халық депутаттары аудандық, қалалық және қалалардағы аудандык Кеңестерінің атқару комитеттері тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) жазбаша өтініші негізінде тағайындайтын мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүргізеді. Комиссияның құрамына аудандық архитектор (немесе халық депутаттары Кеңесі атқару комитстінің басқа жауапты адамы) – комиссияның төрағасы, заказ берушінің (құрылыс салушының) және мердігердің қатысуымен, мемлекеттік санитарлық және өрт қадағалау органдарының өкілдері енгізіледі.
Қабылдау комиссиясына қандай құжаттар табыс етіледі?
Қолданылып жүрген заң бойынша тапсырыс беруші (құрылыс салушы) мемлекеттік қабылдау комиссиясына мына құжаттарды табыс етеді:

Үй іргесіндегі жер телiмiн немесе жеке тұрғын үй салу үшін бөлінген жер телімдерін беру туралы тиісті органның шешімін; қора-жайлары бар тұрғын үй құрылысының жобалау-смета құжаттарын және оларды салуға арналған құжаттарды егер жеке тұрғын үйді және қора-жайларды салуды мердігер құрылыс ұйымы жүзеге асырған болса, онда тапсырыс беруші (құрылыс салушы) мердігермен бірге құрылыс нормалары және ережелері бойынша белгіленген техникалық жұмыс құжаттарын табыс етеді.


Істелген жұмысты қабылдау комиссиясы қандай мерзім ішінде тексеруге тиіс?
Мемлекеттік қабылдау комиссиясы тағайындалғаннан кейін он құн мерзім ішінде қора-жайлары бар жеке тұрғызылған үйдің қалыпты пайдалануға әзірлігін, орындалған жұмыс көлемдерінің сапасын және жобалау-смета құжаттарын, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін тексеруге міндетті. Жеке тұрғын үй мен қора-жайларды пайдалануға қабылдау құрылыс ережелері мен белгіленген нормаларға бейімдеп 5 данадан жасалып, комиссияның барлық мушелері қол қойған актімен ресімдслсді, ол комиссияға ұсынылған барлық құжаттармен бірге халық депутаттары аудандық (қалалық немесе қалалардағы аудандық) Кеңестің атқару Комитетіне тапсырыс берушіге, мердігерге, қаржыландыратын банк мексмесіне және құрылыс салушыға беpіледі.
Тұрғын үйді қабылдау құні деп, қай құн есептелінеді?
Мемлекеттік қабылдау комиссиясыныц актісін тиісті халық депутаттары Кеңесінің аткару комитеті, комиссия мүшелері қол қойған күннен бастап бір апта мсрзім ішінде бекітіп, мөрмен куәландырады. Бұл актіге кабылдау комиссиясының барлық мүшелері қол қойган қүн – қора-жайлары бар жеке түрғын үйді пайдалануға қабылдау құні болып саналады?
Тұрғын үйді қандай жағдайда кабылдауға болмайды?
Жеке тұрғын үйлер мен қора-жайлардың кемістіктері болғанда пайдалануға қабылданбайды. Құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдаудың белгіленген тәртібін бұзған комиссия мүшелері қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тартылады.
Тұрғын үй-құрылысы кооперативтерін ұйымдастыру және олардың қызмет тәртібі қандай?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері, халық депутаттарының жергілікті Кеңестері атқару комитеттерінің, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың жанынан, сондай-ақ колхоздар мен өзге кооперативтік және қо-ғамдық ұйымдардың жанынан ұйымдастырылады. Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодексінің 114-бабына сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін ұйымдастыру және олардың қызмет тәртібі ССР Одағының заңдарымен, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің Үлгі жарғысымен жәнс Қазақ ССР-інің басқа заңдарымен белгіленеді. Оның Үлгі жарғысын Қазақ ССР Министрлер Кеңесі бекітеді.

Кооператив оған кіретін адамдардың жалпы жиналысы қабылдаған жарғының негізінде және үлгі жарғыға сәйкес жұмыс істейді. Кооперативтің жарғысы кооператив ұйымдастырылған жердегі халық депутаттары жергілікті Кеңесінің атқару комитетінде тіркелуге тиіс.

Ұйымдастырылатын тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіретін адамдардың халық депутаттары жергілікті Советінің атқару комитеті бекіткен тізімге енгізілген азаматтар, қабылдаған жарғысы тіркелген уақыттан бастап сол кооперативтің мүшелері болып саналады. Қазіргі бар тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қабылданған азаматтар жалпы жиналыстары шешімін халық депутаттары жергілікті Кеңесінің аткару комитеті бекіткен кезден бастап, оның мүшелсрі болып саналады. Кооперативтер өздеріне қарасты тұрғын үйлерді кооперативтік меншік құқығында пайдалануды жүзеге асырады.
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің үйлері қалай салынады?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің үйлерін салуды, мемлекеттік және колхозаралық мердігер ұйымдар мен басқа құрылыс ұйымдары құрылыс салу мерзіміне сәйкес және сыртқы көркейтілуі, ішкі орналасуына қарай және пәтердердің кооператив мүшелерінің қажеттеріне сәйкес келетін тұрғын үйлердің үлгі жобаларын кеңінен қолдана отырып, жүзеге асырады. Жеке жобалар бойынша, кооперативтік тұрғын үйлер салуға белгіленген тәртіпке орай рұқсат етіледі, ауылдық жерде осындай үйлер салу жеке тұрғын үй құрылысына арналған нормаларға орай әзірленген жобалар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

Ауылдық елді мекендерде, қалалар мен қала типтес поселкелерде (қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері бөлінбейтін елді мекендерден басқа) тұрғын үй-құрылыс кооперативтері үшін көп пәтерлі тұрғын үйлермен қатар, шағын оқшауланған бір және екі пәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылықты жүргізуге арналған қора-жайлары бар, әрбір үйге бөлек есікті кең пәтерлі тұрғын үйлер салуға болады.


Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіруге тілек білдіруші азаматтарды есепке алу тәртібі қалай?
Қазақ ССР-інің Тұрғын үй кодексінің 112-бабына сәйкес, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне кіруге кооператив құрылатын халық депутаттары жергілікті Советі атқару комитетінің шешімімен осы азаматтардың тұрғылықты жері бойынша немесе жұмыс жасайтын кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның әкімшілігі мен кәсіподақ, комитетінің бірлескен шешімімсн жүргізіледі.

Зейнетке шығуына байланысты осы кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жұмыс істеуін тоқтатқан азаматтар, сондай-ақ өндірістегі қайғылы оқиға немесе кә-сіптік ауру салдарынан қайтыс болған қызметкерлердің отбасылары, бұл кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйым-дардың жұмысшыларымен және қызметшілерімен бірдей есепке алынады.

Халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар тұр-ғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтардың ең алдымен ССР Одағы мсн Қазақ ССР-інің заңдарына сәйкес тұрғын үйлерді кезектен тыс және бірінші кезекте алу құқығымен пайдаланатын азаматтардың тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне кіруіне мүмкіндік беруі тиіс.
Тұрғын үй-құрылыс кооператив мүшесінің тұрғын үй құқықтары мен міндеттерін белгілеу тәртібі қандай?
Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесінің, сондай-ақ оның отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері тұрғын жайларды пайдалану шарттарымен және пайдалануды доғару негіздері көрсетілген кооператив жарғысымен белгіленеді. Бұл жарғы бойынша мыналар көзделеді: тұрғын жайды жалға өткізу мен оған уақытша тұрғындарды қоныстандыру тәртібі; тұрғын үй-құрылыс кооперативінің уақытша кетіп қалған мүшесі мен оның отбасы мушелерінің пәтерге иелік құқығын сақтау шарттары: жиналған жарнаны бөлу кезінде тұрғын жайды пайдалану тәртібі және тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үйіндегі тұрғын жайларды пайдаланудың өзге шарттары.
Құлатуға жататын үйлері бар учаскелер бергенде, тұрғын үй кооперативтерінің міндеттері қандай?
Қолданылып жүрген заңдар бойынша мемлекеттік кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың құлатуға жататын үйлері мсн құрылыстары тұрған жер телімдері кооперативтік тұрғын үйлер салу үшін бөлінген жағдайда, құлатылатын нысандардың құны осы кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың баланстарынан шығарып тасталынады.

Аталған үйлерді салу үшін жер телімдері колхоздар мен өзге кооперативтік және басқа қоғамдық ұйымдардың пайдалануындағы жерлерден бөлінген жағдайда, колхоздар мен осы ұйымдардың иелігіндегі құлатылатын құрылыстар мен ағаштардың құны және жер пайдаланушылардың басқа да шегетін зияны, жаңадан салынатын кооперативтік тұрғын үйлер колхозшыларға, колхозда істейтін мамандар мен өзге сауда орындарында және қоғамдык мекемелердің қызметкерлері үшін салынған рсттерде, үйлер салу туралы шешімді қабылдаған халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері белгілеген тәртіп бойынша етеледі.

Бұлар тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне бөлінетін жер телімдеріндегі азаматтардың өзіндік меншігіндегі құлатылатын үйлердің құрылыстар мен қосымшалардың құнын, жеміс-жидек, көкөніс пен егістіктердің құнын және қоқысын тасып әкетуге байланысты шығындарды өтеуден, сондай-ақ құлатылатын үйлерден қоныс аударатын адамдарға пәтер беруден босатылады.

Аталған үйлердің, құрылыстардың, қосымшалардың, жеміс-жидек ағаштары мен егістіктердің құнын азаматтарға төлеуді, құрылыстарды бұзуға және құрылыс қоқысын тасып әкетуге байланысты жұмыстарға ақы төлеуді, сондай-ақ қоныс аударатын адамдарға пәтер беруді белгіленген тәртіп бойынша халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің атқару комитеттері жүргізеді.


Каталог: olderfiles
olderfiles -> Л. А. Автотрофные технологии освоения космоса / Вопросы. Гипотеза. Ответы: Наука XXI века : Коллективная монография
olderfiles -> Встречи в пути. Самому замечательному человеку,повстречавшемуся мне
olderfiles -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету
olderfiles -> Әлеуметтік-мәдени, КҮнделікті қатысым саласындағы коммуникативтік қҰзыреттік мазмұНЫ
olderfiles -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
olderfiles -> Учебные пособия по налоговому праву: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С., Сман Б. У. «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік»
olderfiles -> Учебные пособия по вопросам финансового и валютного права: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С. «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негiздерi»
olderfiles -> L. A. Zapekina School n 83 novokuznetsk 2008 Glad to See You, Boys and Girls! Let`s Start Learning


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет