Сегізінші том қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылығын дамыту мәселесіне


§3. Мемлекеттік басқару органдарының экологиялық басқаруды



бет5/27
Дата25.12.2016
өлшемі8,53 Mb.
#4913
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
§3. Мемлекеттік басқару органдарының экологиялық басқаруды

іске асыру саласындағы құзыреті
Қазақстанда экологиялық жағдайдың қиындауы ондағы шаруашылық пен қызметті дұрыс ұйымдастырмаудан. Сондықтан да бүгінгі таңда мемлекеттік басқару институттарын реформалау кезеңі жүріп жатыр. Мұнда мемлекеттік басқарудың соның ішінде қоршаған ортаны тиімді пайдалануға, сауықтыруға және қоргауға байланысты мемлекеттік органдардың басқару нысандарын, жүйелерін бағыныштылығын, олардың қызметін ұйымдастыру тетіктерін принциптері мен өкілеттіктерін қайта ұйымдастыру шаралары жүргізілуде.

Сонымен қатар бұл бағыт-бағдарлар Президент Жолдауында, Үкімет Бағдарламасында айқындалған.

Мемлекеттік басқарудың, соның ішінде экологиялық басқарудың реформалану кезеңінің барысында кейбір мәселелердің дұрыс шешілмеуі, басқа да қиындықтар саладағы басқару қызметінің нәтижелі болуына кері әсерін тигізеді. Мұңдағы өз шешімін табуға тиіс басты мәселелер – табиғатты тиімді пайдалану, сауықтыру және қорғау, оның объектілерін басқарудағы органдар мен олардың өкілеттіктерін, бағыныштылығын, құзыреттерін, жалпы құқықтық жағдайларын реттеу болып отыр.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүргізіліп, нәтижелі болуы осы мәселелердің шешілуіне тікелей байланысты.

Елбасының «Қазақстан-2030» атты барлық қазақстандыктардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы жөніндегі Жолдауында мемлекеттік басқарудың өткені мен осы құнгі жағдайы мәселелеріне тоқталып, оны шешу жолдары, бағыттары айқындалған83.

Қоршаған табиғи ортаны қорғауда табиғи ресурстарды пайдалануды басқаратын органдардың қатарына Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Президенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі т.б. министрліктер мен ведомстволар жатады. Аталған басқару органдарының атқаратын қызметіне карай: жалпы және арнайы органдар деп бөлуге болады.



Жалпы органдарға: Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті, жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатады. Бұл органдар табпғатты қорғаумен қатар, басқа да кызметтерді атқарады. Ал арнайы мемлекеттік органдарға: табиғат қорғау қызметін атқаратын, арнайы өкілеттілік берілген органдар жатады.

Арнайы мемлекеттік басқару органдарын атқаратын қызметінің аумағы мен мазмұнына байланысты үш топқа бөлуге болады. Олар: кешенді, салалық, функциональдық. Кешенді органдар табиғатты қорғау мақсатында барлық қызметтерді атқарады, салалық органдар өз қызметін жеке табиғи объектілерге байланысты іске асырады, функциональдық органдар бір немесе бірнеше бір-бірімен байланысты барлық табиғи объектілерге тән қызметтерді атқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қолданады, оларды орындау үшін экология саласында жарлықтар, қаулылар шығарып, заңдарға қол қояды.

Парламенттің қоршаған ортаны қорғауға байланысты өкілеттіліктері Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30-тамызда қабылданған Конституциясында және «Қазақстан Республикасының Парламенті туралы» заңда көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Үкіметі экологиялық саясатты іске асырады, халықаралық және республикалық ынтымақтастықты ұйымдастырады, сонымен қатар Қазақстан Республикасының бағдарламасын әзірлейді, табиғат қорын құру және жұмсау, табиғи ресурстарды, қоршаған табиғи ортаны республикалық пайдаланудың тәртібін белгілейді, табиғи қорық қорының аумағы мен объектілерін ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдайды. Табиғи ресурстарды есепке алу, бағалау, табиғи кадастрлар жүргізу тәртібін бeлгілейді; экологиялық білім мен тәрбие беру ісін ұйымдастырады; ерекше бағалы табиғи ресурстар тізбесін және оларды алудың тәртібін бекітеді; жануарлар мен өсімдіктер дүниесін пайдалануға квота белгілейді: жер, жер қойнауын, су, орман, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленген құзыреті шегінде табиғат қатынастарын басқару жүйесіндегі қызметтерді атқарады.

Сонымен Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Жергілікті атқару және өкілді органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтық жағдайы Конституцияда негізделіп барлық табиғи ресурстар туралы салалық заңдардың тиісті баптарында «Қоршаған ортаны қорғау туралы», «Жергілікті атқарушы және органдар туралы» және басқа да заңдарда, тиісті ережелерде көрсетілген.

Сонымен қоршаған ортаны қорғауға байланысты жергілікті өкілетті органдар:

- тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі бағдарламаларды. бекітеді;

- жергілікті бюджеттер құрамында қоршаған ортаны корғау мен сауықтыру жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;

- жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар басшыларының қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың жай-құйі туралы есептерін тыңдайды;

- өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны сауықтыру, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және ұтымды пайдалану, экономикалық ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды орта объектілерін қорғау мәселелері жөніндегі жолсыздықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген міндетті ережелер қабылдайды. Ережелер халыққа жария етілгеннен кейін кемінде екі апта өткен соң құшіне енеді.

Жергілікті атқарушы органдар:

- қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады және өз құзыреті шегінде табиғатты пайдалануды реттейді;

- тиісті аумақтарда қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламалар әзірлеу мен оны жүзеге асыруды, экологиялық сараптаманы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі объектілерді салу мен қайта құруды ұйымдастырады;

- қоршаған ортаны ластағаны үшін төленетін ақы мөлшерін бекітеді, теріс экологиялық сараптамасы берілген кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға және қайта құруға тыйым салу туралы қорытындылар дайындайды, экологиялық талаптар бұзылған жағдайда шаруашылық және өзге де қызметті тоқтата тұрады және тиісті шаралар қолданады;

- экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғау туралы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешімдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізеді;

- заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қоғамдық өмірдің басқа салаларындағыдай, қоршаған ортаны қорғау саласында басқару мәселесі биліктің бөліну, яғни Конституциялық принциптеріне негізделеді.

Жоғарыда келтіріп өткеніміздей, басқарудың арнайы органдарының үш түрі бар: кешенді, салалық, функциональдық Қазакстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаны қорғау саласындағы кешенді, бас әрі негізгі орган болып табылады.

Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің құрылымын жеке заңды тұлға немесе жеке заңды тұлға емес әртүрлі департаменттер, агенттіктер және олардың жергілікті жерлердегі органдары құрайды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғи ресурстарды мемлекеттік экологиялық бақылау, қорғау, ұлғайту мен пайдалану жөніндегі агенттігі.

Агенттіктің негізгі міндеттері – қоршаған ортаны жай-құйіне және шаруашылыктың, өзге де қызметтің ықпалынан өзгеруіне бақылауды ұйымдастыру, мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру мен жүзеге асыру, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұлғайту мен ұтымды пайдалану жөніндегі шаралар жоспарларының орындалуын, табиғат қорғау заңдары мен нормативтік құқықтық актілерінің, Қазақстан Республикасы қатынасын, халықаралық келісімдер мен конвенциялардың талаптарының орындалуын тексеру.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайллр жөніндегі мемлекеттік комитеті Қазақстан Республикасының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы арнайы уәкілеттік берілген орталық атқарушы орган болып табылады. Бұл комитеттің өкілеттіктері 1992 жылғы 18-желтоқсандағы, Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы, 1993 жылғы 15 қазандағы Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы, 1996 жылғы 5-шілдедегі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы, 1998 жылғы 26-маусымдағы халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы, 1998 жылғы 23-сәуірдегі Заңдары бар.

Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының министрлігімен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Республикалық ұланмен, басқа да министрлік ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда жүзеге асырады.

Геология, жер қойнауын пайдалану комитеті – жер қойнауын геологиялық зерделеу, корғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару органы болып табылады. Комитет арнайы атқарушылық және бақылау, қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіру мен салалық мемлекеттік басқаруды дербес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы су ресурстары жөніндегі комитеті суды пайдалану және қорғау саласындағы арнайы бақылау органы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және шаруашылығы комитеті қоршаған ортаны қорғау мен тиімді пайдаланудағы арнайы салалық басқару органы болып табылады.

Орман шаруашылығы комитетінің құзыретіне – орман шаруашылығын ұйымдастыру, ормандарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қадағалау, орманды және орман қорығындағы жерлер мен басқа да объектілерді пайдалануға рұқсат беру, орман заңдарын бұзушылармен құрес, орман қорығындағы объектілердің жақсаруын қамтамасыз ету, орманды пайдалану, орманды қорғауға байланысты басқа шараларды өткізу жатады.

Құқық қорғау органдары ішінде прокуратураның орны бөлеқ Жалпы прокуратураның құрамында салалық – Табиғат қорғау прокуратурасы бар.

Қоршаған ортаны пайдалануға және қорғауға байланысты басқаруды жүзеге асыратын барлық органдар түрлері мен құзыреттеріне қарамастан, төменде көрсетілген жеті қызметті жанама немесе тікелей орындайды.

1. Табиғи ресурстарды және басқа табиғи объектілерді тізімге алу және мемлекеттік кадастрларды жургізу қызметі.

2. Табиғат объектілерін қорғау және оны пайдаланудың шараларын жоспарлау қызметі.

3. Табиғат объектілерін бөлу және қайта бөлу қызметі. Яғни табиғат объектілерін тиімді пайдалану үшін азаматтарды және ұйымдарды меншікке байланысты тарту. Демек табиғат объектілерін пайдалануда меншіктің әр түрлі түрін пайдалану.

4. Табиғат объектілерін қалпына келтіру қызметі. Табиғатты пайдаланушы адам оны тиімді әрі қалпына келтіре отырып пайдалануға тиіс. Демек тек қана бүгінгі таңдағы талапты ғана емес, келешек ұрпақтың да үлесін ескеру қажет. Бұл үшін тиісті құқықтық шаралар қарастырылған.

5. Табиғат объектілерін аумақтық – кеңістікке орналастыру қызметі.

6. Табиғат объектілерін қорғау мен пайдалануды бақылау. Бақылауды тиісті органдар жүргізеді. Оларды жоғарыда көрсеттіқ

7. Табиғатты пайдалануға байланысты дауларды шешу қызметі. Барлық даулар сот органдары арқылы шешіледі.

Біз жоғарыда республикамызда табиғат қорғау жұмысын жүргізетін, оған басшылық жасайтын мемлекеттік органдардың қызметіне, олардың құзыреті мен өкілеттіктеріне мүмкіндігінше тоқталдық. Демек табиғатты, қоршаған ортаны қорғау баршаның iсі дей келе, бұл бағыттағы істің нәтижелі болуы, ең алдымен, осы органдардың ұйымдастыру жұмыстарына көп байланысты дер едіқ

Бұл қоғам табиғат қорғаудың кешенді шараларын жүзеге асырады, оған экологиялық қоғамдық бақылау да кіреді. Оны арнайы әмбебап органдар қатарына қосуға болады.

Мұндай әмбебап органдар мен қатар басқа да қоғамдық құрылымдар бар, оларға табиғат қорғау саласындағы арнайы бақылау-қадағалау қызметімен айналысу үшін, тиісті билік өкілеттілігі берілген (қоғамдық балық инспекциясы, аң аулау инспекциясы, орман инспекциясы т.б.). Бұл «мекемелер арнайы мемлекеттік органдарға көмек етуге үлкен тәжірибе жинаған, осы қызмет нәтижесінде қоғамдық формальды, экологиялық құрылымдардың мемлекеттік бақылау органдарының құзыретті элементтерінің иеленуін байқауға болады».

Қоғамдық ұйымдар қоғамдық бақылауды біріншіден, өз ынтасымен жүргізсе, екіншіден, табиғатты пайдаланушылармен және арнайы өкілеттілігі бар мемлекеттік органдармен келісім шарт негізінде жүргізеді.

Қоғамдық инспекторлардың құзырлығы қоршаған ортаны қорғау саласында арнайы өкілеттілігі бар мемлекеттік органдар бекітетін тиісті ережелермен анықталады.

Мемлекеттік басқару экологиялық, мемлекеттік-құқықтық механизм ретінде, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған табиғи ортаны қорғау процесінің бөлігі болады және өзіндік ерекше түрлерімен, тәсілдерімен, қағидаларымен, нормаларымен ерекшеленеді.

Мемлекеттік басқару рөлінің жоғарылауы, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауы және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану қызметінің толық айқындалуы, әрі қарай дамып жетілуіне ықпал етеді. Бұл қызметтің мәні қоршаған ортаға оның табиғи байлықтарын кешенді түрде дұрыс пайдалану мақсатында ықпал ету, өмір сүру ортасын жақсарту – табиғаттағы тепе-теңдіктің бұзылуын болдырмау. Табиғатты қорғау қызметінің міндетіне кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен азаматтарға қойылатын құқықтық талаптардың жүйесін анықтау, табиғат байлығын қолдануға елеулі бақылау орнату, табиғи ресурстарды пайдалану және қорғау процестерінде туындайтын қатынастарға ықпал етудің тиімді тәсілдерін қолдану т.б. кіреді.

Бірақ айта кету керек, тиісті жағдайлар жасалмайынша мемлекет қызметтері қажетті дәрежеде дамымайды. Олар мемлекет қызметінің негізгі бағыты ретінде ғана көрініс табады. Тек әртүрлі қызмет түрлерінің бірігуі жағдайында, Заңның дамуы мен жүзеге асырылуы тәжірибесінің жетілуімен байланысты қызметтер бағыт ретінде ғана көрінбей, сонымен қоса мемлекет қызметінің бір қыры ретінде танылады.

Мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін басқаша жағдай қалыптасты, оның табиғатты қорғау қызметі жоспарлы және кешенді сипат алды. Қазір табиғат қорғау және табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану, мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарының басқаруы ғана емес, жергілікті органдардың да негізгі қызмет бағытына айналды. Қоғамның әлеуметтік-саяси және экономикалық-экологиялық негіздерінің тұтастығы табиғат қорғау қызметінің жалпы мемлекеттік, жалпы халықтық сипатын анықтайды. Қазіргі жағдайда табиғатты қорғауда және оны дұрыс пайдалануда мемлекет қызметінің бұл түрі дербес қызмет ретінде танылып отыр.

Бүгінде Қаэақстан Республикасы нарықтық қатынастардың бастапқы кезеңінде тұр. Бұл дегеніміз – табиғатты қорғау қызметінің әлі толық жетіліп, экономикалық және экологиялық, қоғамдық және жекелік мүдделердің үйлесімділігін қамти алмай отыруының негізгі себебі.

Табиғат ресурстарын қорғау мен ұтымды пайдалану саласында көптеген кемшіліктер кездеседі. Олар біздің мемлекетіміздің алдағы даму кезеңінде толық жойылады. Мысалы, Су Заңы лайланған суларды суаттарға құюға рұқсат береді. Өйткені бұл мәселені басқаша шешу көптеген шығындарға әкеліп соғады, ал басқа қырынан келсек, жаңа цех, завод т.б. объектілерді суды тазартатын құрылыстарынсыз пайдалануға болмайды. Әрине қажетті объективті жағдайлар жетіліп піскенде, бұл мәселе де шешімін табады. Бірақ табиғат қорғау қызметтерінің мазмұны да басқаша болады.

Кейбір авторлар табиғат қорғау қызметін меншік қорғау қызметінің бір бөлігі ретінде айқындайды. Мәселеге мұндай көзқараспен қарауға келісуге болмайды. Табиғат ресурстары тауар емес. Сондықтан табиғи байлықтарды қорғауға және пайдалануға қойылатын талаптар, материалдық құндылықтарды қорғап пайдалануға қойылатын талаптардан едәуір ерекшеленеді, ерекше құқықтық қырлар арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының бұзылуы жағдайында, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың табиғатты пайдлану құқықтарының шектелуі мен тоқтатылуына тыйым салынуы ықтимал. Бұл мемлекеттік органдар тарапынан іске асырылады. Мысалы, су тапшылығы жағдайында, су объектілерінде болатын авариялық жағдайларда, эпидемия мен эпизотиялардың пайда болуы жағдайында т.б. әрекеттерде су тұтынушылардың құқығы, мемлекет мүддесі үшін шектелуі мүмкін.

Қазақстан Ресупбликасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығына сәйкес, мемлекеттік басқару органдары, не басқа арнайы өкілеттілігі бар басқару органдары жер қойнауын пайдалану кезінде негізгі талаптар бұзылған жағдайда, жер қойнауының пайдалануын шектейді, тоқтатады не тыйым салады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» Жарлығына сәйкес, жер меншігі құқығын қорғау үшін, мынадай ерекше шаралар қолданылады, олар: заң бұзушы – пайдаланушылардан жерді тәркілеу және жергілікті компенсация жасау.

Табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалануда мемлекеттің әртүрлі қызметтерін қолдану қажеттігі туралы пікірді дұрыс деп тануға болмайды. Мұндай пікірлердің авторлары «пайдалану» мен «қорғау» ұғымдарын қате түсінеді. Өйткені пайдаланудағы қоғамдық қатынастар өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, қорғаудағы қатынастардан бөлек бола алмайды. Бұл туралы табиғатты қоғау жөніндегі әдебиеттерде дәйекті пікірлер айтылған.

Егер табиғат байлықтарын дұрыс және кешенді түрде пайдалану үшін екі заң: біреуі – табиғатты қорғау туралы, екіншісі – табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану туралы болып қабылданса, онда табиғат байлықтарын тиімді пайдалану жолдарын табу мүмкін болмас еді.




_________________________
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТАБИҒИ

РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ ЖҮЗЕГЕ

АСЫРАТЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫНЫҢ

ҚЫЗМЕТІ
§ 1 Қазақстан Республикасында жерді, жер қойнауын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік басқару органдарының қызметі
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуы, жерді пайдаланудың артуы, экологиялық жағдайдың шиеленісуі, жерді пайдалану мен қорғау саласындағы әртүрлі басқару нысандарының маңыздылығын арттыра түсуде84.

Бұл саладағы мемлекеттік өкімет пен жергілікті басқарудың тәртібі мен жағдайы, нысандары мен тәсілдері және өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 7,8-б.б.) Заңымен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер туралы» (11,108-бб.) Жарлығымен, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті туралы» Ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 19-ақпандағы №23585 «Жерді пайдалануға және қорғауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудың тәртібі туралы» ережесін бекіту жөніндегі Қаулысымен реттеледі.

Жерді пайдалану мен қорғауда мемлекеттік басқарудың міндеті – Жер заңдарының орындалуын, Қазақстан жерінде шаруашылықпен және басқа да қызметпен айналысатын мемлекеттік, заңды тулғалар мен жеке азаматтардың жерді түбегейлі дұрыс пайдаланып, қорғау шараларының толық орындалуын қадағалау болып табылады.

Жерді пайдалану мен қорғауда мемлекеттік басқару, жер қорын мемлекет тарапынан басқару – әкімшілік қызметі болып табылады.

«Мемлекеттік құзыретті органдардың қызметі – жер заңының орындалуын қамтамасыз ету болғандықтан, ол жер қатынастарында құқықтық нормалар мен заңдардың орындалуына кепіл болады. Ол жер заңдарының бұзылу себептері мен салдарын анықтап, түзеуге мүмкіншілік береді, сонымен қатар қажет болған жағдайда заңды бұзғандарды жауапқа тарта алады» 86.

ҚР Президентінің «Жер туралы» Жарлығының 108-бабының 2-тармағына сәйкес жер заңының бұзылмауын қадағалау, жердің пайдалануы мен қорғалуы – жергілікті атқарушы органдарға, жер және оның қорларын басқаратын, табиғатты қорғайтын және т.б. органдарға жүктелген.

Бұл салада жергілікті атқарушы органдардың өкілеттілігі 1993 жылы10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңында (42, 44-бб), Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңында (10-бап) белгіленген.

Жергілікті атқарушы органдар өз жерінде жердің пайдалануы мен қорғалуында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға құқылы. Жер заңы өрескел бұзылған жағдайларда меншік түріне қарамай, заң бұзушылардың шаруашылық қызметтерін тоқтатып, оларға лайықты шаралар қолданылады.

Арнайы өкілеттілігі бар мемлекеттік органдар жерді пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік басқарудың тәртібі 1997 жылы 10-ақпанда «Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен «Жерді пайдалану мен қорғауда мемлекеттік басқаруды жүзеге асырудың тәртібі туралы» Ережеде анықталған. Ондай ұйымдарға Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің органдары және т.б. жатады.

Арнайы өкілеттігі бар органдар жерді пайдалану мен қорғауда мемлекеттік басқаруды өз құзіретіне қарай жүзеге асырады. Олар жер сапасының өзгеруін тексеруді ұйымдастырады; жердің дұрыс пайдалануын және жер заңдарының бұзылмауын қадағалайды; жерді пайдалануға және қорғауға қатысты мәселелерге құқықтық актілерді жасауға қатысады; ластанған және құнарлылығын жоғалтқан жерлерді тыңайту туралы ұсыныс жасайды; қалада ғимарат тұрғызу және жерді реттеуге қатысты құжаттарды келістіруге қатысады; жердің сапасын арттыру мақсатында мелиоративтендірілген, қайта қалпына келтірілген жерлерді және жер қорғау мақсатында салынған басқа да объектілерді қабылдау комиссиясының жұмысына қатысады (жоғарыда айтылған Ереженің 9-б.).

Сонымен қатар жерді пайдалану мен қорғауды мемлекет тарапынан бақылауда айтылған жалпы қызметтермен қоса, жеке ұйымға жүктелген нақтылы қызмет түрлері де болады.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетімен оның жергілікті органдары (бұрынғы Қазақстан Республикасының Жер қатынастары мен жерді реттеу жөніндегі мемлекеттік комитеті87 жер иелерінің және жерді пайдаланушылардың жер заңын бұзбауына мемлекеттік бақылау жүргізеді; жерді белгіленген тәртіппен пайдалануға, өз еркімен жерді иеленуге бақылау жасайды; жер құнарлылығын сақтау және қайта қалпына келтіруді ұйымдастырып, шаруашылық, агротехникалық, ормандық-мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық шаралар кешенінің өз yaқытында және дұрыс жүргізілуін бақылайды; жерді су және жел эрозиясынан ластанудан, арам шөптен, құнарсызданудан қорғау шараларының жүргізілуін; бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіруді, жер иелерінің және жерді пайдаланушылардың мемлекеттік органдарына жердің жағдайы мен жерді пайдалануы жөніндегі қажетті мәліметті кезінде тапсырылуын; жерге кері әсер тигізетін объектілер орындарының анықталуын бақылайды.

Заңды түрде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке азаматтардың жерге қатысты мәселелеріне байланысты берген арыздар мен өтініштердің қаралу мерзімінің сақталуын қадағалайды; белгіленген жергілікті атқарушы органдардың уақытша пайдалануға берілген телімдерін дер кезінде қайтарылуын және т.б. қадағалайды (Ереженін, 10-бабы).

Қазақстан Республикасының жер қорын басқару комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасы жерлерін пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады. Ал оның орынбасарлары – Қазақстан Республикасы жерлерін пайдалану және қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары болып табылады.

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің органдары88 мемлекеттік басқарудың мынадай мәселелерімен айналысады: жерді өндіріс қалдықтарынан, химиялық және радиоактивті заттардан қорғау; химизация құралдары мен биологиялық заттарды пайдалану, сақтау, тасымалдау, залалсыздандырудың белгіленген тәртіптері мен ережелерін сақтау; қорықтарда, заказниктерде басқа да қорғауға алынған жерлер мен ландшафтарда табиғат қорғау режимін сақтау; жер иелерінің және жерді пайдаланушылардың өндірісте табиғатты қорғайтын технологияны қолдануын, олардың өндірістерінің қоршаған орта мен жағдайға зиянды болмауын; ғимараттарды, құрылыстарды басқа да объектілерді жобалау, орналастыру, қайта салу, іске қосу, жер жағдайына кері әсер ететін жаңа техника мен технологияны енгізу кезінде экологиялық талаптардың сақталуы; топырақтың табиғи қатпарын алу, оны сақтау және пайдалану; қазбаларды игеруден кейінгі және басқа да зиянды процестер мен жұмыстардан босаған жерлерді қайта пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру т.б.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметіне89 жер телімдерін пайдаланушылардың санитарлық заңды бұзбауын; қорғалатын санитарлық қорғандық, сауықтыру және рекреациялық зоналарды белгілеу: өндірістік радиактивті улы материалдар мен қалдықтарды пайдаланатын, қайта өңдейтін және көметін кәсіпорындар мен объектілерді жобалау мен пайдалану; инфекциялық және паразитарлық ауру қоздырғыштардың жерді ластамауын қадағалау; жаңа немесе қайта жөнделген ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы, жобалануы не іске қосылу кезінде, жер жағдайына кері әсер тигізетін жаңа техника мен технологиялардың санитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын және т.б. қадағалау.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің органдарына90 мекемелердің суды қорғауға алынған зоналар мен алқаптарында суды қорғау зоналарындағы жерлерді дұрыс пайдалану, сумен қорғалатын зоналар мен алқаптарда пайдалану тәртібін сақтау және су қоймаларында суды қорғау тәртібінің сақталуы; су объектілері мен олардың қорғалатын зоналарына әсерін тигізетін өз еркімен жүргізілетін гидротехникалық жұмыстар мен объектілерді салдырмау жүктелген.

Мұнай, газ, көмір, бағалы металдар қорынан Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынды иеленеді. Жер асты байлығы біздің республикамыздың егемендігінің материалдық негізі болып есептеледі. Осыларды дұрыс және тиімді пайдалану — мемлекеттік маңызы бар мәселе.

Жер қойнауын қорғауда мемлекеттік басқару – жер асты байлығын мемлекеттік басқару қызметінің бірі. Жер асты байлығын мемлекеттік басқарудың бір қызметі мемлекет тарапынан жер қойнауының қорғалуын бақылау болып табылады. «Жер қойнауын қорғауда мемлекеттік басқару мен бақылау саласында, жалпы алғанда, билік қызметін жүзеге асыру тән. Мұнда тиісті ұйымдар, берілген өкілеттілік арқылы кәсіпорындардың, мекемелердің, азаматтардьң іс-әрекетін қоғамға қажет арнаға бағыттап отырады» 91.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Жарлығының 5І-бабына сәйкес жер қойнауын қорғауға мемлекеттік бақылаудың міндетін атқарушы органдардың және Жер қойнауын пайдаланушылардың Жер қойнауы жөніндегі заңдардың және Жер қойнауын пайдаланудың белгіленген тәртібінің сақталуына бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Жер қойнауын қорғауды мемлекеттік басқару жалпы және арнайы құзыреті бар мемлекеттік органдар жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы құзыреті бар органдарға Үкімет, жергілікті атқарушы және өкілетті органдар жатады. Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекет меншігі ретінде мемлекеттік жер қойнауы қорын басқаруды ұйымдастырады; жер қойнауын қорғауды бақылайтын арнайы өкілеттілігі бар мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтеріне басшылық етеді; жер қойнауын қорғаудағы мемлекеттік бақылаудың тәртібі мен өкілеттілігін анықтайды.

«Жер қойнауы туралы» Жарлықтың 9-бабына сәйкес жергілікті атқарушы органдар өз құзыретіне байланысты пайдалануға берілген; жер және су телімдерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық қауіпсіздік тәртіптерін ұстануын, археологиялық ескерткіштердің және т.б. тарихи-мәдени мұралардың сақталуын бақылайды.

Жергілікті өкілетті ұйымдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшылары мен мекемелердің жер қойнауын қорғау жағдайы мен табиғатты пайдалану туралы есептерін алуға құқылы.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жер қойнауын қорғауды мемлекет тарапынан басқаратын арнайы құзыретті органға – Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Геология және жер қойнауын қорғау комитетінің мемлекеттік бақылау органдары жатады92.

Жер қойнауының қорғалуына мемлекеттік бақылау жүргізетін ұйымдардың өкілеттігі «Қазақстан Республикасы Жер қойнауының қорғалуын мемлекет тарапынан бақылау туралы» 1996 жылғы 18-қазандағы Қаззақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында бекітілген93.

Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитетінің мемлекеттік бақылау органдары жер қойнауының қорғалуына мынадай мемлекеттік бақылауларды жүзеге асырады: барлық жер қойнауын пайдаланушылардың заңда белгіленген тәртіптерде жер қойнауларының қорғау талаптарын орындауы; геологиялық барлау жұмыстары мен пайдалы кендерді жол-жөнекей шығаруға, соның ішінде өндірістік-технологиялық сынамаларды алу үшін шығарған кездерде, жер асты байлықтарын дұрыс пайдалану және қорғау тәртіптері мен нормаларын сақтауы; жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары мен пайдалы кендердің шығарылуы жобалық шешімге сай болуы; пайдалы кендер мен басқа да пайдалы заттарды шығару көрсеткіштерінің негізделуі; пайдалы кендердің толық алынуын қамтамасыз етуі; кен орындарының белгілі тәртіппен консервациялануы; пайдалануға берілетін кен орындары мен жер қойнауы телімдеріндегі пайдалы кендер қорының құрылымы, сондай-ақ жер қойнауындағы геологиялық зерттеулердің күмәнсіз бағалануы; кен орындарын су алып кетуден, өрттен т.с.с. кен орнын пайдалануда қиындық тудыратын немесе өнім сапасын төмендететін стихиялық факторлардан сақтандыруы тиіс.

Жер қойнауын қорғауды бақылайтын мемлекеттік органдар жер қойнауын тұтынатын және жер қойнауы объектілерін тексеруге құқылы. Аталған объектілерді тексеру үшін мамандарды шақыруға қажетті материалдар мен құжаттарды алуға, бірінші басшы атына кемшіліктерді жою үшін ескерту жасауға, олардан түсінік алуға, белгіленген тәртіппен штраф түрінде әкімшілік айып төлетуге, кінәлі қызметкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беруге, өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныс беруге құқылы.

Тексеру нәтижелері бойынша тексеру актісі жасалады. Онда анықталған кемшіліктер, олардың пайда болу себептері мен салдары, кінәлі қызметкерлер көрсетіледі. Сонымен қатар, кемшіліктерді жою мерзімі белгіленеді. Кемшіліктерге қатысы бар қызметкерлер актінің мазмұнымен міндетті түрде танысып қол қоюға тиіс.

Жер қойнауын қорғауды басқаратын жергілікті мемлекеттік орган тексеру актісімен екі апта мерзім ішінде танысып, басшылардан түсінік алып, тиісті шешім қабылдайды. Бұл шешім жоғары тұрған органда немесе сот тәртібімен қайта қаралуы мүмкін.



Каталог: olderfiles
olderfiles -> Л. А. Автотрофные технологии освоения космоса / Вопросы. Гипотеза. Ответы: Наука XXI века : Коллективная монография
olderfiles -> Встречи в пути. Самому замечательному человеку,повстречавшемуся мне
olderfiles -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім жайлы түсінік бере отырып, сұрақтар қоя білуге үйрету
olderfiles -> Әлеуметтік-мәдени, КҮнделікті қатысым саласындағы коммуникативтік қҰзыреттік мазмұНЫ
olderfiles -> Мейірімді жүрекпен, Ақпейілді тілекпен, Амандасып алайық
olderfiles -> Учебные пособия по налоговому праву: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С., Сман Б. У. «Салықтық заңдарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік»
olderfiles -> Учебные пособия по вопросам финансового и валютного права: Мухитдинов Н. Б., Найманбаев С. М., Серимов У. С. «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негiздерi»
olderfiles -> L. A. Zapekina School n 83 novokuznetsk 2008 Glad to See You, Boys and Girls! Let`s Start Learning


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет