Сейітқасымов А. А., Шапкенов А. А. Қазақстан тарихы деректануы пәнінен оқу-әдістемелік құрал



бет8/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,65 Mb.
#32263
1   2   3   4   5   6   7   8

Тест тапсырмалары:
1. Деректану ғылымының тікелей зерттеу нысаны болып не табылады ?

a. тарихи деректер

b. халықтың әдет-ғұрпы

c. әдеби шығармалар

d. бұқаралық ақпарат құралдары

e. қалалар мен қоныстардың орындары


2. Деректану өзіндік зерттеу нысаны, арнайы әдістемесі бар пән ретінде қашан қалыптасты ?

a. Антикалық дәуірде

b. Қайта өрлеу дәуірінде

c. XVII ғасырда

d. XVIII ғасырда

e. ХІХ ғ. 2-ші жартысында


3. Деректану ғылымы қандай түрлерге бөлінеді ?

a. заттай және жазба

b. көне және қазіргі

c. теориялық және қолданбалы

d. батыстық және шығыстық

e. нақты және болжамдық


4. Деректі талдаудың бірінші кезеңін көрсетіңіз.

a. Деректі тауып, қалпына келтіру

b. Деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау

c. Мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу

d. Бірнеше деректердің мәліметтерін салыстыру

e. Дерек авторының саяси көзқарасына баға беру


5. Деректі талдаудың екінші кезеңін көрсетіңіз.

a. Деректі тауып, қалпына келтіру

b. Деректің түпнұсқамен дәлдігін анықтау

c. Мәліметтердің анық-қанығына көз жеткізу

d. Бірнеше деректердің мәліметтерін салыстыру

e. Дерек авторының саяси көзқарасына баға беру


6. Қазақстандық деректану ғылымының қалыптасуы мен дамуына зор үлесін қосқан ғалымдарды көрсетіңіз.

a. В.Томсен, В.Радлов, С.Малов, С.Кляшторный

b. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев

c. Қ.Сәтбаев, У.Ахметсафин, М.Айтхожин

d. Ш.Уәлиханов, Ә.Бөкейханов, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан

e. К.Байпақов, М.Қозыбаев, Т.Омарбеков, М.Қойгелдиев


7. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азиядағы монғолдар жаулап алуын зерттеуде басты дерек болып табылатын «Тарих-и джахангуша» еңбегінің (ХІІІ ғ.) авторы кім ?

a. Рашид ад-Дин

b. Арабшах

c. Натанзи

d. Мұхаммед Хайдар Дулати

e. Жувейни


8. Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің монғол жаулап алушылығы туралы мәлімет беретін шығармасын (ХІІІ ғ.) көрсетіңіз.

a. «Жамиғ ат-Тауарих»

b. «Зафар-наме»

c. «Тарих-и Рашиди»

d. «Тарих-и джахангуша»

e. «Тарих-и Абулхайр-хани»


9. Рашид ад-Диннің ХІІ-ХІІІ ғғ. монғол және түрік тайпалары мен халықтарының тарихы жөніндегі еңбегі қалай аталады ?

a. «Жамиғ ат-Тауарих»

b. «Шайбани-наме»

c. «Зафар-наме»

d. «Шыңғыс-наме»

e. «Түрікмен шежіресі»


10. Шараф ад-дин Әли Йаздидың (XV ғ.) Әмір Темірдің өмірі мен қызметінің толық ресми тарихы болып табылатын еңбегін көрсетіңіз.

a. «Шыңғыс-наме»

b. «Тарих-и Рашиди»

c. «Зафар-наме»

d. «Тарих-и джахангуша»

e. «Шайбани-наме»


11. «Ескендір аномимі» деген атаумен ғылыми айналымға енгізілген «Мунтахаб ат-таварих-и Му'ини» еңбегінің авторы кім ?

a. Му'ин ад-дин Натанзи

b. Рашид ад-Дин

c. Шараф ад-дин Әли Йазди

d. Жувейни

e. Мұхаммед Хайдар Дулати


12. XVI ғасырдағы белгілі тарихшы және әдебиетші Мұхамед Хайдар Дулатидың XIV-XVI ғғ. Моғолстан тарихына арналған еңбегін көрсетіңіз.

a. «Бабыр-нама»

b. «Тарих-и Рашиди»

c. «Зафар-наме»

d. «Шайбани-наме»

e. «Тарих-и Абулхайр-хани»


13. Қазақ хандығының тарихын зерттеу үшін аса маңызды бастапқы деректеме болып табылатын еңбекті көрсетіңіз.

a. Жувейнидің «Тарих-и джахангуша» еңбегі

b. Рашид ад-Диннің «Жами'ат-тауарих» еңбегі

c. Әли Йаздидың «Зафар-наме» еңбегі

d. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» еңбегі

e. Осман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр-хани» еңбегі


14. «Тарих-и Рашиди» еңбегі қай тілде жазылған ?

a. көне түркі тілінде

b. монғол тілінде

c. араб тілінде

d. қытай тілінде

e. ортаазиялық парсы тілінде


15. Фазлаллах ибн Рузбиханның (XVI ғ.) Орта Азия мен Қазақстан тарихы жөніндегі аса маңызды еңбегі қалай аталады ?

a. «Тарих-и Абулхайр-хани»

b. «Зафар-наме»

c. «Михман-наме-йи Бухара»

d. «Тарих-и Рашиди»

e. «Тарих-и джахангуша»


16. XVI ғ. 40-жылдары Самарқанд билеушісі Абд ал-Латиф ханның тапсыруымен ортаазиялық парсы тілінде жазылған «Тарих-и Абулхайр-хани» еңбегінің авторын көрсетіңіз.

a. Ибн Рузбихан

b. Осман Кухистани

c. Әли Йазди

d. Жувейни

e. Му'ин ад-дин Натанзи


17. Абдаллах Балхидың (XV ғ.аяғы – XVІ ғ. басы) жалпы тарих бойынша құрастырма хроника болып табылатын шығармасын көрсетіңіз.

a. «Зубдат әл-асар»

b. «Бабыр-наме»

c. «Шыңғыс-наме»

d. «Жамиғ ат-Тауарих»

e. «Шаджара-йи тюрк»


18. Мұхаммед Шайбани ханның 1510-жылғы қазақтарға қарсы жорығы туралы айтылатын «Зубдат әл-асар» тарихи еңбегінің авторы кім ?

a. Өтеміс қажы

b. Әбілғазы Баһадүр

c. Шайбани хан

d. Авторы беймәлім

e. Абдаллах Балхи


19. Тарихшы, ақын, Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың тарихи-әдеби еңбегін көрсетіңіз.

a. «Тарих-и Бабыр»

b. «Зубдат әл-Бабыр»

c. «Бабыр ат-таварих»

d. «Бабыр-наме»

e. «Жами-ат Бабыр»


20. XVI ғ. жазылған «Шыңғыс-наме» тарихи шығармасының авторын көрсетіңіз.

a. Қадырәли бек

b. Әбілғазы хан

c. Бабыр


d. Өтеміс қажы

e. Абдаллах Балхи


21. Хиуа тарихшысы Өтеміс қажының Алтын Орда хандары туралы мәліметтер беретін тарихи шығармасын көрсетіңіз.

a. «Шыңғыс-наме»

b. «Шайбани-наме»

c. «Тарих-и Абулхайр-хани»

d. «Жами ат-таварих»

e. «Тарих-и Рашиди»


22. «Шайбани-наме» («Шайбани туралы кітап») шығармасының (XVI ғ. басы) авторын көрсетіңіз.

a. Ибн Баттута

b. Мұхаммед Салих

c. Қадырәли бек

d. Өтеміс қажы

e. Әбілғазы Баһадүр


23. Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырғали бектің тарихи еңбегін (XVІ ғ. аяғы – XVІІ ғ. басы) көрсетіңіз.

a. «Шыңғыс-наме»

b. «Бабыр-наме»

c. «Шайбани-наме»

d. «Шаджара-йи тюрк»

e. «Жамиғ ат-Тауарих»


24. С. Ремезовтың Қазақстан аумағы жөнінде тарихи-географиялық мәліметтер беретін еңбегін (XVII ғ.) көрсетіңіз.

a. «Сібір жылнамасы»

b. «Строганов жылнамасы»

c. «Сібірдің Сызба кітабы»

d. «Үлкен Сызба»

e. «Cassaki»


25. XVII ғ. аяғында Қазақстан мен Орта Азия туралы барлық картографиялық материалдарды қорытқан орыстың көрнекті ғалымын көрсетіңіз.

a. С. Мальцев

b. С. Ремезов

c. С. Есипов

d. Б. Доможиров

e. Д. Губин


26. XVII ғ. Хиуа ханы Әбілғазы Баһадүрдің екі шығармасын көрсетіңіз.

a. «Тарих-и Рашиди» және «Жамиғ ат-Тауарих»

b. «Бабыр-наме» және «Зафар-наме»

c. «Шайбани-наме» және «Шыңғыс-наме»

d. «Түріктердің генеалогиясы» және «Түрікмен шежіресі»

e. «Қазақ тарихы» және «Хандар шежіресі»


27. Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы туралы деректер қай авторлардың жазбаларында кездеседі ?

a. антикалық, парсы, қытай

b. византиялық, араб, монғол

c. еуропалық, орыс, түрік

d. армян, сириялық, египеттік

e. дұрыс жауабы жоқ


28. «Цянь Хань шу» («Хань әулетінің тарихы») еңбегінің (б.з.б. І ғ. – б.з.-ң І ғ.) авторын көрсетіңіз.

a. Сыма Цянь

b. Бань Гу

c. Бань Чжао

d. Сюань Цзан

e. Кун-фуцзы


29. Сақтардың үш тобы туралы анық мәліметтер келтіретін көне парсы жазба дерегін көрсетіңіз

a. Геродоттың «Тарих» еңбегі

b. «Авеста»

c. Ахеменидтік сына жазбалар

d. «Ши-цзи»

e. Ксеркстің «дэвтер» туралы жазбасы


30. Геродоттың тоғыз кітаптан тұратын «Тарих» атты еңбегінің нешінші кітабы ертедегі Қазақстан тарихы үшін маңызды болып табылады ?

a. бірінші

b. екінші

c. үшінші

d. төртінші

e. тоғызыншы


31. Тарихшы Махмұд ибн Уәлидің XVI ғ. соңы мен XVII ғ. басындағы Қазақстан тарихына қатысты мәліметтер беретін құнды еңбегін көрсетіңіз.

a. «Бахр әл-Асрар»

b. «Бабыр-нама»

c. «Түріктердің генеалогиясы»

d. «Түркімен шежіресі»

e. «Алтан тобчи»


32. Қадырғали бек Қосымұлының «Жамиғ ат-Тауарихы» нешінші ғасырда жазылды ?

a. ХІІІ ғасырда

b. XV ғасырда

c. XVII ғасырда

d. XVIII ғасырда

e. XІХ ғасырда


33. Монғолияны мекендеген түркі тайпаларының тарихына, тілі мен этнографиясына қатысты деректер кездесетін, ХІІІ-XIV ғғ. жататын жазба мұраны көрсетіңіз.

a. «Шыңғыс-нама»

b. «Тан әулетінің жылнамасы»

c. «Кодекс куманикус»

d. «Монғолдың құпия шежіресі»

e. «Құтадғу білік»


34. Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені болып табылатын ескерткішті көрсетіңіз.

a. Бумын қаған ескерткіші

b. Күлтегін жазуы

c. Білге қаған ескерткіші

d. Тоныкөк жазуы

e. Мойын Шор жазба ескерткіші


35. Күлтегін батыр жайындағы дастанның авторын, көне түрік дәуірінің дарынды ақынын, әрі қоғам қайраткерін көрсетіңіз.

a. Найман Кетбұға

b. Озмыш тегін

c. Тоныкөк

d. Йоллығ тегін

e. Плано Карпини


36. Бұқар жырау Қалқаманұлының толғауларында қазақтың қай ханының билігі туралы мәліметтер келтіріледі ?

a. Есім ханның

b. Жәңгір ханның

c. Әбілқайыр ханның

d. Тәуке ханның

e. Абылай ханның


37. XVIII ғ. – ХХ ғ. б. Қазақстан тарихы жөніндегі бұқаралық деректердің бірінші тобына жатады:

a. Қазақ даласында болып, көзімен көргендердің жазбалары

b. Қазақ-орыс қатынастарының құжаттары мен

материалдары

c. Патша үкіметінің заң актілері

d. Қазақ шежірелерінің деректері

e. Академиялық экспедициялардың нәтижелері
38. XVIII ғ. – ХХ ғ. б. Қазақстан тарихы жөніндегі бұқаралық деректердің екінші тобына жатады:

a. Қазақ шежірелерінің деректері

b. Ресми адамдардың хабарламалары

c. Қазақ даласында болып, көзімен көргендердің жазбалары

d. Патша үкіметінің заң актілері

e. Қазақ-орыс қатынастарының құжаттары мен материалдары


39. XVIII ғ. – ХХ ғ. б. Қазақстан тарихы жөніндегі ресми деректердің үшінші тобына қандай құжаттар жатады ?

a. Мерзімдік баспасөз құралдары

b. Академиялық экспедициялардың нәтижелері

c. Заң актілері, ресми адамдардың хабарламалары

d. Қазақтар қатысқан оқиғалар туралы мәліметтер

e. Қазақ-жоңғар қатынастары жайлы құжаттар


40. XVIII ғ. – ХХ ғ. б. Қазақстан тарихы жөніндегі деректердің төртінші тобын құрайды:

a. Ресми адамдардың хабарламалары

b. Қазақ шежірелерінің мәліметтері

c. Қазақ-орыс қатынастарының құжаттары мен материалдары

d. Академиялық экспедициялардың нәтижелері

e. Ақсақалдар, билер жазған құжаттар


41. Жоңғар қонтайшысы Цеван-Рабтанда болған И. Унковскийдің күнделіктерінде қандай мәліметтер келтіріледі ?

a. Орта Жүз қазақтарының шаруашылығы жайлы

b. Жоңғарлар жаулап алған Жетісу жері туралы

c. Қазақ өлкесін отарлаудың басталуы жайлы

d. Кіші Жүздің Ресейге қосылуы туралы

e. Ертіс бойында бекіністер шебінің салынуы жайлы


42. XVIII-ХІХ ғғ. қазақ өлкесінің тарихын жан-жақты зерттеген орыс тарихшыларын көрсетіңіз.

a. Н. Карамзин, Е. Соловьев, В. Ключевский

b. П. Паллас, А. Левшин, Н. Бичурин

c. И. Веселовский, В. Григорьев, В. Тизенгаузен

d. М. Вяткин, А. Панкратова, В. Юдин

e. А. Бернштам, С. Черников, С. Бахрушин


43. «Батыс іргені басқару істері» атты қытай тілінде 1808-жылы жазылған

он екі томдық қолжазба еңбектің 11-томы қалай аталды ?

a. «Қазақтың қысқаша тарихы»

b. «Қазақтың шежіресі»

c. «Қазақтар туралы қысқаша баян»

d. «Қазақтың тарихы мен шежіресі»

e. «Қазақтың арғы тегі»
44. Ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің Отан тарихында елеулі орын алатын құнды еңбегін көрсетіңіз.

a. «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының

шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы»

b. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы»

c. «1736-жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырға барып қайтқан сапар

туралы»


d. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже»

e. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан »


45. ХІХ ғ. ортасында қазақ халқының рухани өмірінен дерек беретін материалдарды жинаумен және жариялаумен айналысқан ғалымдарды көрсетіңіз.

a. Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Г. Потанин

b. Д. Бабатайұлы, Ш. Қанайұлы, М. Мөңкеұлы

c. Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, М-Ж. Көпеев

d. Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Сералин

e. А. Левшин, Н. Ядринцев, Ф. Достоевский


46. Тарихшы А.И. Левшиннің қазақтардың географиясын, тарихын және этнография-сын суреттеген іргелі еңбегін көрсетіңіз.

a. «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері»

b. «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі»

c. «Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы»

d. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы»

e. «Сот реформасы туралы жазба»


47. «Алтышаһардың немесе Қытайдың Нан-Лу провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» атты еңбектің авторын көрсетіңіз.

a. В. Григорьев

b. В. Вельяминов-Зернов

c. Ш. Уәлиханов

d. М-С. Бабажанов

e. Е. Михаэлис


48. Л. Мейердің қазақ өлкесі туралы арнаулы монографиясын (1865) көрсетіңіз.

a. «Қырдағы мұсылманшылық туралы»

b. «Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы»

c. «Қазақтардың дағдылы құқығы»

d. «Түрік тайпалары қазақ халықтық әдебиетінің үлгілері»

e. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының

сипаттамасы»
49. Ш. Құдайбердиев жазған шежіре қалай аталады ?

a. «Қазақ шежіресі»

b. «Тауарих хамса (бес тарих)»

c. «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі»

d. «Түріктердің генеалогиясы»

e. «Шыңғыс әулетінің тарихы»

50. Құрбанғали Халид жазған шежіре қалай аталады ?

a. «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі»

b. «Тауарих хамса (бес тарих)»

c. «Жылнамалар жинағы»

d. «Қазақ шежіресі»

e. «Түріктердің генеалогиясы»


51. Ә. Бөкейхановтың XVIII-ХІХ ғғ. қазақ тарихын, Қазақстанның Ресейге қосылу мәселелерін қарастырған еңбегін көрсетіңіз.

a. «Қазақ жер мәселесінің тарихы»

b. «Қазақ (қырғыз) өлкесінің тарихи тағдыры және

оның мәдени табыстары»

c. «Қазақ (қырғыз-қайсақ) халқының тарихы

жөніндегі материалдар»

d. «Көне заманнан бергі Қазақстан тарихы»

e. «Қазақ хандарының шежіресі»


52. «Қазақ шежіресі» қолжазба еңбегінің авторын көрсетіңіз.

a. Құрбанғали Халид

b. Шәкерім Құдайбердиев

c. Шоқан Уәлиханов

d. Әлихан Бөкейхенов

e. Мәшһүр Жүсіп Көпеев


53. 1870-1882 жылдары Ташкент қаласында қазақ тілінде шығып тұрған газетті көрсетіңіз.

a. «Дала уәлаятының газеті»

b. «Серке»

c. «Қазақ»

d. «Қазақстан»

e. «Түркістан уәлаятының газеті»


54. 1888-1902 жылдары Омбы қаласында қазақ, орыс тілдерінде «Акмолинские областные ведомости» газетіне қосымша ретінде шығып тұрған ресми газетті көрсетіңіз.

a. «Дала уәлаятының газеті»

b. «Алаш»

c. «Қазақ»

d. «Қазақстан»

e. «Түркістан уәлаятының газеті»


55. 1911-1915 жж. шығып тұрған қазақ тіліндегі ірі мерзімді басылымды көрсетіңіз.

a. «Қазақстан» газеті

b. «Алаш» газеті

c. «Айқап» журналы

d. «Қазақ» газеті

e. «Жас Түркістан» журналы


56. 1913-1918 жж. Орынборда шығып тұрған мерзімді басылымды көрсетіңіз.

a. «Түркістан уәлаятының газеті»

b. «Қазақ» газеті

c. «Дала уәлаятының газеті»

d. «Серке» газеті

e. «Айқап» журналы


57. «Айқап» журналының идеялық басшысы және редакторы болған қайраткерді көрсетіңіз.

a. Көлбай Тоғысов

b. Халел Ғаббасов

c. Мұхаметжан Тынышбаев

d. Мұхаметжан Сералин

e. Ахмет Байтұрсынов


58. С. Аспандияровтың Қазақстан тарихына арналған және 1935-жылы жарық көрген еңбегін көрсетіңіз.

a. «Қазақ тарихының очеркі»

b. «Қазақтың қысқаша тарихы»

c. «Қазақтар туралы қысқаша баян»

d. «Қазақ шежіресі»

e. «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның

мәдени табыстары»
59. Е. Бекмахановтың Кенесары Қасымұлы көтерілісі жайлы баяндайтын 1947-жылы жарық көрген еңбегін көрсетіңіз.

a. «Көне заманнан бергі Қазақстан тарихы»

b. «Қазақ жер мәселесінің тарихы»

c. «Қырғыздар туралы жазбалар»

d. «ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан»

e. «Кенесары-Наурызбай»


60. Қытай тіліндегі деректер бойынша Қазақстан жерін мекендеген түркі тайпалары туралы зерттеу жүргізген тарихшыларды көрсетіңіз.

a. Н. Мыңжан, Н. Мұқаметқанұлы

b. С. Аспандияров, Е. Бекмаханов

c. М. Қозыбаев, Ж. Қасымбаев

d. Б. Аяған, К. Нұрпейісов

e. М. Қойгелдиев, Т. Омарбеков


61. 1893-жылы түркі руникалық таңбаларының дыбыстық мағыналарын дұрыс анықтаған даниялық ғалымды көрсетіңіз.

a. Н. Ядринцев

b. В. Томсен

c. Г. Роулинсон

d. А. Бернштам

e. Х. Оркун


62. ХІІІ ғ. араб саяхатшысы Ибн әл-Асирдің мұсылмандар әулеті мен шектес мемлекеттердің саяси тарихын сипаттайтын еңбегін көрсетіңіз.

a. «Жолдар мен провинциялар кітабы»

b. «Ғибрат және өнеге боларлық кітап»

c. «Тарих жылнамаларының толық жинағы»

d. «Хаттар»

e. «Пайғамбарлар мен патшалар кітабы»


63. Қытай авторы Сыма Цяннің ежелгі дәуірдегі Қазақстан мен Орта Азия халықтары туралы деректер кездесетін тарихи еңбегін көрсетіңіз.

a. «Ши-цзи»

b. «Цянь ханьшу»

c. «Синь Таншу»

d. «Мин ши»

e. «Мин шилу»


64. 1562-жылы А. Дженкинсон жасаған картада Еділ мен Жайық арасындағы жерлерден шығысқа қарайғы өлке қандай атаумен көрсетілген ?

a. Татария

b. Московия

c. Казахия

d. Қазақ Ордасы

e. Ұлы Татария


65. Түрік жері мен Орта Азияның мұсылман бөлігі жайында араб тілінде жазылған географиялық шығармалардың ішінде толық мәлімет беретін «Худад әл-Алам» еңбегін (Х ғ.) кім жазды ?

a. Ибн Хордадбех

b. Әл-Масуди

c. Ибн Фадлан

d. Әл-Йакуби

e. Авторы белгісіз

Тест тапсырмаларының жауаптары:

1 – А


2 – Е

3 – С


4 – В

5 – С


6 – D

7 – E


8 – D

9 – A


10 – C

11 – A


12 – B

13 – D


14 – E

15 – C


16 – B

17 – A


18 – E

19 – D


20 – D

21 – A


22 – B
23 – E

24 – C


25 – B

26 – D


27 – A

28 – B


29 – C

30 – D


31 – A

32 – C


33 – D

34 – C


35 – D

36 – E


37 – A

38 – E


39 – C

40 – D


41 – B

42 – B


43 – E

44 – C
45 – A

46 – D

47 – C


48 – B

49 – C


50 – B

51 – B


52 – E

53 – E


54 – A

55 – C


56 – B

57 – D


58 – A

59 – D


60 – A

61 – B


62 – C

63 – A


64 – C

65 – E

Сейітқасымов Аманбай Асылбайұлы

Шапкенов Амангелді Асқарбекұлы

Қазақстан тарихы ДЕРЕКТАНУЫ пәнінен

оқу-әдістемелік құрал







Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет