Семинар -15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 30 сағат СӨЖ 30 сағат


Қала экожүйесі, оны жақсарту жолдары



бет57/90
Дата12.09.2020
өлшемі0,74 Mb.
#63667
түріСеминар
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90
Қала экожүйесі, оны жақсарту жолдары.

Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық – коммуналдық құрылыстар мен құрылыстар мен өнеркәсіп, завод, фабрикалардың салыну қажеттігін тудырады. Соған байланысты қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп салынуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба сулардың мөлшері 6 млрд куб деп есептеледі. Алматы қаласында тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым ошағына айналуда , тұрғындардың осы уақытқа дейін пайдаланылған тұрмыстық- коммуналдық сулар Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын. Жылдар бойы жинақталған ақаба сулар Жаманқұм жағалауын бұзып , Қапшағай су қоймасына ақты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын. Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле-Балқаш алабы үлкен апатқа ұшырап, 50000 тұрғыны Балқаш өңірі зардап шкпек.

Сорбұлақ жасанды көлі суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металдар, т.б. белгісіз химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Су құрамындағы химиялық қоспалар тіршілікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал, диоксинді екінші дүниежүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған.

Қалалардың саны мен тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнеиі күшейіп келеді, «урбандалу» деген түсінік жиі қолданыла бастады. Халықтың қалада тұруға ұмтылуы , қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан республикасында өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны , ірі қалалар саны тез өсті. Қала халқының тығыздығы , әсіресе Алматы , Қарағанды , Шымкент қалаларында бір шаршы км-ге 200 –ден аса адамнан келіп , экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болуда.

Қазақстан республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп жатыр. Қазақстанда 14 облыс , 84 қала және 210 –дай қала типтес елді мекендер бар. Жеке қалалар мен олардың тұрғындары өсіп қана қоймай , қазіргі қалалар бір бірімен қосылып, аумағы үлкейіп ,халқы аса зор аймақтар пайда болуда. Оларды –мегаполис (қосылып кеткен) деп атайды. Бірінші мегаполис АҚШ тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисі, ұзындығы 850 км, халық саны 35 миллион. Тынық мұхит жағалауында ұзындығы 120 км ені 60 км Лос-Анджелес-Сан- Франциско мегаполисі бар. Ресейде Москва, Владимир, Новгород қалалары бір біріне жылжып келеді .


Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   90




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет