Семинар 2-апта Жоспары: Қазақ ойшылдарының щығармашылығындағы өзін-өзі тану мен дамыту мәселелері



Дата25.12.2021
өлшемі28,85 Kb.
#105153
түріСеминар
Байланысты:
ө.ө.тану семинар 2 апта
1589916427

ПиМНО 2-курс Қуандық Гулзира
Семинар 2-апта

Жоспары:

1.Қазақ ойшылдарының щығармашылығындағы өзін-өзі тану мен дамыту мәселелері

2.Шетел ойшылдарының тәрбие мен оқыту арқылы өзіндік сананы дамыту туралы

3.Бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеудегі қазіргі кездегі талаптар.


1) Рухани-адамгершілік білім беру – жастардың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет – дарынының ашыла түсуіне, ақыл – парасатын дамытуына яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді. Соның негізгі сара жолы білім болып табылады.

Білім – адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдарының бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзінің «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс. Бүгінгі таңдағы қоғам кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті жастарды талап етеді. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» бағдарламасында, Қазақтан Республикасы білім беру туралы Заңында: «Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған оқыту мен тәрбие берудің үздіксіз процесі» деп атап көрсетілген[1].

Еліміздің болашағы дарынды жастардың біліміне байланысты. Қазақстан халқының әлемдегі дамыған елдерімен тең дәрежеде білім алуы бүгінгі ұрпақтың, яғни біздің қолымызда. Олардың ақыл-ойын барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Сондай-ақ жастар өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзіретті, шығармашыл, білімді тұлға болып қалыптасуы тиіс.

Бүгінгі білім жүйесінде, С.А.Назарбаева атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда. С.А.Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде: «білім беру жүйесі тұлғаның өзін – өзі тануына Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым – қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кез – келген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек?» деген сұрақтардың төңірегінде мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді, - деп саралап өтті[2].

Демек, білім берудің ұлттық жүйесін құруда оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамыту мен байытуда, өмірдің мағынасын түсінуде «өзін – өзі танудың» маңызы зор.

Өзін – өзі тану тұлғаның ішкі жан - дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттері мен жасампаздық әулетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Сонымен қатар, философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін – өзі тануының негіздерінің даналық формуласы «өзіңді – өзің таны» ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғыш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы өзін – өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді[3].

Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда – бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездердегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін – өзін өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғам талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін – өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімділік пен танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасау идеялары алынатындығы белгілі болады.

Аристотель: «Адам өмірінің мақсаты бойындағы рақымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады»- деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстағандығын сипаттайды. Сонымен қатар қазақ философтары да тұлғаның өзін – өзі тануы өзекті мәселе етіп қарастырған.

Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: «Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісіндей емес», - дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. «Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады – деп, ... «бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі». Ғұлама ғалым әртүрлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі, адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дамуына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани – адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді[3].

Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы – Адам. Адамның қарым – қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы «Адам-Қоғам», «Адам-Әлем» қатынасының адамның дүниеге деген көзқарастары қандай ұстанымдарға, принциптерге сүйейтінін құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққы ие болғанын көреміз.

Махмұт Қашқари білімнің қажеттігі мен пайдалығын сезіну, немқұрайлылықты болдырмайды және олардың терең және орнықты сенімдерге айналуына ықпал жасайды. «Білімді адам үгіт-насихатты байқаған сәтте-ақ тез түсініп, тез ұғар»- деп Қашқаридың үйренудің белсенді және жете ұғынылып іске асырылуын сәтті атап көрсетуі осыдан. Дүниені танып білу, ғылым негіздерін игеру оңай жол емес, бұл мақсатқа жетуде табандылық пен шыдамдылық, еңбектене білу дағдысы қажет. «Білікті, дана адамдарды тап, соларға еріп, елікте, жақын жүріп, олардан өнеге көр, ұқсап бақ»- дейді ғалым. Ғылыммен өздігінен айналыспауға елеулі мән береді. Жақсыдан үйренуге «Білген, даналардың сөз-ақылдарын өсиет етіп қабылда, жақсы сөз қастерлесе бойыңа, діліңе дариды». Тәрбиеленушіге еліктеудің тамаша үлгілерін ұсынатын дәстүр мына бір деректерде жақсы көрінеді: «Ерендер озған еді, Таудай білікті, өнерлі бектер еді. Олар көп насихат-өсиет айтты, Көңілім содан сара болды. Бұрынғы замандарда ғалым, хәкім, өнерлі адамдар болған еді. Олар көп ақыл-үгіт айтқанды». Соларды естігенде көңілім сайрап, сарайым ашылар еді» - деп түсіндіреді, мұнымен балалар тәрбиесінде алдымен, көрнекті тұлғалар өмірі мен моральдық принциптер, үлкендер үлгілерінің шешуші рөлі атап көрсетілгендігіне елеулі мән берген ғалым

Жүсіп Баласағұнидің еңбегінде тәлім – тәрбиелік, ғибраттылық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде жазылған педагогикалық және психологиялық, философиялық тұрғыдағы еңбек болып табылады. Еңбекте отбасы тәрбиесі, онда ата-ананың алатын орны туралы, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Сонымен қатар, ғұлама ағартушы «Құдадғу білік» дастанында білім, ақылдың қасиеттері, жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, құндылықтар туралы мәселелер қарастырылады. Мәселен, «Ақылды – ұлы, білімді – білікті, қонса екеуі, ұлы етер жігітті», «Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде сол білікті болады», «Білімсіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен-текке өледі», «Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім – жарық, нұрын саған шашатын», «Ақылдыға қадір – құрмет лайықта, Ақымақ жан керең, сезбес айыпты!», «Білім – байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!». Білік – білім туралы Жүсіп Баласағұни өзіне ақыл кеңес береді: «Білім біліп – төрден орын аларсың, білік білсең, күшті, берік адамсың», «Білік – түпсіз, шетсіз – шексіз бір теңіз, қанша сімір, сарқылмайды білсеңіз!»

Абай адамды ақыл мен жаны бар жеке тұлға ретінде түсінеді. Абай үшін «Адам әлемді жасаушы». Адамның бастауын анықтайтын руханилық – адамның бойына кітаптар және халық даналығы, өнер және рухани тәжірбие арқылы сіңеді. Ұлы Абай адам проблемасына, оның табиғи және әлеуметтік жақтарының ара қатынасын, адамгершілік, кемелдену, гуманизм идеяларын өзгеше пайымдайтын сананы тудырды. Ұлы ғұламаның жарық дүниеге келген адам баласының маңдайына жазылған тағдыры жайлы, оның дүниеден алатын орны мен рөлі жайла философиялық пайымдауға, сан қилы да күрделі адам болмысын жан – жақты әлеуметтік қарым-қатынасы адамдарды түзу жолға түсіреді-деп тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарына адамның адами қасиетінің дамуын негізге ала отырып,келер ұрпаққа бір сөзбен «Адам бол!»- деген немесе «Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»-деп келесі рухани-адамгершілік құндылықтарына мәдени-этикалық құндылықтардың мәнін ашып көрсетеді. Тағы бір сөзінде Абай «шынайы байлық бұл адамдардың бір-бірін және өзін терең түсініп, өзара түсіністік қалыптасқанда ғана адамдар үйлесімді тіршілік құрып, дами бастайда» - деп адам бойындағы ең жоғары қалыптасқан құндылықтар бұл олардың ішкі рухани дүниесінің байлығы мен асыл қасиеттерін көрсете білу екендігін дәлелдеп береді.

Ш.Құдайбердінің «Үш анық» аттышығармасы жан мен тәннің өзара байланысын көрсете отырып, ақылдылыққа, ынсаптылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, ақыл мен мінез үйлесімділігін қалыптастыру сияқты парасаттылыққа шақырады. Адам өміріндегі мақсатты – өзін-өзі танып, таза ақылына салып, ақ пен қараны, жақсы ой мен жаман ойды ажыратып, тура жолды, өмірдегі өз орнын таба білу рухын өсіріп, нәпсісін тиып тәрбиелеу Шәкәрімнің басты қағыдасы болды

Жаңа дәуірдің, халықтың ұлттық сана-сезімінің ояну дәуірінің жаршысы өзінің бүкіл қоғамдық-саяси әрі ағартушылық қызметі қараңғылық пен надандылыққа, діни мұсылмандық фанатизмге қарсы қажырлы күреске өзек болған Ш.Уәлихановтың моральдық идеяларының негізі-қазақ қауымындағы зұлымдыққа қарсы күресте, патша шенеуніктерінің, жергілікті билеушілердің жалған, әрі «жабайы» мінездеріне орай адам қасиеттерін сипаттайтын адамгершілік құндылықтарына:


  • «намыс»,

  • «әділдік»,

  • «парыз» т.с түсініктерді өздерінің саяси мақсаттарына жетуде пайдалана отырып мәнін ашып берді.

Ағартушы-демократ,қоғам қайраткері әрі ойшыл,реалист ақын,ғалым және озық жаңашыл педагог Ы.Алтынсарин, білім берудің толып жатқан мәселелерімен қатар халық ағарту ісінің рухани-имандылық негіздерін жасап, өз еңбектерінде мектеп пен отбасы тәрбиесінің моральдық негіздерін көрсетіп берді[6].

Ал, адамның ізгілік қасиеттері туралы педагог Мағжан Жұмабаев: ... «Әр адамның өзін-өзі сүюі, яғни жақсылық тілеуі, туысқанның сүюі, оларға жақсылық тілеуі, өз елін сүюі, ізгілік тілеуі, пайда келтіруі, басқаларға да зиян жасамауы – бұл ең басты міндеті болуы тиіс»-деген оә тұжырымдарын өзін-өзі сүй дегенде, өзінің іс-әрекеті мен ішкі сезіміне ұңілу, өзін-өзі тану сол арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын игеруге шақырады. Егер болашақ ұрпақ тәрбиесінің қамын ойласақ, бұдан бірнеше ғасыр бойы ұрпақ тәрбиесіне өз идеяларын қалдырған осы ғұламалардың, парасаттылыққа, адамгершілікке, тәрбиеленген озық үлгілерін қазіргі кезде пайдалану өмірдің өзекті мәселесі болуы тиіс[6].

Сонымен, қазақ зиялыларының өзін-өзі тану туралы рухани-адамгершілік идеяларына талдау жасай келе тұлғаның өзін-өзі тануының құрылымын анықтауға мүмкіндік туды.

-өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;

-түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;

-өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;

-өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және ісі шынайы болу;

-жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;

-қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
2) Сократ бойынша «толып тұрған білімнің бәрі ақыл емес, білімділердің бәрі ақылды емес». Сократ: «білім алу мақсаты – адамның жетілуіне және игілікті өмір сүруіне көмектесу» дейді. Сократ өмірде кедей өмір сүрген және қарапайым тұрған адам, даналыққа үйреткені үшін де, оқытқаны үшін де шәкірттерінен ақы алмады. Сократ дана: «Бір ғана игілік бар – ол білім, бір ғана зұлымдық бар – ол надандық» деп түсінді, ал « атаққұмарлық жамандыққа ұрындырады»деп санаған.

Сократ адамның моралдық, этикалық негіздерінде ақыл мен ар ожданның орны бөлек санайды, ол ақыл мен ар — ожданды адамның адамгершілік негіздеріне кіргізеді, адам ар — ожданы мен ақылы арқылы адамшылық қалпын сақтайды, «адам ақылының шыңы – жақсылық пен жамандықты айыра білуінде» деп айтқан Сократ. Кез — келген адал адам өзінің іс қылығына – осыным дұрыс па немесе бұрыс па дегендермен өлшеуі тиіс, осыным адамға жасалған игілік пе, әлде адамға жасалған қиянат па дегендерді басшылыққа алып, өзіне -өзі сұрақ қою тиіс.

Сократ «ақылды» және «ақымақ» деген түсініктер жіктемесін енгізді, ол: « ақылы арқылы адам өзінің күш жігерін, қайратын, құмарлығы мен әуестігін бағындырады, адамға біткен «табиғи бастауларды» жетілдіреді, тұлғаға айналады», «адам бойындағы жүріс- тұрыс, мінез –құлық бәрі де ақылды болу керек», «ақылды жүріс- тұрыс, ақылды мінез –құлық»(этикалық норма)Сократ бойынша: «адамшылық жүріс — тұрыс, адамшылық мінез –құлық» (мораль) тең синонимдер. Сократ бойынша: «ақыл мен адамгершілік әрқашан бірге жүреді».

Кімде-кім өзін - өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесін де бақытты өмір сүре отыра , өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады”. б.д.д. 470-399 Сократ

Адамдар мені түсінбесе қапаланбаймын, керісінше мен оларды түсінбесем, қапаланамын.Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді... Өте ақылдылар мен өте ақылсыздар ғана өмірде өзін-өзі өзгерте алмайды. Өте шыншыл бол, үйренгенді сүйе біл, өлімге дейін берік болып, жақсарған үстіне жақсара түс. Кім қателігін түзетпесе, сол үлкен қателік. - Конфуций Өзін-өзі тану өзіндік сана-сезімнің қалыптасуында маңызды роль атқарады.

Өзін-өзі тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін

зерттеп-білуі. Адам өзін тікелей де,жанама түрде де танып біледі. Жанама таным

неғұрлым күрделірек тікелей танымның алғашқы сатысы іспетті.Өзіндік сана үрдісін зерттеуге арналған көптеген жұмыстар бар. Ол зерттеулер екі топқа бөлінген сұрақтар аумағында шоғырланған. Б.Г. Ананьев,Л.И. Божови, А.Н. Леонтъев, С.Л. Рубинштейн, А.Г. Спиркин И.И. Чеснокова еңбектерінде өзіндік сананың дамуы туралы сұрақ тұлға дамуының мәселелері контексінде жалпы теориялық және әдіснамалық тұрғысынан талданған.А.Бодалевтің зерттеулерінде әлеуметтік перцепцияға адамдарды және өзін тануға байланысты сұрақтарға қызығушылық танытқанын көруге болады. И.С.Конның еңбектерінде философиялық,психологиялық, тарихи-мәдени аспектілер, теориялық мәселелер мен нақты эксперименталды алынғандарды талдаулары жоғарыда аталған психологиядағы бұрыннан қарастырылып келген сұрақтың жаңа қырлары ашылған. Сана психологиясына шетел ғалымдарының У. Джеймс (сананың тү-рақты және айнымалы күйлері бар деп түсіндірген), К. Роджерс (тұлғаның өзінің ұғымы мен өмірлік тәжірбиесінін тұрақтылығы конгруэнттік (сәйкестік) мәселелері туралы

зерттеулер жүргізген), Р.В. Бернс (Мен-тұжырымы мен өзін-өзі тәрбиелеуге

байланысты пікірлер айтқан), Э. Берн еңбектерінде де өзіндік санаға қатысы бар

әр түрлі көзқарастар жеткілікті.Өзіндік сана сананың ең жоғарғы деңгейі. Өзіндік сана - пікірлер мен әрекеттердің қалыптасуына негіз болатын ақыл-ойдың іс-әрекеті. Өзіндік сананы өзі және өзіне қатынасы туралы бейнесі деп анықтауға болады. А.Г. Спиркиннің пікірі бойынша, өзіндік сана адамның өз әрекеттерін, олардың нәтижелерін, ойларын, сезімдерін, өнегелілік бейнесін және қызығушылықтарын, идеалдары мен қылықтарының түрткілерін (мотивтерін), өзін және өмірдегі өз орнын толық бағалай алуынан көрініс береді дейді. Өзіндік сана, өзінің «Менін» ұғыну адамның тұлға ретінде жетілуінің нәтижесі.Зерттеуде өзіндік сананың теориялық талдамасы, өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеулерге негізделіп келесі тұжырымдар қарастырылды: Өзіндік сана - бұл:

- өзінің теңдестігін ұғынуды;

- белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды;

-өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;

-өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды.

Бұл элементтердің барлығы бірімен-бірі функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты.


3) Қазіргі заман талабы – бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Заманға сай жеке тұлға қалыптастыру мектеп қабырғасынан, яғни мұғалімдерден бастау алады. Дәл кестедегі жеке тұлғаны қалыптастыруда педагогтардың еңбегі зор сондықтан әрбір ұстаз өз сабақтарында тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырғаны жөн. Жеке тұлғаны қалыптастыруда әрбір ұстаз шәкіртпен ынтымақтастықты орнатып, шығармашылық негізде әрекет ету керек және мына мәселелерге назар аударған жөн:

1. Тұлғаның қалыптасып, өз бейнесін табуы, даралық, руханилық болмысын танытуы;

2. Оқушы тұлғасына қолдау көрсету және өзін-өзі қорғауға ұмтылдыру;

3. Тұлғаны түсіну, салауатты өмір мен өзіндік қатынастың негізін қалау;

4. Жаңа ақпаратты талдай отырып, терең меңгеруге, маңызын анықтай алуға мүмкіндік

жасау;


5. Өзіне қарама-қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылуды нұсқау.

Осы жайттарды ескере отырып, оқушының жеке тұлға ретінде дербес өзіндік әлеміне бойлату арқылы өзін-өзі дамытуға, өз мүмкіндіктерін таныттырып, оны жүзеге асыруға, өз жан дүниесінің мәнділігін сезіндіруге бағыттайтын әрбір ұстаз өз қызметін үлкен сеніммен атқарғаны жөн. Себебі мұғалім ең жауапты міндетті орындайды – ол адамды қалыптастырады. Мұғалімі қандай болса, шәкірті де сондай сенім жүгін көтереді.

Талантқа қамқорлық керек. Бізде дарынға көп көңіл бөлінбейді. Көбінесе ол балалық қайталанбас ерекшелігін түсінбеуден туады. Мектепте талапты балаға қамқорлық қажет емес, ол бәрін өзі меңгереді деген теріс пікірде бар. Дарынды балалар көп байқайды, көп істейді, сезімтал. Бір мезгілде бірнеше жағдайды байқайды, қоршаған адамдардың мінездерін, қимылын, кескінін, дыбыс ырғағын қалт жібермейді. Дарынды баланың түсінуі мен қабылдауы емес, ерекше сезімталдықпен жоғары әсерлену мен қоса жүреді. Олар бәрін қабылдайды, бәріне көңіл аударады. Қарапайым балаға әсер етпейтін қатынас, дарынды баланы алаңдатады. Тіпті басқа балаға айтылған сөз оған қатысты сияқты өзін кінәлі сезінеді. Құлаққағыс сөз тіке соның атына айтылғандай көрінеді.

Бүгінгі күннің негізгі талабы білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын, көсемдігі мол, шығармашыл, білімді, ізденімпаз, тапқыр, қабілеті зор, жаңаша ойлай алатын творчестволық адамға айналдыру.Адамның тұлғалық қалыптасуы – үздіксіз және күрделі процесс. Демек, оқушыға білім бере отырып, біз оқушының жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауымыз қажет. Білім беру барысында оқушының жеке тұлға ретінде ерекшеліктерін ескеру – баланың өзін-өзі жан-жақты дамыту мәселесін оңтайлы шешуге мүмкіндік береді.Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің: “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген өте терең мәнді орынды да әдемі нақылы бар. Ол – еліңнің ертеңі – жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Осы міндеттің көп салмағы мұғалімдер мен тәрбиешілерге түсетіні аян. Елдің ертеңгі күніне сенімін орнықтыру, өнімді де шығармашылық еңбекті өрістету, қоғамды кернеп бара жатқан бұзақылықтарға қарсы күшті тосқауыл қойып, адамдардың бейбіт өмірін қамтамасыз ету – бүгінгі күннің мағыналы мақсаты. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылып, мемлекеттік стандарт талаптарына сай бақылау тәсілдерін қолдануымыз көңілге қуаныш ұялатады. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтік факторлардың (орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Мемлекеттің болашағы, үміті мен сенімі – жас ұрпақ тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керек.



Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті қазақстанның қарышты экономикасы десек те, жақсы экономикадан демеу алатын, қуатты әлеуметтік мемлекеттің қабілетті халқы үшін де ең қажеттісі – білімділік. Елбасының былтырғы Жолдауы мен биылғы Жолдауындағы сабақтастық та осы арада тоқайласады. Жасыратыны жоқ, өтпелі кезең тұсында әркім хал-қадірінше жан бағып, еліміздің білім шаңырақтарындағы білікті педагогикалық буынды шашыратып ала жаздадық. Сол тұстарда мектептерде ұрпақ тәрбиесіне осалдық танытылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет