Семинар №2 Тақырыбы: XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы



Дата07.02.2022
өлшемі20,39 Kb.
#87383
түріСеминар
Байланысты:
Семинар2 Тарих
5 сын 3 ток, 5 сын 3 ток

Семинар №2
Тақырыбы:XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы тәуелсіздік үшін күрес және Алаш қозғалысы.
Сабақтың мақсаты:Алаш қозғалысы мен Уақытша үкіметтің алғашқы қадамдарына шолу жасау.
Негізгі сұрақтар мен тапсырмалар:
1.II Бүкілқазақ сьезі және Алаш партиясының құрылуы.
Жауабы: Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.
Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты.
«Алаш» партиясы (1917—1920) — Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә.Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. Төрағасы — Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Б.Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан болашақтың нарқасқа ұлдары – Ж.Досмұхамедов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.
2.Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.
«Алаш» партиясының бағдарламасы:
-Басқару.түрі;
-Автономия;
-Азаматтың негізгі құқықтары;
-Дін ұстану туралы мәселе;
-Соттар.туралы;
-Қорғаныс;
-Салық;
-Жұмысшы.мәселесі;
-Халық.ағарту;
- Жер мәселесі.
Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазак жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс..
1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазак комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазак елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды.
3.Кеңес үкіметінің шаруашылық пен мәдени құрылыстағы алғашқы қадамдары.
1917 жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық төңкерісінің нәтижесінде патшалық өкіметтің құлауы Ресейдегі саяси күштерді орналастырудағы түп негізін өзгертті. Қарсы шыққан жұмысшылар, сарбаздар, кедей шаруалар өздерінің билік органдары – Кеңестерді құрды. Буржуазия және буржуазияланған помещиктер төңкеріс жеңісін пайдаланып, билікті өз қолдарына алды және Уақытша үкіметті құрды, сонымен қатар сол жерлерде, соның ішінде ұлттық шет аймақтарда да органдарды құрды.
Қазақстандағы билікті ұстап қалу үшін және бөлек мемлекеттік, үкіметтік мекемелерге «демократиялық келбетті» беру үшін Уақытша үкімет мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық, сонымен қатар ұлттық саясатты өзгертпей, олардың атын өзгертті де, кадет және эсерлер партиясына жататын бұрынғы патшалық шенеуніктер санынан шыққан комиссарларды, сонымен қатар ұлттық-либералдық қазақ зиялыларының бөлек өкілдерін облыстар мен уездердің басшылығына қойды, (А. Бөкейханов, М. Тынышпаев, А. Бірімжанов және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет