Семинар Абитбекова Аэлина Улановна бт



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата30.11.2022
өлшемі0,56 Mb.
#160673
1   2   3   4   5
Байланысты:
Семинар - 2. Абитбекова Аэлина Улановна БТ

Синергетикалық тұғыр
(тəсілдеме) заманауи маманның үлгісін əзірлеуге 
бағдарлайды. Бұл ретте болашақ мамандардың тұлғасын қалыптастыру жүйесі 
өзін-өзі ұйымдастыратын жəне өзін-өзі дамытатын əлеуметтік құбылыс ретінде 
қарастырылады.


Құзыреттілік
тұғыры
Кәсіби құзыреттілік – тиісті әмбебап және 
кәсіби құзыреттіліктерді игеру деңгейінде 
көрсетілген белгілі бір мамандық бойынша 
студенттерді дайындау нәтижесі; когнитивті 
(білім), операциялық-технологиялық (білік, 
дағды), жеке тұлғаның мотивациялық - 
құндылық, этикалық, әлеуметтік және 
мінезқұлықтық құрамдастарын қамтитын 
бітіруші түлек маман тұлғасының 
интегралдық сипаттамасы.
Құзырет - белгілі бір салада 
табысты қызмет ету үшін білім, 
білік және жеке сапаларды 
қолдана білуге қабілеттілік.
Шолпанқұлова Г.К., Калкеева К.Р. Ш78 Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2021.


Шолпанқұлова Г.К., Калкеева К.Р. Ш78 Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы. – Нұр-Сұлтан: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2021.



Еуропа кеңесі (1990 ж.) құзыреттілікті стратегиялық, əлеуметтік, əлеуметтік - 
лингвистикалық, тілдік, оқу құзыреттіліктеріне бөледі. Осы құзыреттіліктер 
соңғы жылдары мұғалімнің кəсіби іс-əрекетіне байланысты қолданыла бастады. 
«Құзыреттілік» термині, əдетте, белгілі бір əлеуметтік-кəсіби мəртебе иесіне 
байланысты қолданылады жəне оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, 
білігінің орындалуға тиіс мəселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен 
сəйкестілігі арқылы сипатталады.

Ы. Алтынсарин Ұлттық білім академиясының ғалымдары М. Ж. Жадрина, С. Д. 
Мұқанова, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова жəне басқалар білім берудегі 
құзыреттілікті зерделеу негізінде төмендегідей анықтама берді:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет