Семинар. Әлеуметтану Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі62,15 Kb.
#122452
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
Семинар. леуметтану Дінні леуметтік мірді феномені ретіндег
Семинар. леуметтану Дінні леуметтік мірді феномені ретіндег

7 Семинар . Әлеуметтану

  1. Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні.

  2. Дін қоғамдағы әлеуметтік институт ретіндегі рөлі.

  3. Діннің құрылымы мен әлеуметтік функцияларын атаңыз?

  4. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал қандай?

1 Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінез‑құлқына, іс-әрекетіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістерін де зерттейді.


Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар.
Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері.
2 Ғылымда діннің мәні қалай бағаланып түсіндірілгенімен, социология қоғамның дінге әсер ету жәйтін мойындамай алмайды, жоқ дегенде теологияға қарағанда ол діннің мазмұнының және оны ұйымдастыру формаларының өзгерісін табиғи, эмпирикалық белгіленіп отыратын күштердің, бірінші кезекте әлеуметтік күштер әрекетінің нәтижесі ретінде түсінеді. Бұл дінді психология, философия немесе тарих қалай көріп, бейнелейтінінен ерекшеленеді.
Дін социологиялық талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Дінді ғылыми анықтаудың қарапайым және ең кең тараған әдісі ол индуктивті әдіске негізделеді: мүмкіндігінше қарастырылып отырған құбылысқа қатысы бар фактілердің бәрін жинап, оларды салыстыра отырып, зерттеліп отырған феноменді сипаттаушы ретінде ұқсас жақтарын, қайталанып отыратындарын, ортақ қасиеттерін бөліп қарастырады. Сонымен бірге социология олар соншалықты әр түрлі болғанымен, барлық діндерге тән қандай да бір ортақ қасиеттерін анықтау мүмкін емес екендігін көреді. Айталық, мысалы, мұсылман және христиан діни дүниетанымдарына тән дүниенің бөгде және о дүние болып екіге бөлінуі буддизм немесе индуизм дінінде жоқ.
Қандай да бір дінде адамдардың ғажайыпқа негізделген қоғамдастықтарға ұйымдасуы еш анықтамаға келмейтін жағдайлар көп кездесетін басқа да мысалдар бар. Социологтар мен басқалар арасында да діннің шіркеу, құдай, діни сенім сияқты жекелеген элементтерін анықтау кезінде үлкен пікірлестік байқалғаны көзге көрінсе, бірақ сонымен қатар діннің өзін тікелей анықтауда үлкен келіспеушіліктер байқалады. Діндер түрлі қоғамдарда немесе әр түрлі тарихи кезеңдерде бірдей қызмет етіп отыр ма деген сұраққа әзірге сенімді жауап жоқ. Ал егер олай болса, онда оны қандай да бір ортақ анықтамаға әкеп тіреуге болатын феномен ретіндегі дін жайлы түсініктердің өзі сенімсіздік тудырады. Социология беретін немесе беруі мүмкін діннің анықтамасын жеткілікті және мейлінше толық деп қарастырмау керек. Өйткені дін әлеуметтік аспектімен - қоғаммен өзара әрекеттесу процестерімен, сондай-ақ дінді зерттеудегі социологиялық әдістер шеңберімен шектелген сұрақтар кешенімен шектеліп қалмайды.
3 Дін — қоғамда әлеуметтік организм өмірінің бір көрінісі ретінде өмір сүреді. Дін мен қоғам арасындағы байланыс үздіксіз дамып отырады. Дін — одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмірдің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткен. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды.
Діннің қоғамдағы атқарып отырған әлеуметтік қызметтерін әлеуметтанушы ғалымдар әлеуметтік тұрғыда зерттеп, өз пікірлерін ұсынған. Әлеуметтанушы ғалымдардың айтуынша дін – адам өмірін саналы қылатын нәрсе, адам не үшін өмір сүріп отырғанын білуі оны күшті қылады. Адам егер ешнәрсесі жоқ бостықты сезініп, өзімен не болып жатқанның мағынасын түсінуден қалған кезде, ол әлсіз, дәрменсіз, абыржу жағдайында болып, өзін-өзі жоғалтқан жағдайға түседі. Сол сияқты, егер адам кездейсоқ жолы болып өзінің бақытты болуы үшін еңбегі сіңгенін сезбесе өмір мағынасыз болады, өйткені барлық іс соқыр кездейсоқтықтан болып, ешнәрсе сенімді болмайды. Дін — адамдарға өздерінің кім екенін түсінуге көмектеседі және осы сұрақ төңірегінде адамдарды біріктіруші қызметін атқарады.
Дін — қоғамның нормалары мен құндылықтарын насихаттай отырып, онымен бірге оның тұрақтылығына мүмкіндік жасайды. Дін сол әлеуметтік құрылымға пайдалы нормаларды орнықтыра отырып, тұрақтандырушы функция атқарады және адамның моралдық міндеттерді орындауы үшін алғышарттар жасайды. Адамдардың тиым салынғандарды бұзу оқиғалары орын алғандықтан көпшілік діндер қайта орнына келу және міндеттемелерді орындау үшін талпыныстарды қолдайтын амалдарға ие — тазалану және кінәсін жуу ырымдары, олар күнә сезімін бәсеңдеуі немесе оны артуы мүмкін.
Дінді бұлай түсіну әлеуметтанушы Р.Беллдің келтірген анықтамасында көрініс береді. Ол анықтама бойынша дін тұтас әлемді қабылдау үшін символикалық жүйесі және адаммен әлемнің ортақ тұтастығы ретінде байланысын қамтамасыз етеді, ол жерде өмір және әрекет белгілі бір соңғы мағынасына ие болады. Қазіргі заманғы әлеуметтанушылардың сөзімен айтсақ, діни символдар мен түсініктер, белгілі бір мағына бере отырып, адамның өмір сүруінің тұрақтылығы мен мықтылығын қамтамасыз етеді. Дін адам өмірінің құндылықтары мен нормаларын түсіндіре отырып, әлеуметтік тәртіппен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына кепілдік беріп, қоғамды бірлікпен татулыққа шақыратын маңызды фактор.
Сондай-ақ, әлеуметтанушы ғалымдар діннің қоғамда жағымды түрімен қатар жағымсыз рөлгеде ие болатынын айтады. Оған мысалы ретінде орта ғасырлардағы Еуропада қоғамның ілгері дамуына септігін тигізетін ғылымдарға діни тұрғыдан тосқауыл жасап, ғалымдарды қудалап отырды. Сонымен қатар, дін тұрақтылықты қамтамасыз етумен бірге түрлі топтар арасында қарама-қайшылық тудыру арқылы жанжалдардың туындауына да себеп бола алатынын келтірген. Дегенмен де, діннің жағымды, жағымсыз түрі деп қарауда қате пікірге саналатынын кейінгі әлеуметтік зерттеулер көрсетуде. Себебі, бүгінгі күнде әлем халқының басым көпшілігі діннің негізінде адамзат үшін тек қана жағымды, пайдалы фунцияларды атқаратынын айтады. Ал, діни жанжалдардың көпшілігінің астарында дінді саяси және экономикалық мүдделерге пайдаланып жатқандығы бүгінде көпшілікке аян. Оған мысал ретінде Таяу шығыс елдерінде болып жатқан қақтығыстарды айтуға болады. Мұндағы жанжалдардың негізгі себебін діннен, оның ішіндегі Ислам дінінен көріп жатқандар аз емес. Осы тұрғыда діннің негізгі фунциясы болып саналатын біріктіруші қызметін кері пайдалануғада болатынын аңғаруға болады. Себебі кейбір кереғар діни топтардың көшбасшы дін өкілдері адамдар арасында Ислам дінінің негізгі құндылықтарын қате түсіндіруі арқылы адамдарды діни радикалдыққа, экстремистікке дайындауда. Осылайша бұрыннан бір сеніммен бір идеяға біріккен адамдарды ыдырата отырып, жаңа діни топтарды құрау арқылы, діни жанжалдардың басталуына түрткі болуда.
Сондай-ақ, соңғы уақыттарда елімізде дінді толыққанды түсінбеген, теріс ағымның жетегінде жүрген кейбір азаматтар қазақ қоғамында ежелден қалыптасып келе жатқан мәдениетке, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерге ислам дініндегі «Ширк», «Бидғат», «Куфр» деген терминдерін орынсыз, білімсіз пайдаланып, қарсы жығып жатады. Негізінде қазақ халқының қайсы бір мәдениеті болсын, салт-дәстүрі болсын астары ислам дінімен ұштасып жатады. Дінді кең ұғыммен, терең біліммен, байсалдылықпен ұғынбаса, діннің қасиетін, құндылығын жоғалтып, діннің қоғамдағы асыл қызметтерін жоққа шығарады.
Қорыта келе, дәстүрлі діндердің қоғамдағы әлеуметтік функциялары — қоғамның рухани бірігуі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, адамдардың бір-біріне деген мейірімді болуы, адамгершілік нормаларының сақталуымен жүзеге асырылуын қамтамасыз ету болып саналады. Діннің осы бір құндылықтарын ұстана отырып, әрбір халық өз елінде тыныштық пен татулықты сақтау тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет