Семинар күндері «Бекітемін»



Дата07.02.2022
өлшемі22,48 Kb.
#91983
түріСеминар
Байланысты:
ҚМЖ Сп.ойын
Расписание ВРказ

«Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі»МКҚК
«Жаңа модульдің жеті кереметі»
тақырыбындағы әдістемелік семинар күндері

«Бекітемін»
Директорының оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
______________Сариева Г.Н.
«____» _______ 2020 ж




Тақырыбы: «Тұрғылықты халықпен дене шынықтыру
мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру»


Пәні: Спорттық ойындар және оны оқыту әдістемесі
Дайындаған: Ширджанов Н. Ш
Тобы: ДтБ-18 , 3-курс
Мамандығы: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі: 0103023 «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі»
Бейнеу – 2020 ж



Бөлім:

3. Бөлім. Спорттық ойындар пәнін жоспарлау және сабақ жоспарын талдау

Педагогтің аты-жөні

Ширджанов Нурмухан Шыхбаевич

Күні:

20.10.2020 жыл

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Тұрғылықты халықпен дене шынықтыру мәдени – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Тұрғылықты халықпен дене шынықтыру мәдени – сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру әдістері туралы біледі.

Сабақтың мақсаты:

Студенттерге дене тәрбиесі және спорт үрдісін ұйымдастыруға қажет теориялық білім және іс-тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру, арнайы біліммен, дене шынықтыру мәдени-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру амалдарымен, әдістерімен, әдістемелерімен қаруландыру



Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар
















Ұйымдастыру
1 мин

  1. Сәлемдесу

  2. Топ студенттерінің сабаққа қатысын және сабаққа дайындығын тексеру.

  1. Сәлемдесу

  2. Сабаққа қатысып отырғандығын және сабаққа дайындығын ескерту.







Үй тапсырмасын тексеру
8 мин

Жылдамдық сұрақтары:

  1. Спорт сөзінің сипаттамасы?

  2. Футбол спорттық ойынынының сипаттамасы?

  3. Волейбол спорттық ойынынының сипаттамасы?

  4. Баскетбол спорттық ойынынының сипаттамасы?

  5. Үстел теннисі спорттық ойынынының сипаттамасы?

  6. Гандбол спорттық ойынынының сипаттамасы?

Жылдамдық сұрақтарына жауап береді.




Слайдта көрсетілген спорттық ойындар түрлері

Жаңа сабақ

  1. мин

  1. Миға шабуыл

1.Спорттық ойындар түрлеріне қандай спорт түрлері жатады?
2.Спорттық ойындармен үздіксіз жүйелі түрде айналысу қандай дене сапаларын қалыптастырады.?
3.Спорт ойындарында жарақаттанудан сақтану амалдары ?
4.Біздің ауданымызда өткізілген қандай мәдени спорттық шараларға қатыстыңыздар?

  1. Ой қозғау

Студенттерге бейнеролик тамашалау ұсынылады. Бейнероликті көргеннен соң не тамашалағандары сұралады.

  1. Студенттердің қазіргі сабақ кезіндегі көңіл-күйлерін сұрайды

1.Экранға көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді.


2.Бейнеролик тамашалап, өз ойларын білдіреді
3.Сабақ кезіндегі көңіл-күйлерін айтады.

Жаңа сабақты түсіндіру барсында студенттердің белсенділіктері үшін формативті бағалап отырады.

Слайдтағы сұрақтар



Сергіту сәті
5 мин

Студенттердің бойын сергіту мақсатында музыкамен жаттығу орындау ұсынылады

Бой сергіту үшін мұғалімнің нұсқаулығымен жаттығу орындайды




Сергіту сәті музыкасы

Жаңа сабақты бекіту
3 мин
5 мин

Тұрғылықты халықпен дене шынықтыру мәдени сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру олардың жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі.
Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжымдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әртүрлі спорттық ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.
Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әртүрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері арқылы іске асырылады.
Ерікті спорт қоғамдарының негізгі мүшелері оқу, өнеркәсіп орындарындағы жұмысшы, қызметкер, оқытушы, оқушы, студенттер. Олар ерікті спорт қоғамына мүше болған соң, дене тәрбиесі ұжымының мүшелері деп аталады. Ұжымды басқаратын, жұмыс ұйымдастыратын ұжым төрағасы, есепші жалпы жиналыс кезінде сайланады. Жиналыс жыл сайын өткізіліп төраға есеп беріп отырады.
Спорттық жаттықтырудан сауықтыру жаттықтыруларының көп айырмашылығы бар. Спорттық жаттықтырудың негізгі мақсаты спорт түрлерінен жоғарғы жетістіктерге жету болса, сауықтыру жаттықтыруларының мақсаты денсаулықты нығайту және дене қуаты мүмкіншіліктерін жоғарылату болып келеді. Сауықтыру дене мәдениетінің негізгі бағыты ағзаның функционалдық күйін және дене қуаты дайындығын жоғарылату. Денені сауықтыру әсері болу үшін адам жаттығу орындаған кезде қан айналу және тыныс алу органдарына ұзақ, бірқалыпты жүктеме беруі, бірталай энергия жұмсауы, тканьдарды оттегімен қамтамасыз ететін аэробты жағдайда жұмыс істеуі қажет

  1. Студенттер оқытушының тақырып туралы баяндауын мұқият тыңдайды.

  2. Қосымша сұрақтарға жауап береді.




Слайдтағы суреттер

Кері байланыс
3 мин

Ашық микрафон.
Студенттерден бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін ауызша сұрау

Бүгінгі сабақ бойынша өз пікірлерін білдіреді.









Бағалау
1 мин







Студенттерді сабаққа қатыс мен сабақтағы белсенділігін ескере отырып бағалау




Қорытындылау
2 мин

Бүгінгі сабақта танысқан материалдарына шолу жасау арқылы сабақты қорытындылаймын.











Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет