Семинар латынның «seminarium»



бет9/18
Дата28.09.2023
өлшемі0,51 Mb.
#182885
түріСеминар
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
Семинар Биологияға кіріспе

Рибосома цитоплазмада бос күйінде, жарғақшаға бекінген күйінде болатын нөруызды 
дәнек тәрізді өте ұсақ органоид. Ол нәруыз синтезіне қатысады
Митохондрия - барлық тірі жасушаларда болады. Пішіні таяқша, жіпше, дәнек тәрізді түзіліс. Митохондриялар - май қышқылдарын синтездеп, жасушаларды энергиямен қамтамасыз ететін энергия жинақтаушы құрылым.
Лизосома - домалақ немесе сопақша пішінді, бір қабатты жарғақшалы түзіліс. Құрамындағы ферменттердің әсерінен нәруыз молекулаларымен полисахаридтерді ыдыратады. Жасушаға түскен бөгде заттарды ерітеді.
Гольджи жиынтығыядроға жақын, жасуша орталығын (центриоль) айнала қоршап жататын көпіршік, түтікше тәрізді түзіліс. Жасушада заттардың тасымалдануына, қажетсіз соңғы өнімдердің жасушадан шығарылуына қатысады.
Кесте 1. Жасуша органоидтары

 Органоидтар

құрылысы

қызметі

 Цитоплазма







 Ядро







 Жасушалық мембрана







 Эндоплазмалық тор







 Рибосома







 Лизосома







 Митохондрия







 Пластидтер







 Жасуша орталығы
















Гольджи аппараты








Кесте 2. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында кездесуі

Органоидтар

Өсімдіктер жасушасында

Жануарлар жасушасында

Жасуша қабырғасы







Вакоуль







Жасуша орталығы







Пластидтер







Лизосома







Эндоплазмалық ретикулум







Рибосома







Митохондрия







Гольджи аппараты







Цитоқаңқа







Цитоплазма







Ядро








Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Жасуша органоидтарының қызметі

  2. Өсімдіктер мен жануарлар жасушаларының айырмашылығы

  3. Пиноцитоз және фагоцитоз дененіміз не?

8 - семинар сабақ


Тақырыбы: Жасушадағы заттар мен энергияның алмасуы
Мақсаты: Жасушадағы заттар мен энергияның алмасуымен танысу
Сабақтың жоспары:

1. Зат алмасу түрлері


2. Зат алмасудың сатылары
3. Жасушадағы энергетикалық алмасу немесе организмнің тыныс алуы
4. АТФ синтезі.Тыныс алу және жану.
Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:
Сыртқы ортадан заттардың организмге енуінен бастап, ыдырау өнімдерін қайта тысқа шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегін зат алмасу деп атайды. Зат алмасу немесе метаболизм екі сатыдан- катаболизм мен анаболизмнен тұрады.
Катаболизм(ыдырау реакциясы). Жасуша сыртқы ортадан энергиясы мол органикалық заттарды қабылдайды.Олар ферменттердің жәрдемімен тотыға отырып, энергиясы аз қарапайым заттарға ыдырайды
Зат алмасудың негізгі қызметтерінің бірі-жасушаның энергияны қамтамасыз ету. Организмдер, негізінен, катаболизм кезінде бөлініп шыққан энергияны пайдаланады.Демек, ыдырау реакциясы кезінде бөлініп шыққан энергия-заттарды белсенді тасымалдауға, синтез реакциясына, қозғалуға, бұлшық еттің жұмысына, жасушаның бөлінуіне және т.б. тіршілік әрекеттеріне жұмсалады.
Анаболизм (синтез реакциясы). Анаболизм процесі кезінде катаболизм реакциясына нәтижесінде түзілген заттар, атап айтқанда аминқышқылдары, моносахаридтер, май қыщқылдары мен азотты негіздер және АТФ пен НАДФ*Н энергиясы жұмсалып әр түрлі макромолекула синтезделеді. Катаболизм және анаболизм арасындағы энергия алмасу. Катаболизм реакциясы кезінде АТФ және НАДФ*Н түрінде химиялық энергия бөлінетіндігі белгілі. Бөлінген энергия анаболизм процесінде макромолекулаларды синтезделуге жұмсалады. Катаболизм және анаболизм процестері жасушада бір уақытта жүреді,алайда олардың жылдамдығы бір біріне тәуелсіз реттеледі.
Зат алмасудың сатылары. Зат алмасудың алғашқы сатысында-қоректік зат ас қорыту мүшелерінде ферменттердің көмегімен тотыға отырып, ыдырайды (катаболизм). Екінші сатысында-ыдыраудың нәтижесінде пайда болған қарапайым заттар қанған сіңіріліп, организмдегі жасушаларға таралады. Үшінші сатысы-аралық алмасу жасушаларда жүреді. Бұл сатыда организмді жаңартуға қажетті жасушаларды түзетін энергиясы мол құрылыс материалдары синтезделеді (анаболизм). Сонымен қатар ыдырау және тотығу реакцияларының нәтижесінде аралық және соңғы өнімдер түзіледі. Төртінші сатысында- ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады,яғни зат алмасудың соңғы өнімдері-СО22О, NH3 және т.б заттар организмнен шығарлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет