Семинар практикумның тақырыбы: АҒылшын тілі сабақтарында жаңА Әдіс-тәсілдерді


Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне өткізілген



бет2/2
Дата20.12.2023
өлшемі0,5 Mb.
#197764
түріСеминар
1   2
Байланысты:
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ семинар-практикум
Бағалау нұсқаулығы, 7-сынып ЖАЗҒЫ МЕКТЕП 2022, Лутц М. Изучаем Python (4-е издание, 2011), Презентация для урока Әлемдік экологиялық проблемалар, Тапсырмалар, Салыстырмалы теорияның постулаттары. Лоренц түрлендірулері. Энер-melimde.com, Техника, Саба ты та ырыбы Арифметикалы рнектерді жазылу ережелері О , КурсалдыТапсырма, moiseev-09, 12-13 Прак, түсінік хат 3 пен 4 сынып, Мәселені анықтау, протокол 09.02, 4 топ Тапсырма 4
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне өткізілген
семинар-практикумның өзіндік талдауы
Тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану тиімділігі.
Мақсаты:
Жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылау. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алуға жағдай жасау.
Күтілетін нәтиже:
Шебер-сынып соңында мұғалімдер: Мұғалімдер топпен жұмысты ұйымдастырудың әдіс - тәсілдерін көреді. Жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылайды. Практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алады.
Қолданылған құрал-жабдықтар: интербелсеңді тақта /презентация, бейнефильмдер/, маркерлер, флипчарт қағаздары, стикерлер.
Семинар-практикумге ауданның 8 мұғалімі қатысты.
Психологиялық ахуал ретінде мұғалімдер бейнефильмді тамашалады.



Бейнефильм тамашалау барысында

Мұғалімдерді екі топқа бөлу үшін тілектер жазылған кәмпиттер қолданылды, тілектерді оқып семинар-практикумге қызығушылықтары арта түсті.





Тілектер жазылған кәмпиттер арқылы топқа бөлу.

Семинар-практикумде мұғалімдер 7 модульмен танысты, әр модульге жеке тоқталып, түсіндіріліп, әрбіреуіне арналған слайдтарды тамашалап, тапсырмалар орындады.


Бірінші тапсырма: дәстүрлі сабақ және жаңа форматтағы сабақтың айырмашылығын «Ойлан, бірік, бөліс» стратегисы бойынша ой бөлісті және постерге салды.

Постер салу барысында

Қатысушылар өз постерлерін қорғап, бір-бірінің жұмыстарын «екі жұлдыз, бір тілек» атты бағалау түрімен бағалады.


Семинар-практикум барысында мұғалімдер сергіту сәті ретінде бейнефильмге қарап биледі.



Сергіту сәті.
Оқытудa aқпaрaттық-коммуникaциялық технологиялaрды пaйдaлaну қоғaмдaғы өзгерісті тaнып білуге және олaрды тез қaбылдaудa мол мүмкіндік беретіндіктен, ұстаздарға арналған ойын өткізілді. Бұл ойында мұғалімдердің зейіндері мен таланттары көрінді. Екі топқа екі түрлі сурет ұсынылды, топтың әр мүшесі суретке бес секунд қарап, есте на қалғанын суретте көрсетті. әр мұғалім қызығушылықпен қарап, ойынға белсеңді қатысты.



Өз жұмыстарын қорғау барысында.

Соңында қатсыушылар өз көңіл-күйлерін «Блоб-ағашына» көрсетті, өз ойларын жазды.


Семинар-практикумның мақсаты - жаңа әдіс - тәсілдерді пайдаланудың тиімділігін талқылау, практикалық тұрғыда оқушылардың топтағы қарым - қатынасының маңызы жайлы ақпарат алуға жағдай жасау. Жұмыс барысында мен өз тәжірибеммен бөлісіп, мүғалімдерге бірнеше әдіс-тәсілдерді көрсетіп, сабақ барысында қалай қолдану керектігін көрсеттім.
Меніңше, әр мұғалім жұмыс барысында өздеріңе көптеген керек материалдар алды, семинар-практикумге қызығушылықпен қатысып, әр тапсырманы орындап, ойларымен еркін бөлісті.
Келешекте осы семинар-практикумнен алған білімдерін өздерінің сабақтарында тиімді қолданады деген үміттемін.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Диана Ербулатовна Какежанова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет