Семинар сабақ 15 сағат ожсөЖ 45 сағат Барлығы 135 сағат Орал 2011 ж



Pdf көрінісі
бет4/98
Дата23.11.2022
өлшемі0,94 Mb.
#159450
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98
Байланысты:
Әлем әдебиетінің тарихы (1)

Оқыту əдістемесі:
Сабақ барысында баяндау, сұрақ-жауап əдіс-тəсілдері 
қолданылады. Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дəрістер мен практикалық 
сабақтар негізінде жүргізіліп, алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп 
отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық 
оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке 
семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады. 
Курс мақсаты:
Пəннің негізгі мақсаты - əлем əдебиетінің даму тарихын, əр кезеңдердегі 
əдебиеттің өркендеуіне үлес қосқан көрнекті өкілдердің, əдебиет қайраткерлерінің 
өмірі мен шығармашылығын жете таныстыру. Осы пəнді жүргізу барысында ақын-
жазушылардың əлем əдебиеті классикасына енген шығармаларын студенттерге оқыту 
басты назарда ұсталады. Сол сияқты, шығармаларды мазмұндап қана қоймай, оны 
теориялық тұрғыдан жан-жақты талдау қарастырылған.
Курс міндеті:
Əлем əдебиетінің ең көрнекті үлгілерін оқып-үйрену мақсатына орай мынадай 
міндеттерді шешу көзделеді: 
-
Студенттер қауымына əлем əдебиетінің жалпы даму барысымен таныстыру
əлем əдебиетінің Эсхилл, Софокл, Гомер, Аристофан, Лукреций, Цицерон, Шекспир, 
Расин, Золя, Уайльд, Уэллс, Лондон, Драйзер жəне т.б. көптеген əдебиет əлемінде 
жарқыраған жұлдыздардың мəңгі өшпес шығармаларына тəнтə ету. Бұл – аталған 
курстың танымдық тұрғыдағы мақсаты.
-
Сонымен қатар, студенттерді əлем əдебиетінің алтын қорына енген шығармалар 
табиғатымен таныстыра отырып, жалпы адамзат əдебиетінің өсу, даму 
заңдылықтарына, əр кезеңдердегі əдеби ағым-бағыттардың өзегіне көз жүгіртіп,
оларға төл əдебиетіміздің сол əлемдік критерийлер тұрғысынан сараптағандағы 
қаншалықты іргеленіп, қаншалықты ілгерілегеніне салыстырмалы түрде анализ 
жасату. Бұл – курстың ғылыми-зерттеу тұрғысынан қарағандағы мақсаты.


-
Студент қауымының ақыл-ой, сезім дүниесіне əлем əдебиеті шығармалары 
үндеген адамгершілік, отансүйгіштік идеялары арқылы ықпал етіп, олардың рухани 
дүниесінің кеңейтіп, адами ізгі қасиеттерге баулу – бұл аталған пəн курсының 
тəрбиелік мақсаты болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   98




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет