Семинар сабағы Тақырыбы: Биологиялық зерттеулердің әдістері, биологиядағы ғылыми әдістер Мақсаты: Биологиялық зерттеу әдістерімен танысып, оларға сипаттама беру Сабақтың жоспары



бет18/18
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#83802
түріСеминар
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
семинар био кіріспе
физика 6 лекция, fizika 10 qozoq, тарих шпор, ответы матем, матем-информатика, н.р, 4зертханалық Беттің керілу күші, Адасов.И ЖФИ 113(СЖ 15 апта), тест, novye-statsionarnye-metody-izmereniya-teploprovodnosti-tverdyh-tel (1), 4-ші сабақ Интернетке деректер жіберу. Жоба құру
Кестені толтыру

Адам эволюциясының кезеңдеріне сипаттама:



Адам эволюциясының кезеңдері

Өзгеріске көбірек ұшыраған мүшелер

Өзгеру сипаты

Өзгерудің сипаттары







































Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. Приматтар эволюциясы

  2. Ежелгі адамдар, олардың ерекшеліктері

  3. Ертедегі адамдар

  4. Осы заманғы алғашқы адамдар

14 семинар сабағы




Тақырыбы: Экожүйелер, оның сипаттамасы
Мақсаты: Экожүйе және оның заңдылықтары
Сабақтың жоспары:

  1. Экожүйе және оны құраушы ағзалар тобы

  2. Экожүйенің қасиеттері

  3. Табиғатқа зиян тигізетін факторлар

Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:


Экологиялық жүйе – тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. А.Тенсли экожүйенің құрамына организмдерде абиотикалық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғатынтың негізгі функциясының бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншіне әсер ететіндігіне назар аударады. Былайша айтқанда экожүйе – зат айналымы мен энергия тасмалдануы жүретін табиғи бірлік . Экожүйеде зат айналымының жүруіне органикалық молекулалардың сінімділік түрде белгілі қоры және организмнің үш функциональды әр түрлі экологиялық топтары: продуценттер, консументтер, редуценттер болуы керек. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады. Экологиялық жүйелер тірі организмдерден (биоценоздардан) және тіршілік ортасы — жанама (атмосфера) және биожанамадан (топырақ, су айдыны және т.б.) құралады. Экологиялық жүйенің мысалына көлдер, орман алқаптары және т.б. жатады. Экожүйелерден биомаларды ажырата білу керек, биомалар жоғарыда айтып кеткендей, белгілі бір географиялық аудандарындағы ауа райы және топырақ белдемдерінде кездесетін организмдердің едеуір ауқымды бірлестігі. Экожүйенің қасиеттері: оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекеттеріне байланысты. Әр түрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттар мен судың қорын пайдалануы әр түрлі мөлшерде жүреді. Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кездерінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.


Тапсырма:



  1. Сызба бойынша мысал келтір







  1. Сызбаны толтыру:


Талқылауға арналған сұрақтар:

    1. Түр және оған сипаттама

    2. Популяция және оның тығыздығы

    3. Биомасса және оның құрылуы

    4. Экожүйенің негізігі көрсеткіштері

15 семинар сабағы




Тақырыбы: Биосфера эволюциясы және оның құрылымы
Мақсаты: Биосфера эволюциясы және оның құрылымдарына сипаттама
Сабақтың жоспары:

  1. Биосфера және оның пайда болуы

  2. Биосфера құрылымдары

  3. Биосфераның түрлік құрамы



Сабақтың жүргізілуіне түсініктеме:


Биосфера эволюциясы - Жер бетіндегі тірі организмдердің пайда болуынан бастап, қазіргі биосфера қабығының толық қалыптасу аралығындағы ұзақ уақытты қамтитын биологиялық үдеріс. Эволюциялық ілімі бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға ауысуынан пайда болған. Осы кезге дейін бұл үдеріс ұзақ уақытты қамтыған деген пікірлер айтылып келсе, соңғы жылдардағы микропалеонтологиялық, палеогеохимиялық, ғарыштық химия, изотоптық, т.б. зерттеулердің қорытындысы химиялық эволюцияның биологиялық эволюцияға қысқа геологиялық мерзім аралығында ауысқандығын дәлелдеп отыр. Жер планетасының геохронологиялық шежіресінде ең ежелгі заман — криптозойда (4550 — 570 млн. жыл бұрын) тіршілік еткен тірі организмдердің қазба қалдықтары сақталмаған. Ол кезде өте ұсақ алғашқы прокариотты организмдер (цианобактериялар, бактериялар, көкжасыл балдырлар) тіршілік еткен. Олардың қатты қаңқасы болмаған, денесіне сіңген суда еріген әр түрлі минералдық заттар ұсақ түйіршіктерге айналып, ежелгі тау жыныстарының арасында сақталғандығы соңғы кезде анықталды. Оны ғылымда строматолиттер деп атайды.
Сол замандағы өте ұсақ организмдер теңіздерде тіршілік етіп, гетеротрофты жолмен қоректенген. Қазіргі ғылыми деректер бойынша, Жер бетіндегі ең алғашқы тірі организмдер бұдан 4 — 3,5 млрд. жыл бұрын пайда болған деп есептеледі. Олар кейін күрделі эволюциялық өзгерістерге ұшыраған. 2 — 1,5 млрд. жыл бұрын бір жасушалы эукариотты ағзалар шыққан, олардан кейін (1,4 млрд. жыл бұрын) көп жасушалы ағзалар пайда болып Жер бетіне кеңінен таралған.
Ғылыми деректер бойынша, биосфера эволюциясында мынадай негізгі кезеңдер болған: өздігінен қалпына келе алатын гетеротрофты организмдердің тіршілік кезеңі; әлсіз тотығу процестеріне негізделген алғашқы автотрофты организмдердің тіршілік кезеңі; толық тотығу процестері жүретін автотрофты организмдердің Жер бетінде кеңінен таралу кезеңі. Биосфера эволюциясының палеонтологиялық шежіресіне сүйене отырып: биосфера эволюциясы ешқашан кері жүрмейді; геологиялық замандарда биологиялық эволюцияның жылдамдығы арта түседі; жалпы эволюцияның қарқынды жүруінен жаңа түрлер пайда болады; жануарлардың эволюциялық дамуының нәтижесінде олардың жүйке жүйесі күрделене


Талқылауға арналған сұрақтар:



  1. Биологиялық өнімділік

  2. В.И. Вернадский биосфераның қандай негізгі қасиеттерін атап өткен

  3. Биосфераның түрлік құрамы

  4. Жеке түрлердің биосферадағы қызметі

  5. Ағзалардағы биосферадағы атқаратын рөлі

  6. Биосферадағы әртүрлілік және оны сақтаудағы маңызды шаралар

  7. Табиғаттағы зат айналым


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет