Семинар сабағын жүргізетін топ



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі0,97 Mb.
#89490
түріСеминар
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
тарбие сагаты (1)


«Ақпараттық қоғамдағы медиасауаттылық маңызы»
тақырыбы бойынша өтетін тәрбие сағатының жоспары


Семинар сабағын жүргізетін топ: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің «Цифрлық медиаменеджмент» мамандығының 1 курс студенттері


Тәрбие сағатының өтетін уақыты: 9 қазан, сағат 12:10 да


Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Әшірбекова Г. Ш.


Семинар сабағын жүргізетін оқытушы: Ақылбек Ж. Қ.


Тәрбие сағатын дайындаған: «М067-Журналистика және репортерлік іс» мамандығының 2курс магистранты Мұрат А. М.


1 слайд. Тәрбие сағатының мақсаты: Ақпараттық қоғамдағы медиасауаттылықтың маңызын білім алушыларға түсіндіріп, нақты мысалдар негізінде медиасауаттылық ұғымының мәнін айқындау.


2 слайд. Медиасауаттылық дегеніміз - адамдарға әртүрлі формадағы, жанрдағы хабарламаларды жасауға, талдауға, бағалауға мүмкіндік беретін дағдылар мен біліктердің жиынтығы. Медиасауаттылық арқылы адамдар нені көріп, оқып, тыңдап жатқанын түсіне алады, сондай-ақ оқырмандар ақпараттың қандай мағынада берілгеніне талдау жасай алады. Медиасауаттылықтың негізгі атқаратын қызметі - адамдарды медиа хабарлардың тәжірибелі жасаушылары мен продюсерлеріне айналдыру, медианың әрбір түрінің артықшылықтары мен шектеулерін жеңілдету, сондай-ақ тәуелсіз медианы құру. Ақпарат сауаттылығына қол жеткізген адамдар хабардың жалған екенін түсініп, қандай бұқаралық ақпарат көзіне сену керек екендігін біледі. Ақпаратты сауаттылық дегеніміз ақпаратты сұрыптап тұтыну. Кез келген өмірдегі құбылыстан мысал келтірейік.

++++ видео


3слайд. «Factual Entertainment: how to make media literacy popular» атты еңбекте медиа хабарламаға талдау жасайтын 28 кілтті сұрақ берілген: «Ақпаратты жазған кім?», «Оның мақсатты аудиториясы қандай?», «Бұл ақпарат кімге тиімді?», «Ақпараттың дереккөзі қандай?», «Бұл хабарламаны тұтынғаннан кейінгі салдары қандай?» және т.б.
Осы сұрақтардың толықтай жауабын алу үшін медиасауаттылықты жас кезден оқу процесіндегі медиабілім беретін элементтер арқылы енгізу қажет. Балаларды ақпараттан қорғамай, керісінше, медиапроцестің белсенді қатысушыларына айналдырған жөн.
4 слайд. Батыс медиапедагогтарының зерттеулеріне сүйенсек, «медиасауаттылық – оқушыларға медиамен сыни тұрғыда жұмыс жасауға,олардың өміріндегі медианың маңыздылығын түсіндіруге көмектесетін құрал» деп түсінеді. Медиасауатты оқушы медиамәтіндерді сыни тұрғыдан талдап, баға беруі, манипуляцияға қарсы тұра алуы қажет[3, 54б].
Қазір мектепке дейінгі және мектеп жасындағы жас-жеткіншектерді көгілдір экран тәрбиелеп жатыр. Ата-аналар кейде балаларды қандай хабарды көріп, қандай ақпаратты тұтынып жатқанына да аса мән бере қоймайды. Қоғам болашағы бала­лар­дың қалыптасып, дамуында үлкен рөл атқаратын бұқаралық ақпарат құралдарының, яғни медиа­ның ұсынатын өніміне қашанда мән беру, оларды тиімді пайдалана білуге үйрету, жасөспірімдер мен мектепке дейінгі жастағы балалардың медиасауаттылығын қалыптастыру аса маңызды.
5 слайд. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, Google алпауыт компаниясы балалардың ақпарат сауаттылығын арттыру жолында біршама жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесі – балаларға арналған Be Internet Awesome ақпараттық сауаттылық бағдарламасы. Жыл сайын жаңартылулар, қосымшалар арқылы медиасауаттылық курсында балалар сондай-ақ фейк жаңалықтарды, сенімсіз ақпаратты анықтауды үйренуге мүмкіндік алып отыр. Жаңа бағдарламаға сәйкес балалар боттардың кім екенін түсініп, фишингтік шабуылдардың алдын-алуды, ақпаратты тексеріп, дереккөзге зерттеу жасауды, дезинформацияны, жалған ақпаратты анықтауды үйренеді.
6 слайд. Осыдан бірнеше жыл бұрын ғаламторда қызу талқыға түскен ойындардың бірі «Синий кит», «Тихий дом» болды. Ойынға кірген балалар тапсырмалар орындауы қажет, оның ішінде тамырыңды кесу керек және қолыңа киттің суретін салу керек деген сияқты тапсырмаларды орындау қажет, соңында олар өздеріне қол жұмсауы тиіс. Сонымен қатар, ойын модераторлары ойыншы туралы мәліметтерді біліп отырады. Осы әрекет бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы, 6-бөлігі ("Жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адами қадір-қасиетiн үнемі қорлау арқылы адамды өзiн-өзi өлтiруге дейін немесе өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу") тергеу жүргізілді. Міне, бұл жағдайда жасөспірімдердің ақпараттың, ғаламтордың арбауына түсуінің себебі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет