Семинар сабағының тақырыбы Кункожаева Гульжазира Курбанбаевна



Дата22.03.2023
өлшемі0,91 Mb.
#172923
түріСеминар
Байланысты:
13-лаборатория
Репродукция патологиясы каз, Қуат генетика срс, 1топ Тәрбие жоспары, Зертханалық сабақ 5, Соңғы жылдары Қазақстан мемлекеті де, Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

№ 13 дәріске зертханалық - семинар сабағының тақырыбы

Кункожаева Гульжазира Курбанбаевна

пед.ғ.магистрі, оқытушы


Спирттердің қасиеттерін зерттеу
Жаратылыстану және география институты
Химия білім беру бағдарламалары

Зертханалық жұмыс


Спирттер
Спирттер
Мысал ретінде этил спиртін алып, бір атомды
қаныққан спирттердің физикалық және
химиялық қасиеттерімен танысу.
Жұмыс мақсаты:
Реактивтер мен
жабдықтар:
абсолюттік этил спирті, пропил спирті, глицерин, калий иодидіндегі иод ерітіндісі, изопропил спирті, натрий металы, газ жүретін түтікшелі тығын, фенолфталеин, пробиркалар, мыс сымы, калий дихроматы, концентрлі күкірт қышқылы, спирт шамы, 2н. натрий гидроксиді

Зертханалық жұмыс


2-тәжірибе. Спирттердің тотығуы
(мыс оксиді)
3-тәжірибе. Спирттердің тотығуы
(калий дихроматы)
4-тәжірибе. Спирттен
йодоформның түзілуі
Тәжірибелер
Спирттер
Спирттер
1-тәжірибе. Натрий алкоголятын
алу және оның қасиеті
Спирттердегі суды айқындау және
спирттерді сусыздандыру

1-тәжірибе. Натрий алкоголятын алу және оның қасиеті Спирттердегі суды айқындау және спирттерді сусыздандыру

1-тәжірибе.

  • Натрий алкоголятын алу және оның қасиеті
  • Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5 мл абсолютті этил спиртті құйып, оның үстіне тазартылған металл натрий түйірін салады. Пробирканы газ жүретін түтікшелі тығынмен жабыңдар. Бөлінген газды жағыңдар. Пробирканы суытқаннан кейін 1-2 мл дистилденген су қосып, фенолфталеин ерітіндісін тамызыңдар.

  • Спирттердегі суды айқындау және спирттерді сусыздандыру
  • Жұмыс барысы: Екі пробиркаға 0,5г сусыз мыс(ІІ) сульфатын салып, 1 мл –ден этил және изопропил спирттерін құяды. Пробиркалардағы заттарды жақсылап шайқап, біраз тыныш қалдырады. Байқаған құбылыстарды сыйпаттап, реакциялар теңдеулерін жазу керек. Бұл реакцияны не үшін қолданады? Бұл жағдай үшін тағы қандай реагенттер қолданылады? Оларды қалай атайды?


Спирттер
спирттер

2-тәжірибе. Спирттердің тотығуы (мыс оксиді)

2-тәжірибе. Спирттердің тотығуы

  • Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы этил спиртін құяды. Мыс сымын қара түсті мыс оксидіне айналғанша қыздырады да пайда болған мыс (ІІ) оксидін спирті бар пробиркаға салады. Сонда сірке альдегидінің иісі сезіледі. Бұл кезде мыс (ІІ) оксиді мысқа дейін тотықсызданады. Оны мына реакциядан көруге болады.
  • 2Сu + O2  2CuO

    CH3CH2OH + CuO  H2O + CH3CHO + Cu

3-тәжірибе. Спирттердің тотығуы (калий дихроматы)

3-тәжірибе. Спирттердің тотығуы

Жұмыс барысы: Пробиркаға 3 тамшы этил спиртін, калий дихроматының түйірін және бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын құяды. Қоспаны баяу қыздырады. Сол кезде ерітіндінің түсі жойылып, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Хром алты валенттіктен үш валентікке дейін тотықсызданады.

 

  • 3С2Н5ОН + К2Сr2О7 + 4Н2SO4  К2SO4 + Сr2(SO4)3 + 7Н2О + 3СН3СНО

4-тәжірибе. Спирттен йодоформның түзілуі

  • 4-тәжірибе. Спирттен йодоформның түзілуі
  • Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5мл этил спиртін және 3-4 тамшы калий иодидінде еріген йод ерітіндісін құяды да араластырады, сосын 0,5мл натрий гидроксидін қосады. Қоспаны аздап қыздырады(қолмен қыздырса да болады), сонда ақ түсті өзіне тән иісі бар йодоформ қалқымасы (тұнбасы) пайда болады.Егер қалқыма жоғалса, тағы 2-3 тамшы йод ерітіндісін тамызу қажет. Бірер минуттан соң кристалдар пайда болады. Дәл осылай пропонол-1 спиртімен тәжірибені қайталау керек. Реакция теңдеуін жазу керек. Кристалдың түсі қандай? Екі спиртпен де осы реакция бірдей жүрді ме? Осы реакцияны спирттерге сапалық реакция деп айтуға бола ма?


№ 13 дәріске СӨЖ тақырыбы
Фенолдар және ароматты спирттер
Тапсырмалар
  • СН3ОН-спиртінің аталуы, жану, тотығу, металмен әрекеттесу реакциясын жаз
  • Пропанол-2 формуласын құрастыр
  • Мына өзгерістерді жүзеге асыр. С2Н5СІ→С2Н5ОН→СО2
  • С2Н5 ОН- спиртінің аталуы, жану, тотығу, металмен әрекеттесу реакциясын жаз
  • 3,3,4-триэтил гексанол-2 формуласын құрастыр
  • 50г этил спирті натрий мен әрекеттескенде қанша литр (қ.ж) сутек бөлінеді?
  • С3Н7ОН- спиртінің аталуы, жану, тотығу, металмен әрекеттесу реакциясын жаз
  • Пентанол-3 формуласын құрастыр
  • 2 г C2 H5ОН жанғанда неше литр көмірқышқыл газы (қ.ж.) алынады?
  • С4Н9ОН- спиртінің аталуы, жану, тотығу, металмен әрекеттесу реакциясын жаз
  • С5Н11ОН- спиртінің аталуы, жану, тотығу, металмен әрекеттесу реакциясын жаз
  • 3,4- диметилгептанол-5 формуласын құрастыр
  • Этанолдың тотығу реакциясын жаз.
  • Мына өзгерістерді жүзеге асыр. С2Н2→ С2Н4 →С2Н5ОН→СО2
  • Метил спиртінің натриймен әрекеттесу реакциясын жаз.


Thank You !

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет