Семинар сабақтарына әдістемелік нұСҚау модуль тақырыбы: Пәнге кіріспе Сағат саны: Жоспар



бет4/6
Дата26.10.2022
өлшемі24,06 Kb.
#155074
түріСеминар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тарих әдіснамасы пәнінен семинар
Новый документ в формате RTF (2), А.Байтұрсынұлы
Әдістемелік нұсқау: Семинарға дайындық барысында «тарихи факт» ұғымы түсіндіріледі, оған диалектикалық-материалистік тұрғыдан талдау жасалады. Тарихи фактінің логикалық-гносеологиялық құрылымын ашып көрсетіледі. Тарихи фактінің тарихи зерттеулердегі, тарихи ақиқат пен шындыққа қол жеткізудегі рөлін айқындайды. Ғылыми тарихи факт және оның түрлеріне сипаттама беріледі. Тарихи факт мәселесіндегі түрлі ғылыми пікірлер мен тұжырымдарға талдау жасалады.
3 МОДУЛЬ. 4 АПТА. АПТАСЫНА 10 БАЛЛ + ТЕСТ 20 БАЛЛ БАРЛЫҒЫ 50 БАЛЛ.
4 МОДУЛЬ


12.Тақырыбы: Тарихи таным принциптері
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. Тарихилық ойлай тәсілі және ғылыми таным принципі ретінде.

  2. Тарихилықтың пайда болуы. Оның негізгі түрлері (дворяндық, буржуазиялық, марксистік).

  3. Кеңестік тарихнамадағы партиялық принципінің дәріптелуі мен догмаландырылуы. Өткенді оқып-білудегі формациялық және өркениеттілік ұстанымдар.

Әдістемелік нұсқау: Білім алушылар тарих ғылымының әлеуметтік қызметінің бір бағыты тарихи таным мәселесін қарастырады. Тарихилықтың (историзмнің) қалыптасу тарихы, оның ғылыми танымның принципі ретіндегі маңызы зерделеніп, историзмнің негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Тарихилық принципінің қазіргі заманғы түсіндірілуі қарастырылып, ғылыми пікірлердің айырмашылығы айқындалады.
13.Тақырыбы: Тарихи таным және қазіргі заман
Сағат саны: 2
Жоспар:

  1. Тарих пен қазіргі уақыттың өзара ықпалдылығы.

  2. Тарих және идеология.

  3. Тарих және саясат.

Әдістемелік нұсқау: Білім алушылар тарихтағы зерттеу әдіс-тәсілдерін, оның ерекшеліктерін, қолданылу жолдарын түсіндіреді.
Ғылыми әдіс - ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты болып табылады. Танымның даму процесінде ғылыми ойлау жүйесінің индукция, дедукция, талдау және жинақтау, аналогия, салыстыру, эксперимент, бақылау және басқа да әдістері жасалып, қалыптасты. Нақты ғалым түрлерінің арнайы әдістері де болады. Өйткені олардың зерттеу объектілеріне тән өзіндік ерекшеліктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет