Семинар сабақтарының мазмұны және студенттермен оқытушының Өздік жұМЫСтарының тапсырмалары 1 Философияның пәні, қызметтері мен салалары



бет1/5
Дата15.10.2022
өлшемі41,48 Kb.
#153181
түріСеминар
  1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта семинар сурактары
a23dff83fbee4e9d94fb487f65f4fdb5

3 СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ СТУДЕНТТЕРМЕН ОҚЫТУШЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ


3.1 Философияның пәні, қызметтері мен салалары

1 Философия ұғымы. Философия және дүниетаным арақатынасы. Философия – білім мен рухани қызметтің ерекше түрі.


2 Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері: мифология, дін және философия. Қоғам дамуындағы миф және діннің рөлі.
3 Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары
4 Философияның анықтамалары, түрлері мен бағыттарының санқырлылығы және философиялық пайымдау тәсілдерінің әртүрлілігі (Аристотель, Әл Фараби, Р.Декарт, И.Кант және т.б. ).

Кілт ұғымдар: дүниетаным, философия, даналық, даналыққа құштарлық, мифология, дін, космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм, скептицизм, фәлсафа, болмыс, субстанция, материя, монизм, деизм, плюрализм, космоцентризм, субъект, объект, онтология, гносеология, аксиология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия, мәдениет, таным, ғылым, өнер, табиғат, қоғам, сенсуализм, эмпиризм, рационализм, рефлексия.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


1. Дүниетаным дегеніміз не? Барлық адамдарда дүниетаным бола ма?
2. Мифологиялық және діни дүниетанымның негізгі белгілері қандай?
3. Философиялық дүниетанымның негізгі ерекшеліктері және оның мифтік және діни дүниетанымнан айырмашылығы
4. Дүниетанымның, философия мен ғылымның қатынасы қандай?
5. Мәдениет әлеміндегі философияның мәні мен мағынасы қандай?
1. Дүниетаным және оның түрлері (мифологиялық, діни, философиялық).
Дүниетаным – құрылымы жағынан күрделі жүйе. Оның бастапқы және өзекті элементі – білім.Дүниетанымның құрылымдық жүйесі-не адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді. 
Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.
Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Г.Гегель миф дегеніміз – адам ақылының әлем алдындағы әлсіздігінің көрінісі деп жазған. Мифология ауқымды әрі жан – жақты құбылыс, ол әлем халықтарына түгел қатысты адамзат санасының өте ерекше қабаты.Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Ғылым, ең алдымен, ұғымдық дүниетаным болып табылады. Қарапайым дүниетаным адамдардың өзі және қоршаған дүние туралы күнделікті іс - әрекетінде пайда болып тұратын жекелеген білімдеріне негізделеді. Ол әркімнің жеке өмірлік тәжірибесінде көрініс табады. Қарапайым дүниетаным халық даналығына сүйенеді.
Философия ерекше дүниетаным және адамның рухани іс - әрекетінің көрнекті саласы ретінде аталған дүниетаным түрлерінің өзара қабысуының нәтижесінде қалыптасты. Бірақ ол олардан жоғары дәрежеге көтерілді, сонымен бірге, алғашқы бастауы, қайнар көзі ретінде олармен байланысын жоғалтқан жоқ.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
Философия-адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда -даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді. Б.з.д. 7-6 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Қытай Және Грек жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет