Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: семинар апта сағат. 15 б. Тақырып


семинар. 6-апта. 2 сағат. 10 б. Тақырып



бет12/31
Дата13.12.2021
өлшемі50,48 Kb.
#100216
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Семинар сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар 2020-2021 оқу жылы

6 семинар. 6-апта. 2 сағат. 10 б.

Тақырып: Қазақстандағы орталыққа карсы күштер мен ұлттық сананың өсуі.

"Тарихи шынайылықтың әсерінен тұлғаның түрлену үдерісі" тақырыбы бойынша эссе түріндегі рефлексия.

1. 1985 ж. КОКП Орталық Комитетінің Сәуір Пленумы. "Қайта құруға" бағытталу.

2. Экономика саласында реформалар жүргізуге талпыныстар және оның салдары.

3. Қазақстандық қоғамдағы қоғамдық-саяси өмір және құқықтық мемлекеттің қалыптаса бастауы.

Сабақтың мақсаты: қазақстандық қоғам өміріндегі "қайта құру" жылдарында болған өзгерістердің мазмұнын ашып көрсету, сонымен бірге ұлттық бірегейліктің артуына және демократиялық құқықтық мемлекет құруға алып келген жүйелік дағдарыстың салдарын көрсету.

Әдістемелік нұсқаулар: Сұрақтарға дайындалу барысында семинар тақырыбында көрсетілген құжаттармен мұқият танысып шығу керек (КОКП Орталық Комитетінің 1985 жылғы сәуір Пленумының материалдары, КОКП ХХҮІІ съезі (1986 ж.), КОКП Орталық Комитетінің 1987 жылғы қаңтар Пленумы, КОКП Орталық Комитетінің "Маскүнемдік пен алкоголизмді жеңу шаралары туралы" КОКП ОК қаулысы (1985), 1987 ж. Мемлекеттік кәсіпорын туралы Заңы, 1986 ж. Қазақстандағы желтоқсан оқиғасын зерттеу жөніндегі комиссия материалдары, Қазақ КСР-нің 1989 ж. тіл туралы Заңы және т.б.). Бірінші және екінші мәселені қарастыруда "елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыттары", "қайта құру", "жариялылық" және "мемлекеттік қабылдау" ұғымдарының мағынасын ашуға ерекше назар аудару қажет. Бұл әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу әдістерінің себептері мен сәйкессіздігін түсінуге мүмкіндік береді. Үшінші мәселе 1986 жылы Қазақстандағы көрініс тапқан ұлттық бірегейліктің артуына алып келген кеңестік қоғамдағы саяси дағдарыстың салдарын зерделеудің және ұлттық саяси саласындағы өзгерістерге алып келген шараларға тоқталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет