Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Ес және зейін туралы жалпы ұғым. Сабақ жоспары: Естің дара ерекшеліктері. Есті дамыту және тәрбиелеу



бет5/9
Дата07.02.2022
өлшемі80 Kb.
#87675
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-Семинар (1)

Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, күші, көлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Мәселен, әдемі ашық түсті және жарқыраған ойыншық мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің зейінін өзіне ерекше аударады.
Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, өткір иіс — еріксіз зейінімізді аударады. Еріксіз зейінімізді аударуда ерекше рөл атқаратын тітіркендіргіштердің арасында контраст (қарама-қарсы) болуы мүмкін. Мәселен, келе жатқан бір топ адамдардың ішінде біреуі басқаларына қарағанда өте бойшаң болатын болса, соған еріксіз назарымызды аударамыз. Сонымен қатар күнделікті өмірлік бақылаулар, арнаулы тәжірибелер көрсеткендей, кей жағдайда өте әлсіз тітіркендіргіштер зейінді шақырады. Меселен, кенеттен тыныш ортада болған қатты дыбыс немесе керісінше, кенеттен пайда болған тыныштық ол да еріксіз біздің зейінімізді аударады.
Сонымен қатар тітіркендіргіштердің жаңа болуы еріксіз зейінді шақыруға себепші болады.
Еріксіз зейіннің ең негізгі себептерінің бірі жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының әрекеті, оның ішіңде қызығулардың мәні орасан зор. Не нәрсе қызықты болса, ол еріксіз зейінді аударады.
Психологтардың еңбектерінде еріксіз зейіннің пайда болу себептерінің бірі — зейіннің бағыттылығы іс-әрекеттің құрылымына тәуелді болуы.
Еріксіз зейіннің алғашқы физиологиялық негізі бағдарлы немесе зерттеу рефлекстері болып табылады. Бұл рефлекстерді академик И.П.Павлов басқаша "бұл не?" рефлексі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет