Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Ес және зейін туралы жалпы ұғым. Сабақ жоспары: Естің дара ерекшеліктері. Есті дамыту және тәрбиелеу



бет6/9
Дата07.02.2022
өлшемі80 Kb.
#87675
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
8-Семинар (1)

Ерікті зейін деп саналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын тандай отырып, адам санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық тұрғыдан көп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды. Студент алдына күні бұрын лекцияны түсініп, жазып алу жөнінде мақсат қояды, өзінің зейінін профессордың лекциясына аударады.
Жұмыстың көптеген түрлерінде көп жағдайда ерікті зейінді қажет етеді. Мәселен, корректордың жұмысы, тас қалауда құрылысшының жұмысы, жүргізушінің жұмысы, мұғалімнің жұмысы т.б. ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі белгілері бірдей. Осындай негізі белгілеріне белгілі бір нысанаға сананың шоғырлануы мен бағытталуы жатады. Белгілі бір жұмыс үстінде, оның ішінде тиімді оқу үрдісінде ерікті зейін еріксіз зейінге ауысуы мүмкін, керісінше, еріксіз зейін еріктіге. Мәселен, қандай болмасын оқу материалын меңгеру барысында әруақытта да шәкірттерден ерікті зейіннің болуын қажет етеді. Бірақ меңгеру үрдісінде зейін жиі еріксіз зейінге айналады. Зейіннің осындай өзгеруі оқу материалы мазмұнының кейбір ерекшеліктеріне байланысты (мәселен, оның ашықтығы, қызықтылығы) баяндау ерекшеліктеріне тәуелділігі, көрнекілігі, түсініктілігі, сонымен қатар шәкірттердің оқу материалы мазмұнына қызығуына байланысты. Зейінді еріктіден еріксіз үрдіске қайта құру білімді меңгеруді біршама жеңілдетеді. Кейде кері құбылыста болады. Егер іс-әрекет үрдісінде (мәселен, білімді меңгеру үрдісінде) қандай да болмасын қиындық кездессе, онда еріксіз зейін ерікті зейінге ауысады.
Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын алады. Осындай құбылысты зейіннің бөлінуі деп атайды. Зейіннің бөлінуі жұмысқа жағымсыз әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет