Семинар сұРАҚтары топ: сибк-20-6 Орындаған: Мекембай М. Қабылдаған: Төленова З



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі20,34 Kb.
#82990
түріСеминар
1   2
Байланысты:
семинар 3 тарих

Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді.

3.Соңғы уақыттарда Түркияда зерттеушілердің Тұрар Рысқұловқа көбірек көңіл аудара бастағаны байқалады. Мұның негізінен екі себебі болуы мүмкін. Біріншіден Тұрар Рысқұлов татар әріптесі Мирсаид Сұлтанғалиев сияқты тек туған халқын ғана емес, бүкіл түркі халықтарының Тұран социалистік республикасын құруға ұмтылған болуы. Екіншіден- Түркиядағы ұлт-азаттық күресінің жетекшісі Мұстафа Кемал Ататүрікке деген құрметі.Түркияда Рысқұлов есімі жалпы алғанда Мирсаид Сұлтанғалиев, Нариман Нариманов және Мұстафа Сұпхимен бірге аталып өтіледі. Бұлардың ортақ ерекшеліктері сенімді коммунист болумен қатар туған халықтарының тағдырының түркі дүниесімен ынтымақтастықта екеніне сенген болуларында.Сұлтанғалиев Марксизмнің Еуропалық қоғамдағы буржуазия мен пролетариат арасындағы күресінің орнына түркі халықтары мен шығыс халықтарының қоғамдарындағы отаршылдар мен отарланушылар арасындағы күресін жүргізуді ұсынған.Осы пікірі бойынша Тұран Федералдық Социалистік Республикасын құру жоспарланған. Бұл идея бойынша Еділ – Оралда Сұлтанғалиевтің өзі, Кавказияда Нариман Нариманов, Түркияда Мұстафа Сұпхи, Түркістанда Тұрар Рысқұлов социалистік түркі республикаларын құруға ұмтылды. Тұрар Рысқұловтың Түркістан Түрік Коммунистік Партиясы мен Орталық Азияда Түрік Социалистік Республикасын құру туралы идеялары мен саяси іс-қимылдары осыған саяды.


Қазақ өлкесін басқару үшін РКФСР ХКК-нің “Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі уақытша әскери-революциялық комитет туралы” қаулысы бойынша 1919 жылы 10 шілдеде құрылған. Оның алғашқы құрамына: С.Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғашин, С.Меңдешев, Б.Қаратаев кірді.Қазревком “Өлкені жоғары әскери-азаматтық басқаруды” өз қолына жинақтап, қазақ халқының мемлекеттігін құру мақсатында өлке Кеңестерінің Құрылтай съезін шақыруға жағдай жасады. Шын мәнінде ревком өкіметтің Қазақстандағы осынау төтенше органының әр түрлі саладағы орасан көп жұмысты атқаруына, Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайшы съезін әзірлеп, өткізуіне тура келді.Қазревком 1919 жылы шілдеден бастап 15 ай бойы жұмыс істеді. Сол уақыт ішінде Қазревком қазақ елінің кеңестік автономиясын жария етуге байланысты қыруар әзірлік жұмыстарын жүзеге асырды. 1920 жылғы 17 тамызда РКФСР ХКК Қазақ Республикасы жөніндегі Декреттің жобасын қарап қолдады.
1920 жылғы 26 тамызда РКФСР Бүкілресейлік ОАК мен ХКК төрағалары М.И. Калинин мен Владимир Ильич Ленин қол қойған “Қырғыз (қазақ) кеңестік автономиялық социалистік республикасын құру туралы” Декрет қабылдады. Көп ұзамай Қазақ (Қырғыз) АКСР-і құрылды да, Қазақ революциялық комитеті таратылды ( Қазақ АКСР-і). Жергілікті жерлерде Қазақ революциялық комитеті органдарын құруға Қызыл Армия бөлімдері мен қызыл партизандар жасақтарының саяси қызметкерлері, партия-кеңес органдары басшылық етті.
1925 жылы Қызылордада Қырғыз (Қазақ) АКСР Кеңестерінің V съезі басталды. Съезде Ахмет Байтұрсынұлының халыққа өзінің тарихи «қазақ» атын қайтару жөніндегі ұсынысы қаралып, қолдау тапты. «Қырғыз басқа, қазақ басқа екенін қазақ баласы тегіс білсе де бұл күнге шейін ештеңе демей, тымақтары салпиып келеді. Оны өткен замандардың ағымдары көтерсе де, қазіргі күнде ұлт атын жасыруды, ұлт тарихы ондай жаңсақтықты көтермейді», деп сөйлеген. Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлының ұлт алдындағы тағы бір ұлы еңбегі - қазақты қайтадан қазақ атандырып бергені.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет