Семинар тақырыбы : Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу тәрбие процесінде ескерілуі



бет1/2
Дата28.10.2023
өлшемі25,74 Kb.
#188917
түріСеминар
  1   2
Байланысты:
7-8 семинар жауабы


7 семинар тақырыбы: Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу-
тәрбие процесінде ескерілуі
Мақсаты: Мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеруді меңгеру.
1. Жас ерекшелік кезеңдері, оларға сипаттама.
2. Қазіргі қоғамның даму кезеңінде жеке тұлғаны қалыптастырудың ерекшеліктері.
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша семинарға дайындалуда тізімде көрсетілген
әдебиеттермен жұмыс жасай отырып оқу материалын зерделеңіз.
Өткізу формасы: топтық жұмыс
Бағалау критерилері: Студенттер топтасу кезінде тақырыптың мазмұнын бірізділікпен
жазады
Әдебеттер: [1-3;6; қосымша әдебиет 4; 27 ]



  1. Оқушылардың жеке ерекшелігі – денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы әсерлерге жауабы, қабылдауы т.б. біреулері өзінің байсалдылығымен ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін, сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет. Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі негізінде құрылады.

Қазіргі ғылымда оқушылардың жас ерекшеліктерін кезеңдеу түрлері (И.П. Подласый)

Психологиялық

Педагогикалық

1. Пренатальдық кезең
2. Жаңа туған сәби (6 аптаға дейін)
3. Емшектегі бала (1 жылға дейін)
4. 1 – 3 жас аралығы
5. Мектепке дейінгі кезең (3 – 6 жас)
6. Мектеп жасы (6 – 11 жас)
7. Пубертаттық кезең (11 – 15 жас)
8. Жастық шақ (15 – 20 жас)

1. Сәбилік (1 жыл)
2. Мектепалды жасқа дейінгі кезең (1 – 3 жас)
3. Мектепалды жасы (3 – 6 жас)
Кіші мектепалды жасы (3 – 4 жас)
Орта мектепалды жасы (4 – 5 жас)
Үлкен мектепалды жасы (5 – 6 жас)
4. Кіші мектеп жасы (6 – 10 жас)
5. Орта мектеп жасы (10 – 15 жас)
6. Ересек мектеп жасы (15 – 18 жас)

Педагогикалық кезеңдеудің негізін бір жағынан дене және психикалық дамудың кезеңдері, екінші жағынан тәрбие жүргізілетін шарттар құрайды.


Оқытуды және тәрбиелеуді оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізу оң нәтиже береді. Дамудың табиғи сатыларын есепке алмау немесе теріске шығару кез келген әлеуметтік тәжірибені, кез келген білімдерді, біліктер мен дағдыларды кез келген жаста беру мүмкін деген қате тұжырымға және әдістеме таңдауда қателікке алып келеді. Әлеуметтік даму үрдісінің жылдамдауы, түрлі ақпараттық көздерге кең қол жеткізу мүмкіндігі адамның мүмкіндіктерін біраз ұлғайтады, дегенмен, ол мүмкіндіктер шексіз еместігін ескерсек, жас ерекшеліктері дамуда өз шарттарын қояды.


Я.А. Коменский алғашқылардың бірі болып оқу-тәрбие үрдісінде балалардың жас ерекшеліктерін қатаң есепке алуды ұсынды. Ол табиғатқа сәйкестілік принципін негіздеді, яғни табиғаттағыдай тәрбие процесінде де барлығы өз орнымен және кезегімен жүріп отыруы тиіс.
Жас ерекшеліктерін есепке алу – педагогикалық принциптердің ішіндегі негізгілерінің бірі. Оған сүйене отырып, мұғалімдер оқу жүктемесін белгілейді, еңбектің әр түрімен қамтуды қалыптастырады, дамуға оң мүмкіндік беретін күн тәртібін анықтайды. Жас ерекшеліктері оқу пәндерін, әр пәндегі оқу материалын таңдау және орналастыру мәселелерін дұрыс шешуді міндеттейді. Сол сияқты олар оқу-тәрбие іс-әрекетінің формалары мен әдістерін таңдауда негізгі роль атқарады.
Жас ерекшеліктерін кезеңдеудің шекаралары қатып қалған жағдай емес, өйткені әр адамның жеке дамуының ерекшеліктерімен қатар, әр толқынның да дамуында алдыңғыларымен салыстырғанда өзгешеліктер болуы мүмкін. Акселерация – балалық және жеткіншектік шақта дене және ішінара психикалық дамудың жылдамдауы. Биологтар оны организмнің физиологиялық пісіп-жетілуімен, психологтар – психикалық функциялардың жетілуімен, педагогтар – тұлғаның рухани дамуымен және әлеуметтенуімен байланыстырады.
Акселерацияның негізгі себептері: өмірдің жалпы темпінің жылдамдауы, материалдық жағдайдың жақсартуы, тамақтанудың және медициналық бақылау сапасының көтерілуі, ерте жастан балаларды күтіп-бағудың жақсаруы, т.б.

8 семинар тақырыбы: Тәрбие әдістері және құралдары.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет