Семинар тақырыбы: «Интербелсенді оқыту әдістері»


Тарих сабағында интербелсенді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдары



бет3/4
Дата16.02.2023
өлшемі36,37 Kb.
#169045
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
Интербелсенді оқыту Жаканбаева
651485, Тест по физике Виды равновесия тел 7 класс, Закон Ома для послед и парал соиден, Курсовая работа по ИО , ПС-18-2 ИОиАИ КЖ варианттары
Тарих сабағында интербелсенді оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану жолдары

«Интербелсенді оқуды неден бастау керек?» деген сұраққа жауап бергенде, ең алдымен төмендегідей ережелерді ұстануы қажет. Олар:
1. Сабақ бөлмесін жұмысқа дайындау. Тиімді жұмыс жасау үшін сабақ бөлмесінде компьютер, интербелсенді тақта, флипчарттар, маркерлер, А-4 форматындағы қағаздар болғаны дұрыс. Парталарды қоюдың да көптеген тәсілдері бар. Ең бастысы студенттердің бәрі де бір мезгілде оқытушыны көре отырып, топ ішіндегі жұмысқа белсене араласуға мүмкіндік алуы керек.
2. Топқа бөлу. Әр сабақта студенттерді шағын топқа бөліп, сол арқылы олардың бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау керек. Топқа бөлу әдетте кездейсоқ жасалады. Топқа бөлуді әрекетке негіздеп, қызықты етіп өткізген жөн.
3. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау. Әр сабақтың басында бүгін қарастырылатын тақырып бойынша мұғалім өз тұрғысынан сабақтың мақсаттарын айқындап, студенттерден қандай білім, білік, дағды, әрекеттер күтетіндігін жеткізеді.
4. Жұмыс ережелерін қабылдау. Сабақ басында жұмыс ережелерін қабыл-дап, оларды әрі қарай қатаң ұстану студенттерді тәртіпке шақырып, тиімді, әрі үнемді түрде жұмыс жасауға қолайлы. Ережелер сан алуан болуы мүмкін, жұмыс уақыты, реті мен тәртібін анықтайтын, алайда олардың барлығы бірлескен жұмыста сыйласымды қарым-қатынасқа бағытталғаны жөн.
5. Сенім мен жұмыс атмосферасын қалыптастыру. Студенттерді психологиялық тұрғыдан интербелсенді оқуға дайындау қажет. Әдетте сабаққа келгендердің бәрі дерлік оқуға белсене араласып кетуге дайын емес, өйткені олардың өздері ыңғайсыз, әрі дискомфортты сезінуі мүмкін.
6. Барлық студенттердің жұмысқа белсене қатысуы. Интербелсенді әдіс аумағында өтетін сабақ мақсаттарының бірі бірлесе жұмыс жасау болғандықтан, әр қатысушының жұмысқа белсене араласқаны абзал.
7. Тыңдай білу. Топтық бірлескен жұмыстан соң әр топқа өз пікірі мен көзқарасын жариялау мүмкіндігі беріледі. Ол үшін топ атынан бір үйренуші берілген уақыт ішінде өз ойлары мен ұйғарымдарын ортаға салады.
8. Жазбаша жұмыстар. Үйренуді басты мақсаты –– тұлғаның ойлау қабілеті мен шығармашылық дағдыларының өркендеуі. Ал жазу –– ойлаудың шырқау биігі. Жазуда оқушы өзінің ішкі жан–дүниесін ашып, оны асқақтата түседі.
9. Кері байланыс. Кері байланыс дегеніміз сабақтың әдіс-тәсілдері, олардың тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы студенттердің ой-пікірлерін білдіруі.
Қазіргі уақытта жаңа технология әдістерін негізгі ала отырып, әр түрлі дидактикалық, қимыл-қозғалыс, фантазиясын, ой-өрісін, шығармашылық қабілетін дамытатын ойын түрлерін, сондай-ақ интербелсенді оқыту технологиясының әдістерін пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыруды мақсат етеміз.



Кезеңдер



Қолдануға тиімді тәсілдер

Проблема айқындау

Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Алдын-ала берілген атаулар, Үлкен шеңбер, Атаулар туралы үш сұрақ, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу, Венн диаграммасы, Бестармақ

Проблема шешу

Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Кең ауқымды лекция, Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою, Постер құрастыру, Слайд жасау, Бірін-бірі оқыту, Қос жазба күнделігі, Үш жазба күнделігі, INSERT, Жигсо, Үш қадамды сұхбат, Топтық зерттеу

Проблема шешімін қолдану

Ой қозғау, Т-кестесі, Болжау, Кластер, Оңай және қиын сұрақтар кестесі, Ойлан, жұптас, пікірлес, Еркін жазу, Білемін, білгім келеді, білдім, Дөңгелек үстел, Үш қадамды сұхбат, Пікірталастар (Торлы талқылау, Академиялық дау-дамай, Бұрыштар), Топтық зерттеу, Эссе, Үлкен шеңбер, Аквариум, Бестармақ, Галереяны шарлау, Қос шеңбер

Студенттер мәтінді оқығанда жекелей мынадай кестені толтырып отыруы керек:



V

+

-

?

Бұрыннан білемін

Мұнда оқушылар мәтінде кездескен бұрыннан білетін мәліметтерді келтіреді



Жаңа ақпарат

Бұл жерде оқушылар осы мәтінде жаңадан білгенін жазады



Менің ойлағаныма қайшы, кереғар
Мұнда оқушылар бұрынғы білімдеріне қарама-қайшы мәтінде келтірілген мәліметтерді келтіреді(«мен бұрын басқаша ойлайтынмын, сөйтсем олай болмай шықты»)

Келісе алмаймын, білгім келеді
Бұл бағанда оқушылар өздері келіспейтін немесе түсініксіз болған, тағы да білгісі келетін мәтіннің тұстарын жазады

Әрбір интербелсенді оқыту технологиясының әдістерін пайдаланғанда тарих сабақтарынан белгілі бір тақырыптар қамтылады. Мысалы, «Қазақ Хандығының құрылуы»тақырыбы бойынша «Екі жақты күнделік», «Ой шақыру», «Венн диаграммасы», «Топтастыру», т.с.с. әдіс-тәсіл түрлері пайдаланылады.
Тарих сабақтарының халқымыздың өткені, бүгіні, келешегі туралы студентке жүйелі білім беруде тәрбие–танымдық мүмкіншіліктері мол десек, Қазақстан тарихын оқып үйрену барысында студенттердің өздік жұмысын мынадай түпнұсқалармен:
а) Оқулық;
ә) Тарихи көздер мен материалдар: деректер, құжаттар, фотоқұжаттар, статистика, көркем әдебиет және басқалар;
б) Анықтамалық, қоғамдық – саяси, ғылыми –көпшілік әдебиеттер;
в) Күнделік бұқаралық ақпарат құралдары және баспасөз материалдары;
г) Иллюстрация, нобай, диаграмма, кесте, аппликация;
д) Жұмыс дәптерлері;
ж) Компьютермен, электронды оқулықпен және басқалармен ұштастыруға болады.
Тарихты оқып–үйренуде оқытушы басшылығымен студенттер шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді. Оқулық мәтінін түсінуге, оны оқуға, оқығанын есінде сақтап қайта әңгімелеп беруге, түрлі құжаттардың жай және күрделі жоспарын жасауға, тезис, конспект, реферат жазуға үйренеді, оқыған материалды саналы әрі берік меңгеруге тырысады.
Мысалы: Сабақта «Қазақ Хандығының құрылуы» тақырыбын өткенде «ой шақыру» әдісін тиімді қолданамыз. Студенттердің «Хандық, хан, мемлекет» сөздерінің мағынасын қалай түсінетіндіктері бойынша өз ойларын ортаға салуға ұсынылады. Студенттердің өз ойларын ортаға салу арқылы тақырып меңгертіледі. Немесе “Даталар сөйлейді” әдісі бойынша қазақ Хандығының құрылуы туралы жазылған тарихи деректерді талдау жұмысы жасалады.

  1. 1445, 1456, 1465, т.б.

Хан сөзіне «Топтастыру» стратегиясы бойынша ортақ жауап шығарылып, талдау жасалады.



Керей мен Жәнібек

“Венн диаграммасы” арқылы студенттер хандар арасындағы байланыстарды айқындай білуге дағдыланады.


Сабақ соңында студенттерден өзара кері байланыс арқылы қорытынды жасаймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет