Семинар Тақырыбы: «Музыкалық кәсіби білім беруде жаңа инновациялық тәжірибелермен бөлісу»



бет8/19
Дата28.01.2018
өлшемі5,64 Mb.
#34551
түріСеминар
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19


- Ендеше тапсырманы қалай орындағанымызды тексерейік .

- Бағалау №2 Бағалау нормасы.

- Тақтада «Қобыз» аспабына қатысы бары да, қатысы жоқ та сөздер берілген. Қатысты сөз болса, қатысы жоқ сөз болса, таңбасымен белгілейміз.

1. Ысқыш


2. Тілшікті

3. Үрмелі

4. Имек мойынды

5. Бес ішекті

6. Төрт ішекті

- Жазған ойларын сұрап № 3 бағалауын айту.

- Бүгінгі сабағымызды «Бекіту тестімен» қорытындыласақ.

Тест тапсырмаларының нәтижесін оқушылар бір- бірінің орындаған жұмысы бойынша бағалады, мұғалім сабақтың басында берілген өз- өздерін бағалау жөніндегі парақтары бойынша оқушылардың өз пікірлерін ортаға салды. Сөйтіп, бұл сабақта оқушыларға екі баға қойылды. Үй тапсырмасын беру: 64, 65 бет (оқулық). Ықылас туралы аңыздарды оқып келу. 



28
Қобыздың тарихы

Мәдениетіміздің жарқын көрінісінің бірі – төлтума қобыз дәстүрі. Қобыздың көнелігі мен жетекші аспап ретінде алдымен ауызға алынатындығы және оның қасиетін жан-жақты суреттейтін көптеген археологиялық қазба жұмыстары мен жазба мұраларында айқын көрініс тапқан. Мұндай байырғы қыл қобыз сияқты синкреттік аспаптар көптеген түркітілдес Орта Азия, Сібір, Кавказ және Шығыс халықтарында сақталған. Ал, ішекті, ыспалы аспаптардың Отаны – Орта Азия, еуропалық скрипка аспабы қыл қобыздан бастау алған деген пікір музыкатанушы А.Мұхамбетованың ғылыми жұмыстарында кездеседі. Еліміз қобыз аспабы мен қобыз өнерін Қорқыт есімімен байланыстырады. «Қорқыт Ата энциклопедиялық» жинағына сілтеме жасасақ, қобызды аспап ретінде пайдаланып, ойнау дәстүрін Қорқыт өмірге әкелген екен.

Қобыз өнері бақсы-шамандардың ажырамас аспабына айналған, ал, бақсылық өнер Ортаазиялық көшпенді елдердің ең байырғы дін қалыбы (формасы) болғаны хақ. Төлтума қобыз дәстүрі синкреттік түрде бақсылардың ем-дом беру, жырау, ақын және музыкант сияқты қызметтерінде қалыптасқан. Қорқыт музыкасын да көшпенді елде ғасырлар бойы сақтап келген бақсы-жыраулар еді. Олардың істеген кәсібі, әдеті, дағдысы – музыканы жан-тәнімен сүюі. Бақсылар, ақын-жыраулар Қорқыттың қобызына қосып, сарын айтатын, қобызбен боздатып күй тартатын. Сондықтан, ерте заманда қазақ бақсылары, отандық ғалым Ә.Марғұланның пайымдауы бойынша: өзінің білімімен керемет ой иесі атанған, олар жәй адамнан анағұрлым биік тұрған. Олар – әрі ақын, әрі сазгер, әрі сәуегей, оның үстіне, емші. Елдің көбі ақын бола алмайтыны сияқты, қазақтың бәрі бірдей бақсы бола алмаған. Ғалым Ә.Қоңыратбаевтың пікірінше, «Бақсылар сарынында магия, шаман, ислам ұғымдары араласып жатады. Соның ішінде, ата-баба, батырлар әруағына сыйыну сарыны күшті. Бақсылар сал, сары ауру кеселдерін емдегенде, өздерін сары жирен атқа мінген, барлық киелі күштердің тілін білетін адамдар ретінде ұстаған. Бақсылық сарындардың тілі де халық поэзиясына жақын».

Бертін келе, халық арасында бақсылардан басқа музыкалық дарыны жоғары күйші-қобызшылар да белгілі болған. Мысалы, Ықыластың жеті атасына дейін шебер қобызшылар болғаны тарихтан белгілі. Ықылас Дүкенұлының шығармашылығында аңыздар мен жаңа тақырыптар, сюжеттер игеріле бастаған. Мұнда ойнау барысында алуан түрлі иірімдер қосылып, ойнау әдістері жаңартылып, көне аспап жаңа деңгейге көтерілді. Өкінішке орай, XІX ғасырда Қазақстанда әр салада жүргізілген алуан түрлі жаңа бастамалар өзінің кері әсерін бақсы-шамандардың өнері мен қобызға тигізген. Әртүрлі ауруды емдейтін, қобыз аспабынсыз жүрмейтін бақсылық процесс сол кездерде терең дағдарысқа ұшырады. Нәтижесінде XX ғасырдың басында бақсылық өнер мен қобызда тартылатын шағын сарындар мен күйлер жойылып кете жаздап, Қорқыт пен Ықыластың (1843-1916) санаулы ғана шығармалары біздің дәуірге жеткен. 30-шы жылдардың ортасында көрнекті тұлға, академик, музыкатанушы А.Жұбановтың басшылығымен мәдениетімізде басталған өзгерістерге байланысты, санаулы күйшілерді жинауға мүмкіндіктер туды.

5

Осы салада қобыз дәстүрін мұқият сақтап келген санаулы қобызшыларымыз Ж.Қаламбаев (1909-1969) пен Д.Мықтыбаевтың (1905-1976) еңбектері орасан зор. Осы уақытқа дейін олар қыл қобызда ойнаудың әдіс-тәсілдерін, техникалық мүмкіндіктерін күрделендіре дамытып келді. Сөйтіп, ұмытылып кете жаздаған қыл қобыз өнері өз жалғасын 60-шы жылдары тапты. Сол жылдары белгілі композитор, халық әртісі Е.Рахмадиевтың басшылығымен Алматыдағы Құрманғазы атындағы консерваторияда қыл қобыз сыныбы ашылды. Дәстүрлі аспап қайта жаңғыртылып, даму жолына түсті. Нота сауатын білмесе де, Ж.Қаламбаев пен Д.Мықтыбаев консерваторияға шақырылып, қобызда ойнау дәстүрін жалғастырып, шәкірттер тәрбиелей бастады.


Академик, өнертанушы А.Жұбановтың жетекшілігімен халық аспаптар оркестрі жоғары орындаушылық шеберлікке көтерілді.

Халықтың ұлттық ішекті-ысқышты аспаптарының барлығының дыбысталу сапасы жақсарды. Бұл – оркестрдің үлкен концерттік залдар мен ашық алаңдарда тамаша өнер көрсетуіне мүмкіндік жасады. Жаңа музыкалық аспаптар енгізу арқылы оркестр құрамы көбейді. Партитураның дамуы мен кеңеюі – орындаушылық шеберліктің өсуіне ықпал етіп, оркестрдің кәсіби деңгейі көтерілді. 1952-56-шы жылдары сым қобыз аспа­бы­ның диапазоны мен әуен аясын одан әрі кеңейтуге бар күш-жігерін жұмсаған республикаға еңбек сіңірген ұстаз, үлкен орындаушылық тәжірибесі бар Д.Тезекбаевтың (1920-2006) еңбегі орасан зор. Жаңартылған сым қобыз, альт қобыз, бас, контрабас қобыздар оркестрдің құрамында негізгі музыкалық аспаптардың қатарынан орын алып, маңызды рөл атқарды.

Сондықтан, халық аспаптар оркестрінде ішекті, яғни, қобыз тобы негізгі құрал саналып, оркестрдің кең ауқымын қамтыды. Бұл жағдай оркестр ұжымының алдына жаңа мақсат-міндеттерді қоюын талап етті. Қобыз аспабының оркестр үшін рөлі өте маңызды болды. Б.Ғизатов «Казахский оркестр им. Курмангазы» атты еңбегінде қобыздың оркестрдегі маңызды рөлі туралы былай дейді: «Сым қобыз ыспалы-ішекті аспаптар тобына кіреді. Халықта кең тараған кварта-квинта бұрауына бұралатын қобыз екі қыл ішегінен тұрады. Оркестрдің сұранысы бойынша пайда болған аспап сыртқы құрылысы жағынан жаңа формаға ие болып, дыбысы анық, қанық шығатын болды. Сым қобыздың бір ерекшелігі – дыбысында. Жақсы аспапшының қолында қобыздың дыбысы адам дауысына ұқсас болып келеді. Бұл аспапта күрделі, техника жағынан қиын шығармалар орындауға мүмкіндік туды». Осылайша дауысы жоғары, дыбыс бояуы қобыз бен скрипканың үн аралығындағы жаңа аспап – сым (прима) қобыз сахналық өмірге келді. Осы өзгертіп, жетілдірілген қобызда ең бірінші болып, белгілі қыл қобызшы Ж.Қаламбаев ойнады. Ол көптеген дарынды қобызшыларды дайындады. Олардың ішінде Г.Баязитова, Ф.Балғаева, А.Жаманшалова, З.Бейсембаева, Д.Тезекбаев, т.б. болды.

Алғашқыда оның оқыту әдісі оқушының есту қабілетіне және ұстаздың нақты қолына қарап, есту арқылы қабылдауына байланысты болды. Оркестр құрамындағы бастаушы орындаушылар сол кезде нота сауатын білмегендіктен, көбісі дирижёрдің қолына қарап үйренген.

6

Қарақожаұлы Қорқыт ата VIII- IX ғ. қазіргі Қызылорда облысының Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында жаңа Кент қаласында өмір сүрген. 


Қорқыт - ата ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған. Тарихи жазба мәліметтер бойынша Қорқыттың әкесі - Қарақожа оғыз тайпасына жататын, Баят дейтін рудан шыққан, aл шешесі - қыпшақ қызы. Оның туған жері - бүгінгі Қостанай облысының Аят өзені. Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңызға айналған атақты Желмаяны оған шешесінің жақын туыстары сыйлаған. 
Әртүрлі аңыз әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әртүрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде 195, тіпті 400 жыл жасаған деген болжамдар бар. Қорқыт адам үшін мәңгілік өмір іздеген, бірақ ол өлімнен қашып қайда барса да, алдына қазулы көр күтіп тұрады. Адамның ажал құрығынан құтыла алмайтынына қапаланып, кайғы кешкен Қорқыт қарағайдан қобыз жасап, күй толғайды. Күндердің бір күнінде сиқырлы қобыздың, сырлы үнімен қайғыны алыстата отырып қажыған соң қалғып кетеді. Сонда қобыздың күйі тоқтайды. Осы сәтті аңдып тұрған жылан білінбей жорғалап барып, Қорқытты шағып алады. 
Шығарған күйлері: “Арыстан баб” , “Ұстаз”, “Аққу”, “Башпай”, “Желмая”, “Қоштасу”, “Елім ай” т.б. Ел ауызында Қорқыт туралы аңыз әңгімелер көп сақталған. Ертегі, дастан, өлең түрінде де кездеседі. Солардың ішінде: “Қорқыттың өмірге қарсы тұруы”, “Қорқыттың өлімнен қашуы”, “Қорқыттың өлімі”, “Қорқыт әулие” жәнет.б. 
Қорқыт ата – VIII ғасырда Сырдария өзенінің бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген данагөй көріпкел, асқан күйші, бақсы, жыршы, ел басқарған көрнекті қайраткер. Қобыз аспабын алғаш ойлап тапқан, ұрпақтарға «Желмая», «Ұшардың ұлуы», «Әуппай», «Аққу», «Елім - ай!», «тарғыл тана» күйлерді қалдырған ұлы өнерпаз қобызшы, күй атасы.
"Ұшардың ұлуы". Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын "Ұшар" деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдеп - ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласынан қалған көз – тазыны іздесе, ол үшті - күйлі жоқ болып шығады. "Ескі жұртта қалған шығар" - деп, ана бұрынғы қоныстарына қайтып келсе, айтқандай - ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай - сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып отыр екен. Мұны көрген анасы да: Жалғызымнан айрылдым, Қанатымнан қайрылдым, Ұшар, Ұшар кә, кә... - деп аңырайды. Иен далада жалғызының артында қалған ана мен иесінің айрылған тазы – екеуі қос мұңлық қосылып күңіренеді. Қорқыттың осы оқиғаға байланысты тебіреніп шығарған күйі "Ұшардың ұлуы" деп аталады.

27

Сабақтың типі: шығармашылық.



Сабақтың түрі: танымдылық, аралас.

Сабақтың әдісі: рейтинг, рефлекция, СТО әдістері: галерея, БҮҮ, болжау, ой қозғау, бекіту тест.

Сабақтың көрнекілігі: бейнетаспа, үнтаспа, музыка аспабы.

Пәнаралық байланыс: домбыра, бас қобыз, прима домра, өнер.

Сабақтың жүрісі:

1. Музыкалық сәлемдесу.

- Қазір «Қобыз» сабағы. Бүгінгі сабақта «Рейтинг» тәсілімен жұмыс жасай отырып, білімдеріңізді өздеріңіз бағалап отырасыздар. Сондықтан да сіздердің бүгінгі сабақтарыңызға сәттілік тілеймін.

- Біз осы тоқсанда қандай шығармаларды өтудеміз?

- Ендеше осы тарау бойынша «Композиторлар галереясына» шолу жасайық.

Қазір мен қоятын сұрақтарға байланысты «Тұлғаны танып» дәптерлеріңе белгілеп отыруды сұраймын. (сұрақтар оқылады).

- Күйші - композиторларды белгілеп алдық па? Ендеше білімдерімізді тексеріп көрелік. 1 - ші сұрақ қай күйшіге арналған еді?

(Осы ретпен 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 сұраққа жауап алу)

- Берген жауаптарыңа қарап өздеріңді бағалап бағалау бетшесіне түсіріңдер.

(Тақтада баға нормативі тұрады)

- Бүгінгі жаңа сабағымызда қобыз дәстүріне байланысты композиторлардың шығармашылығымен танысамыз.

3. Қорқыт

4. Абыл

5. Құрманғазы



6. Қазанғап

7. Тәттімбет





26

Дүниежүзіндегі фестивальдер мен сайыстар, өнер бәсекелерінің әлденеше дүркін дипломаты, алтын медаль мен Гран-при иегерлері атанды. Ш.Қажығалиев көптеген окестрге арналған шығармаларды тұңғыш орындатып, өмірге жолдама берді. Оркестр қазақ халық күйлерімен қатар, Ресей, Батыс, Шығыс елдерінің небір күрделі шығармаларын, симфониялық увертюралар мен үзінділерін орындай бастады. Олар М.Глинканың «Вальс-фантазиясы», И.Брамстың «Венгір биі», Ж.Бизенің «Кармен» операсына кіріспесі, т.б. көптегеншығармалар.Бертінде оркестрге халық күйлерінен басқа, отандық композиторлар арнайы шығармалар жаза бастады. Атап айтсақ, М.Қойшыбаевтың «Жастар», «Аққу», «Советтік Қазақстан», «Құрманғазы», «Туған өлке» поэмалары мен «Қызыл құм» атты музыкалық суреттемелер, С.Мұхамеджановтың «Дауыл», «Шаттық отаны», Н.Тілендиевтың «Бостандық таңы», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет», «Еңбек қуанышы», «Алтын дән», «Қайрат», М.Маңғытаевтың «Концерттік күйі», К.Күмісбековтың «Қорқыт туралы аңыз», «Фараби сазы», «Ықылас туралы аңыз», «Дала сыры», «Кербезім» атты поэмалары үлкен монументальдық шығармаларға айналды. Сондай-ақ, Е.Рахмадиевтың «Дайрабай», «Құдаша-думан», Т.Қажығалиевтың «Қыз қуу» сияқты симфониялық шығар­малары мен күйлері дүниеге келіп, репертуарлар молайды.Қазіргі уақытта көптеген оқу орындарында, музыка колледждерінде, консерватория мен музыка академиясында қобыз сыныптары ашылып, шәкірттер тәрбие алуда. Халықтың және кәсіби музыканттардың арасында қобызда орындаушылық ерекшеліктерінің сақталуы аспаптың өмір ағымының өзгерістеріне бейімділігінің арқасы ретінде бағаланады. Еліміз егемендік алғалы халық бұрынғы-кейінгі бағдарына байыпты қарай бастады. Ұмыт бола бастаған тарихи мұраларды жаңғыртуға бет бұрды. Елбасымыз негізін қалаған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында музыка өнері құнды деректермен толықтырылды. Болашақ ұрпаққа атадан қалған мұраны жеткізуге мүмкіндіктер туды.Қобыз – халқымыздың ұлттық аспаптарының ішін-дегі ең көне аспап. Х-ХІ ғасырларда өмір сүрген Қорқыт ата дәуірінен бері қылқобыздың сарыны үзілмей келеді. Қылқобыз – екі ішекті, ыспалы музыкалық аспап.Жалпы, ұлттық аспаптар-дың ішінде қобыз үнге бай, киелі, қасиетті деп танылады. Сонымен қатар, қанша ғасырлар қойнауынан жетсе де қобыздың бұрынғы түрі мен қазіргі түріндегі үні бір сарынды. Себебі, оның ішегі ықылым заманнан бері жылқының қылынан тартылып келді һәм ысқышы да қыл. Оның қылқобыз аталуы да сондықтан. Қобызды ертеректерде де әр шебер жергілікті жердің ағашынан шауып отырған болуы керек. Өйткені, бүгінгі күні мұражайлардағы ертеден жеткен қобыздарды қарасағыз, негізінен қарағайдан шабылған байқайсыз. Бір есептен ол кезде аса бір ағаштан түйін түйген ұсталар болмаса, үйеңкі секілді қатты ағаштардан шабатын қазіргідей құрал-жабдық болған жоқ. Оның үстіне қобыздың мойынына аса салмақ түспейтіндіктен, қарағай, терек, қайың секілді жұмсақ ағаштар жарай береді. Әйтсе де, домбыраға қарағанда қобыз жасау қиындау. Мәселен, қобызды алдымен тұтас бір ағаштан шауып, ойып алады. Содан кейін бетіне тері тартылады.

7

Неге десеңіз, үлкен малдың терісі қалың болып келеді де, оны жұқарту да қиынға түседі. Алайда, ботаның терісін табу қиын. Өйткені, елімізде «ойсыл қараның» тұқымы да азайып барады. Сондай-ақ, түйенің төлін баласындай аялаған қазақ өзі аз ботасын сойып бермейтіні де анық. Сондықтан қобыздың бетіне көбінесе ешкінің, бұзаудың терісін илеп тартып жатады. Қазіргі күні шабылып жатқан қобыздың дені негізінен, кәдімгі қылқобыз. Одан үлкендеу түрі «альт» деп аталады. Содан кейінгісі екі ішекті қылқобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – «нар қобыз». Кейіннен «примақобыз» деген түрі қосылды. Бұл негізінен скрипкаға ұқсас, оркестрде ойнағанда даусы күштірек шығады. Скрипка ұлттық аспаптарға кірмейтін болған соң скрипканың дыбысын берсін деген мақсатта шығарылған. Бірақ, таза скрипканың даусы болып кетпес үшін бетін жартылай терімен, жартылай ағашпен жапқан. Сол себепті ол қоңырлау дыбыс береді.



Каталог: uploads -> doc -> 032f
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
032f -> Ғылыми кеңесші: Абилова Орынгүл Асылбековна Жұмағалиева Абилкан Аскармауытовна
032f -> Сабақтың тақырыбы: Циклдің алғы шарты. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет