Семинар тақырыбы: Оқушылармен сыныптан тыс жұмыс істеу. Студенттерге сыныптан тыс атқарылатын жұмыстарға оқушылардың қызығушылығын арттыру


Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі68,5 Kb.
#91809
түріСеминар
1   2   3   4
Байланысты:
Педагогика Семинар 10 апта
ПИЗА
Тәлім-тәрбие психологиясының келесі тармақтары бар:


1) Оқыту психологиясы — дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің жекелеген әдістеме мәселелерін, бағдарлап оқыту мен балалардың ақыл-ойын дамыту сияқты өзге де мәселелерімен айналысады.
2) Тәрбие психологиясы — гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді іздестіреді.
Бұлардан басқа мұғалімдер психологиясы, кемтар балаларды (ересектерді де) оқытып тәрбиелеу мәселелерін қамтиды.


Педагогикалық психология — балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері туралы білімдерді қарастыратын, сондай-ақ мұғалімдердің, тәрбиешілердің, ата-аналардың, педагогикалық топтар мен ұжымдардың іс-әрекетінің психологиялық негіздерін зерттейтін психология ғылымының саласы. Педагогикалық психология терминін орыс педагогі П.Ф. Каптерев (1849-1922) енгізді. Педагогикалық психология қалыптасуына ХЫХ ғ, ортасындағы сараптау психологиясы тікелей ықпал етті. Педагогикалық психология педагогика мен балалар психологиясымен дифференциалдық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психология құрылымы үш бөлімнен тұрады: тәрбие психологиясы, оқыту психологиясы, мұғалім психологиясы. Психологиялық-педагогикалық зерттеу нәтижелері білім беру әдістерімен мазмұнын құрастыру кезінде, оқу құралдарын жасауда, диагностика құралдары мен психикалық даму түзетімін тексеруде қолданылады. Педагогтың жұмыс істеу стилі — педагогикалық үрдісте жетекшілердің оқушылармен қатынас жасау әдістерінің жиынтығы, педагогикалық жұмысқа теориялық және тәжірибелік дайындалудың бірлігі де педагогикалық психология қарастыратын мәселелерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет