Семинар (тәжірибелік) сабақтары: 0 БӨЖ: 70 боөЖ: 35 Емтихан: 1, семестр Семей 2019 Алғы сөз


Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер



бет2/10
Дата28.04.2020
өлшемі54,36 Kb.
#64987
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.1. Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер

Оқытушының аты-жөні, тегі: Кариева Тоты Амангельдыевна

Ғылыми дәрежесі, атағы, лауазымы: т.ғ.к., қауымд. профессор м.а.

Факультет, кафедра: гуманитарлық, тарих және саясаттану кафедрасы

Байланыс ақпараты – тел.: 36-02-25(2), № 1оқу корпусы, кабинет 1006.
1.2 Пәннің қысқаша анықтамасы

1. Осы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» жалпы білім беру пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы (әрі қарай – бағдарлама) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесінде Заңының 5-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқытудың мақсатын, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын, әдістерін айқындайды.

2. Осы бағдарлама Қазақстанның қазіргі заман тарихын зерделеу негізінде алынған білім арқылы, студенттің тарихи санасын қалыптастыруға арналған. Қазақстанның қазіргі заманғы тарихының көп қырлылығы мен тарихи маңызы сонда, мемлекеттің біртұтас сипатын көрсету, қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық идеология, азаматтардың жасампаздық белсенділігін дамыту, елдің зияткерлік әлеуетін көтеру осы пән шеңберінде жүзеге асады. Қазақстан қоғамының алға қойған мақсаттарының сәтті жүзеге асырылуы үшін рухани негіз қажет. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тарихи және мәдени дәстүрлердің сабақтастығына негізделетін қоғамдық сананы жаңғыртудың механизмдерін айшықтап береді.

3. Жоғарғы білім берудің білім беру бағдарламасының құрылымына сәйкес осы бағдарлама бойынша оқу ұзақтығы 150 академиялық сағатты (5 академиялық кредит) құрайды.

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні білім алушыларды дайындау барысында маңызды орын алады және – тарих емес мамандықта оқитын студенттер үшін міндетті пән болып табылады (ОК-МК).

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәнінің оқу бағдарламасы (силлабус) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілген құжаттардың негізінде әзірленді:



  • Ұсынылып отырған Жинақта Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беру пәндері циклінің үлгілік оқу бағдарламалары қамтылған.

  • Үлгілік оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 603 бұйрығымен бекітілген.

«Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні болашақ маманның жалпы білім фундаментін қалайды, ғылыми көзқарасын қалыптастырады және ойлау қабілетін дамытады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет